Тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар жұптарға бөлінеді. Оқушылар алдыңғы білімді жаңғырту мақсатында «Неліктен біз үздіксіз тыныс аламыз және тыныс шығарамыз?» деген сұраққа жауаптарын талдайды. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Мәтінмен танысу арқылы тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамының өзгері себебін анықтайды. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсына отырып, оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау керек.

 Сабақтың орта кезеңінде оқушылар ауа құрамындағы заттарды анықтау үшін тәжірибе жасаулары қажет. Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, жауаптарын талдау қажет. Содан кейін мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, тыныс алғандағы және шығарғандағы ауа құрамындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік беру қажет. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекітуге арналған деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың қабілеттеріне байланысты ұсынылады.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Бағдаршам» деп аталатын әдіс бойынша дәптерге жазбаша рефлексия жасауы қажет. Өз қалаулары бойынша оқушылар пікірлерімен бөлісе алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу