Тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


Қосымша 1

Мәтін «Не үшін біз тыныс алуымыз керек?»

Ағзадағы әрбір жасуша жұмыс істеуге қажетті энергия бөлу үшін тыныс алады. Тыныс алу кезінде ауадығы оттегін сіңіріліп, көмірқышқыл газы сыртқа шығарылады, сондықтан біз қанымызға оттегіні енгізу үшін және одан көмірқышқыл газын шығару үшін тыныс аламыз. Біз дем алатын ауа 21% оттегіден тұрады, ал дем шығарған кезде түзілген ауа құрамында 16-17% оттегі болады, бұл оттегінің ағзамен жұтылып, қолданысқа ие болғандығын көрсетеді.

Қосымша 2

Үздіксіз тыныс алу және тыныс шығару арқылы өкпедегі ауа жаңарып тұрады да, оттегінің концентрациясы жоғары деңгейде болады, ал альвеоладағы көмірқышқыл газының концентрациясы төмен деңгейде болады. Диффузия градиенттері сақталатындықтан, газдар үздіксіз қанға тез таралып, тез шығып отыратынын талдайды.

Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамы

Газдар

Тыныс алғандағы ауа құрамы( %)

Тыныс шығарғандағы ауа құрамы (%)

Оттек

21

16

Көмірқышқыл газы

0,03

4

Азот

79

79

Қосымша 3

1-топ. Оттекті салыстыру: Алдымен бос стақанды немесе банканы май шамның үстінде орналастыру керек. Содан соң төңкерілген стақанды немесе банканы түтіктің көмегімен дем шығарған ауамен толтырады. Стақанды абайлап, жағылған шамға жауып, оның қанша жанатынын белгілеу. Таза ауасы бар стақанмен тәжірибені қайталау. Майшамның жану ұзақтығы арқылы қай ыдыстағы ауада оттегі көп болғанын анықтау.

2- топ. Көмірқышқыл газын салыстыру:

Тыныс шығарғандағы ауаны ізбесті суы бар стақанға бағыттау керек, таза ауаны ізбесті суы бар басқа стақанға бағыттау керек.

3- топ. Суды салыстыру: үстелдің үстіне құрғақ кобальт хлориді қағазының 2 жолағын қою керек. 1-ші жолаққа тынысшығару керек.

4- топ. Энергияны салыстыру: термометрді үстелдің үстіне қойып, температураны жазып алу, сонан соң оған тимей термометрге тыныс шығару.

Қосымша 4

Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы

ауа құрамындағы ұқсастық пен айырмашылықтар

Тыныс алу

Тыныс шығару

Ұқсастықтар

Айырмашылықтар

Қосымша 5

«Бағдаршам» әдісі

Қызыл – «Мен ешнәрсе түсінбедім»

Сары – «Менің сұрақтарым бар ...»

Жасыл – «Мен барлығын түсіндім»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу