Тамақтану рационы. Aзық-түлік өнімдердегі органикалық заттар. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация.


Тірі ағзалара тән үдерістер

6.4.2.4 толыққанды тамақтану рационын құру

6.4.2.5 азық-түлік өнімдердегі органикалық заттардың болуын тестілеу

Азық-түлік өнімдерін заттаңбаларындағы(этикетка) ақпараттар бойынша топтастыр

Азық-түлік өнімдерін құрамына қарай топтастыр

Сабақтың мақсаты:

тағамның құрамындағы адам ағзасына қажетті заттармен танысу;

қоректік заттардың тәуліктік мөлшерін анықтау;

азық-түлік өнімдерінің құрамында органикалық заттардың болуын анықтау;

сапалық реакциялардың нәтижесін талдау.

Бағалау критерийлері:

Ағза үшін көмірсу, нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, жасунық және су маңызын түсіндіреді.

Тағам құрамындағы энергия мөлшерін есептейді.

Энергия мөлшері мен қоректік заттардың мөлшерін байланыстырады.

Азық-түлік өнімдердегі органикалық заттарды атайды;

Азық-түлік өнімдердегі органикалық заттардың болуын тестілеуге қоланатын реакциялармен танысады;

Сапалық реакциялардың ерекшеліктерін сипаттайды.

Пәндік лексика және терминология:

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Азық-түліктің құрамында глюкоза болса, онда ... ерітіндісін қосып, 800 С- қа қыздырғанда ... түске боялады.

Құрамында крахмал болса, онда ... тамызғанда ... түске боялады.

Азық-түліктің құрамында май болатын болса, онда ... араластырғанда ерітінді ... .

Нәруыз бар болса, ерітінді ... реакциясының нәтижесінде ... түске боялады

Тағам құрамында су және энергия бар екендігін қалай анықтауға болады?

Негізгі тамақтану рационы

Негізгі тамақтану рационы - ағзанының тіршілігін сақтау үшін қажетті қөректік заттардың жиынтығы.

Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмашылығы болады. Дұрыс тамақтану өсіп келе жатқан жас ағзаға тек өмірлік үдерістерді қолдау үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл ағзаның өсуі, дамуы, қалыптасуы үшін қажет.

Дұрыс тамақтану міндетті түрде үйлестірілген болуы керек және құрамында барлық қажетті қоректік заттар болуы тиіс. Тамақтану рационын құрастыру барысында дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаты жынысы, жасы және кәсібіне байланысты бейімделуі қажет. Осы сипаттамаларға сәйкес келетін тамақ рационы ағзаның дұрыс дамуының, өсуінің және қызмет етуінің кепілі болып табылады.

Тағам құрамындағы су және энергия

Энергия

20cм3 суды жуан түтікке құйып, судың температурасын өлшеңіз. Белгілі мөлшердегі тағам массасын газ жаңғыштың (горелки) үстіне ұстап, жанып жатқан өнімді жанып біткенше сынауық астында ұстаңыз. Содан соң судың соңғы температурасын және қалдық заттың массасын өлшеңіз.

Су

Белгілі мөлшердегі тағам массасын шыны ыдысқа салып қыздырып, су тамшыларының пайда болғанын көрсетіңіз.

Сапалық реакциялар

Топтық жұмыс

I топ – тауық еті сорпасы құрамындағы затты анықтайды.

II топ – алма шырыны құрамындағы затты анықтайды.

III топ – сүттің құрамындағы затты анықтайды.

IV топ – картоп сығындысы құрамындағы затты анықтайды.

Зертханалық жұмыс нәтижесі бойынша, май, нәруыз және көмірсуы көп мөлшерде болатын тағам түрлері тізімін құр.

Өзара бағалау жүргізу

Рефлексия «Аяқталмаған  сөйлемдер»

Мен бүгін білдім... .

Мен бүгін сезіндім... .

Мен келесі сабақта білгім келеді............. .



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу