Тамақтану рационы. Aзық-түлік өнімдердегі органикалық заттар. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

6.3А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тамақтану рационы

Aзық-түлік өнімдердегі органикалық заттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.4 толыққанды тамақтану рационын құру

6.4.2.5 азық-түлік өнімдердегі органикалық заттардың болуын тестілеу

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • тағамның құрамындағы адам ағзасына қажетті заттармен танысу;
  • қоректік заттардың тәуліктік мөлшерін анықтау;
  • азық-түлік өнімдерінің құрамында органикалық заттардың болуын анықтау;
  • сапалық реакциялардың нәтижесін талдау.

 Бағалау критерийлері:

Ағза үшін көмірсу, нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, жасунық және су маңызын түсіндіреді.

Тағам құрамындағы энергия мөлшерін есептейді.

Энергия мөлшері мен қоректік заттардың мөлшерін байланыстырады.

Азық-түлік өнімдердегі көмірсу, май және нәруызды атайды;

Азық-түлік өнімдердегі органикалық заттардың болуын тестілеуге қоланатын реакциялармен танысады;

Сапалық реакциялардың ерекшеліктерін сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Азық-түліктің құрамындағы органикалық заттарды анықтап, сапалық реакциялар нәтижесі бойынша жазбалар жасап, есеп дайындай алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

нәруыз, глюкоза, крахмал, май, Бенедикт ерітіндісі, Биурет реактиві, йод ерітіндісі, этанол

Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

Нәруыз ... атқарады, себебі ...

Крахмал ... атқарады, себебі ...

Глюкоза(қант) ... атқарады, себебі ...

Майлар ... атқарады, себебі ...

Азық-түліктің құрамында глюкоза болса, онда ... ерітіндісін қосып, 800 С- қа қыздырғанда ... түске боялады.

Құрамында крахмал болса, онда ... тамызғанда ... түске боялады.

Азық-түліктің құрамында май болатын болса, онда ... араластырғанда ерітінді ... .

Нәруыз бар болса, ерітінді ... реакциясының нәтижесінде ... түске боялады

 Құндылықтарды дарыту

 

Жұпта және топта жұмыс істеу барысында ынтымақтастық, өзіне және басқаларға құрметпен қарау, академиялық адалдық - өз бетімен жұмыс істеу, ашықтық - оқушылар сабақтың мақсаттарын және міндеттерін өз бетінше анықтай алады.

 Пәнаралық байланыстар

азық-түлік өнімдерінің бірнеше заттаңбаларын (этикетка) пайдаланып, тағамның құрамында адам ағзасына қажетті заттарды анықтауда химиямен байланыс орнатылады.

Тағам құрамында энергия бар екенін көрсету үшін физикамен байланыс орнатылады.

Бастапқы білім

Оқушылар 5 – ші сыныпта энергия түрлерімен танысты. Оқушылар термометрді пайдалана отырып температураны өлшей алады. Бастапқы білімді жаңғырту жұптық жұмыс барысында азық-түлік өнімдерін заттаңбалары бойынша топтастыру арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-10

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар жұптық жұмыс барысында соңғы үш күнде жеген тағамдарының тізімін жасайды және ол тізімдегі тағамдарды құрамы бойынша топтастырады.

Тағамның құрамында адам ағзасына қажетті заттар: көмірсу, нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, жасунық және су болуы керектігін түсіндіреді.

Нәруыз, май және көмірсулардың негізгі көздері болып табылатын азық-түлік өнімдеріне мысалдарды көрсету арқылы алдыңғы білімдерін жинақтайды.

Дескрипторлар

 Оқушы

Тізімдегі тағам өнімдерін құрамы бойынша топтастырады;

Ағзадағы түрлі қызметтер үшін азық-түлік өнімдерінің маңызын түсіндіреді.

Нәруыздың негізгі көздері болып табылатын азық-түлік өнімдеріне мысалдар ұсынады.

Көмірсулардың негізгі көздері болып табылатын азық-түлік өнімдеріне мысалдар келтіреді.

Майлардың негізгі көздері болып табылатын азық-түлік өнімдеріне мысалдар келтіреді.

2. Ой шақыру.

Тамақтану пирамидасындағы деңгейлер бойынша пікір алмасады, себебін түсіндіреді.

Тағам өнімдерінің құрамындағы заттарды қалай анықтауға болатындарын болжайды.

3. Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың ортасы

10-15

15 - 20

20 - 32

32-37

4. Оқушылар тағам құрамында су және энергия бар екендігін қалай анықтауға болатынын болжайды. Оқушылар мәтінді пайдалана отырып,тағамда энергия және су бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдейді.

1 топ: 20cм3 суды жуан түтікке құйып, судың температурасын өлшеңіз. Белгілі мөлшердегі тағам массасын газ жаңғыштың (горелки) үстіне ұстап, жанып жатқан өнімді жанып біткенше сынауық астында ұстаңыз. Содан соң судың соңғы температурасын және қалдық заттың массасын өлшеңіз.

Дескрипторлар

Оқушы

-Тағам құрамындағы энергия мөлшерін есептейді.

-Тағам құрамындағы су мөлшерін анықтайды.

5. Мұғалімнің түсіндірмесі. Мұғалім оқушыларға сапалық реакциялар туралы түсінік береді.

Азық-түліктерді тексеру үшін әртүрлі ерітінділерге белгілі бір азық-түлік түрлерін қосқанда түстің өзгеруін көрсетіңіз. Азық-түліктің құрамында крахмал бар екендігін тексеру үшін йод ерітіндісін, ал нәруызды бар екендігін тексеру үшін биурет ерітіндісін, қантты тексеру үшін Бенедикт ерітіндісін және майдың болуын тексеру үшін этанолды қолдану керек

1. Егер азық-түліктің құрамында глюкоза болса, онда Бенедикт ерітіндісін қосқанда көк түске, 800 С- қа қыздырғанда қызғылт сары түске боялады.

2. Егер азық-түліктің құрамында крахмал болса, онда йод тамызғанда қара көк түске боялады.

3. Егер азық-түліктің құрамында май болатын болса, онда этил спиртімен араластырғанда ерітінді бұлыңғырланады.

4. Егерде нәруыз бар болса, ерітінді биурет реакциясының нәтижесінде қанық көк немесе сия күлгін түске боялады.

6. Топтық жұмыс. Топтық зерттеу арқылы жүргізіледі.

Әртүрлі азық-түлік түрлері(өсімдік майы, жеміс шырыны, нан, жұмыртқа) құрамында крахмал, қант, нәруыз және майдың бар екендігіне тексеріледі.

I топ – тауық еті сорпасы құрамындағы затты анықтайды.

II топ – алма шырыны құрамындағы затты анықтайды.

III топ – сүттің құрамындағы затты анықтайды.

IV топ – картоп сығындысы құрамындағы затты анықтайды.

Әр топ тексеру нәтижелерімен өзге топ мүшелерімен бөліседі

Дескрипторлар

Оқушы

- крахмалға сапалық реакция нәтижесін таныстырады;

- қантқа сапалық реакция нәтижесін таныстырады;

- нәруызға сапалық реакция нәтижесін таныстырады;

- майға сапалық реакция нәтижесін таныстырады;

-зерттеу нәтижелерін салыстырып, ерекщеліктерін көрсетеді.

Мұғалім кері байланыс береді.

7. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар май, нәруыз және көмірсуы көп мөлшерде болатын тағам түрлерінің тізімін құрады.

Құрамы

Нәруыз

Май

Көмірсу

Тағам түрлері

Дескрипторлар

Нәруыздың негізгі көздері болып табылатын азық-түлік өнімдерін анықтайды.

Көмірсулардың негізгі көздері болып табылатын азық-түлік өнімдерін анықтайды.

Майлардың негізгі көздері болып табылатын азық-түлік өнімдерін анықтайды.

Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

Сабақтың соңы:

37-40

8. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Кері байланыс «Аяқталмаған  сөйлемдер»

Мен бүгін білдім....

Мен бүгін сезіндім..

Мен келесі сабақта білгім келеді..............-деген сөйлемдерді аяқтап жазады.

Қосымша 7

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында әрбір зерттеуді қалай жасау туралы нұсқаулықтарды қолдана отырып, зерттеулер жүргізеді. Зертханалық жұмыс барысында қиындық танытқан оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қызығушылығы жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады.

«Тағам құрамы» кестесін толтыру бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыс арқылы азық-түлік өнімдері(өсімдік майы, жеміс шырыны, нан, жұмыртқа) құрамында крахмал, қант, нәруыз және майдың бар екендігі тексеріледі. Тағам құрамындағы заттардың энергетикалық маңызын зерттеу арқылы оқушылар білімдерін тексере алады.

® = техника қауіпсіздігі ережесі

Әр түрлі тағамдарды жандыруда арнайы ыдысты пайдалану, мұнда бір шетін қысқышпен ұстап тұру қажет.

® = техника қауіпсіздігінің ережесі

Сынауықтағы суды қыздыру үшін қорғаныш көзәйнегін кию және отты пайдаланғанда сақ болу.

Этанол мен Биурет ерітіндісімен жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды қамтамасыз ету.

Қосымша 1

 

 

Қосымша 2

Қоректену приамидасы

Қосымша 3

Тағам құрамын зерттеу

а) 20cм3 суды жуан түтікке құйып, судың температурасын өлшеңіз. Белгілі мөлшердегі тағам массасын газ жаңғыштың (горелки) үстіне ұстап, жанып жатқан өнімді жанып біткенше сынауық астында ұстаңыз. Содан соң судың соңғы температурасын және қалдық заттың массасын өлшеңіз.

b) Белгілі мөлшердегі тағам массасын шыны ыдысқа салып қыздырып, су тамшыларының пайда болғанын көрсетіңіз.

Қосымша 4

Сапалық реакциялар

1. Егер азық-түліктің құрамында глюкоза болса, онда Бенедикт ерітіндісін қосқанда көк түске, 800 С- қа қыздырғанда қызғылт сары түске боялады.

2. Егер азық-түліктің құрамында крахмал болса, онда йод тамызғанда қара көк түске боялады.

3. Егер азық-түліктің құрамында май болатын болса, онда этил спиртімен араластырғанда ерітінді бұлыңғырланады.

4. Егерде нәруыз бар болса, ерітінді биурет реакциясының нәтижесінде қанық көк немесе сия күлгін түске боялады.

Органикалық зат

Қолданылатын ерітінді

Бастапқы түсі

Реакция нәтижесі

глюкоза

Бенедикт ерітіндісі

көк

қызғылт сары

крахмал

йод ерітіндісі

қоңыр

қара көк

май

этил спирт

мөлдір

бұлыңғырланады

нәруыз

Биурет ерітіндісі

көк

күлгін

Қосымша 5

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Тамақ өнімдерін органикалық заттарға тестілеу»

Жұмыс мақсаты: : майларды, көмірсуларды,нәруыздарды биологиялық нысандардан тәжірибе жүзінде анықтау

Қажетті құрал жабдықтар:

Сүт, алма шырыны, тауық сорпасы, картоп сығындысы, йод ерітіндісі, Биурет реагенті, Бенедикт ерітіндісі, этанол, сынауықтар, тамшуыр, су моншасы

Жұмыс барысы (жұмыстың орындалуын тәртіп бойынша қадамдап сипаттау)

1) сынауықтарды 1-4 белгіле;

2) зерттеуге алған тағам өнімінің 2 мл әр сынауыққа құй;

3) 1- сынауыққа йод ерітіндісін, 2- сынауыққа Биурет реагенті, 3- сынауыққа Бенедикт ерітіндісін қосып, су моншасына 5 минутқа қой, 4- сынауыққа этанол қос.

Тауық еті сорпасы құрамындағы затты анықтау

Биурет ерітіндісі

Йод ерітіндісі

Бенедикт ерітіндісі

Этанол

Тауық еті сорпасы

Алма шырыны құрамындағы затты анықтау

Биурет ерітіндісі

Йод ерітіндісі

Бенедикт ерітіндісі

Этанол

Алма шырыны

Сүттің құрамындағы затты анықтау

Биурет ерітіндісі

Йод ерітіндісі

Бенедикт ерітіндісі

Этанол

Сүт

Картоп сығындысы құрамындағы затты анықтау

Биурет ерітіндісі

Йод ерітіндісі

Бенедикт ерітіндісі

Этанол

Картоп сығындысы

Бақылаған құбылыстарды түсіндіріңдер.

.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Қосымша 6

Май, нәруыз және көмірсуы көп мөлшерде болатын тағам түрлерінің тізімін құрады

Құрамы

Нәруыз

Май

Көмірсу

Тағам түрлері

Қосымша 5

Кері байланыс «Аяқталмаған  сөйлемдер»

Мен бүгін білдім ... .

Мен бүгін сезіндім ... .

Мен келесі сабақта білгім келеді............. .



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу