Өлі табиғаттағы үдерістер. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар сөйлемдерден мәтін құрастыру арқылы бөлінеді. Мәтінде қандай үдеріс туралы айтылғанын анықтайды. Оқушылар алдыңғы білімдерін осы тапсырманы орындау барысында еске түсіреді. Әр топ өздерінің тақырыптары бойынша сөйлейді. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек. Оқушыларға сабақ мақсатын және бағалау критерийлерін өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріңіз.

 Сабақтың орта кезеңінде оқушылар тақырып бойынша әртүрлі үдерістердің бейнероликтерін қарап, сұрақтарға жауап береді. Содан кейін «модельдеу» ұғымының мағынасын ашады. Сабақ барысында оқушылар топтарда жұмыс жасай отырып, берілген тақырыптарда табиғи үдерістердің графикалық модельдерін әзірлейді. Сабақта саралауды топ ішінде оқушыларға рөлдерді бөліп беру арқылы жүргізу керек. Мысалы: (көшбасшы, суретші, таймкипер, дизайнер және т.б.). Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыс орындайды.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы рефлексия жасауы қажет. Бірнеше оқушы сыныпқа өз жауабын оқиды.

Пайдалы сілтемелер:

https://www.svastour.ru/articles/dostoprimechatelnosti/gory/goroobrazovanie.html

http://www.geolib.net/lithology/vyvetrivanie.html

https://obrazovaka.ru/okruzhayushhiy-mir/krugovorot-vody-v-prirode-shema-prevrascheniya.html

https://naturae.ru/stati-o-prirode/prirodnye-yavleniya/izverzhenie-vulkana.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу