Өлі табиғаттағы үдерістер. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар «Пазл» әдісі арқылы топтарға бөлінеді. Өздеріне берілген суреттердегі үдерістерді анықтайды және дәлелдеу үшін аргументтер келтіреді. Оқушылар алдыңғы білімдерін осы тапсырманы орындау барысында еске түсіреді. Әр топ өздерінің тақырыптары бойынша сөйлейді. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек. Оқушыларға сабақ мақсатын және бағалау критериилерін өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріңіз.

 Сабақтың орта кезеңінде оқушылар «модельдеу» ұғымының мағынасын «Нысана» әдісі арқылы ашады. Сабақ барысында оқушылар топтарда жұмыс жасай отырып, берілген тақырыптарда табиғи үдерістердің макеттерін түрлі технолгияларда (папье – маше) әзірлейді. Нәтижесін сыныпқа «Галереяны шарлау» әдісі арқылы ұсынады. Топтар бағалау парақтарының көмегімен өзара бағалау жүргізеді. Сабақта саралауды топ ішінде оқушыларға рөлдерді бөліп беру арқылы жүргізу керек. Мысалы: (көшбасшы, суретші, таймкипер, дизайнер, спикер және т.б.). Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыс орындайды.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критериилеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы рефлексия жасауы қажет. Бірнеше оқушы сыныпқа өз жауабын оқиды.

Пайдалы сілтемелер:

https://www.svastour.ru/articles/dostoprimechatelnosti/gory/goroobrazovanie.html

http://www.geolib.net/lithology/vyvetrivanie.html

https://obrazovaka.ru/okruzhayushhiy-mir/krugovorot-vody-v-prirode-shema-prevrascheniya.html

https://naturae.ru/stati-o-prirode/prirodnye-yavleniya/izverzhenie-vulkana.html

http://www.prostomama.com/2013/10/kak-sdelat-vulkan/

http://www.iqchild.ru/himicheskij-opyt-kak-sdelat-izverzhenie-vulkana/

https://www.youtube.com/watch?v=MPEMC_G4ZdY

https://svoimirukamy.com/pape-mashe-dlya-nachinayushhih.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу