Өлі табиғаттағы үдерістер. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

4. Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өлі табиғаттағы үдерістер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.1.1 өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдеу (таудың жасалу, мүжілу үдерістері, табиғатта заттардың айналымы)

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді түсіндіреді;
  • Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдейді.

 Бағалау критерийлері:

1. Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді түсіндіре алады;

2. Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдей алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар өлі табиғатта болып жатқан үдерістерді ауызша түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология:

Модельдеу, тау түзілу, жанартаудың атқылауы, үгілу.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Модельдеу дегеніміз ...

Тау түзілу процесі ... жүзеге асады.

Үгілу дегеніміз ...

Үгілу түрлері ...

Жанартаудың атқылауы … әсерінен болады.

 Құндылықтарды дарыту

 

Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған.

Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Өлі табиғаттағы үдерістердің модельдерін әзірлеу барысында өнер пәнімен байланыс орнатылады. Үдерістерді түсіндіру барысында химия, физика пәндерімен байланыс орнатылады.

Бастапқы білім

Оқушылар өлі табиғатта болатын үдерістерді біледі.

Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында өлі табиғаттағы үдерістерді анықтау барысында жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-10

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға «Пазл» әдісі арқылы бөлінеді. «5.4.1.1 өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)» атты оқу мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушылар мұғалім ұсынған суреттер бойынша өлі табиғатта болатын үдерістерді атайды (жанартаудың атқылауы, үгілу, тау түзілу).

Дескрипторлар

Оқушы

-Сурет бойынша жанартаудың атқылауын дұрыс анықтайды;

-Сурет бойынша үгілуді дұрыс анықтайды;

-Сурет бойынша тау түзілу үдерісін дұрыс анықтайды;

-Сурет бойынша су айналымын дұрыс анықтайды.

Мұғалім формативті бағалау жүргізеді.

2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға суретті көрсетіп, сұрақ қояды:

-Тау, тас, жанартау, су, жел, найзағай, топырақ, ауа қандай табиғаттың заттарына жатады?

-Жануар, өсімдік қандай табиғаттың заттарына жатады?

-Бұл үдерістердің барлығы қандай табиғаттағы үдерістерге жатады?

3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.

  • Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді түсіндіреді;
  • Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдейді.

Қосымша 1

Суреттер

Сабақтың ортасы

10-13

13-18

18-33

33-37

4. «Нысана» әдісі.

Оқушылар осы әдіс арқылы «модельдеу» сөзінің мағынасын ашады.

Дескрипторлар

Оқушы

-Ассоциация сөздерді дұрыс анықтайды;

-Ассоциация сөздердің көмегімен «модельдеу» сөзінің мағынасын дұрыс құрастырады.

Мұғалім формативті бағалау жүргізеді және оқушыларға кері байланыс ұсынады.

5. Бейнероликтер

Оқушылар жанартаудың атқылауы, үгілу, тау түзілу туралы бейнероликтер тамашалайды.

Бейнероликтен кейін үдерістерді өзара талқылайды.

6. Өлі табиғаттағы үдерістерді модельдеу.

Оқушылар топтарда әртүрлі үдерістерді модельдейді. Оқушыларға модельдеуге қажетті заттарды алдын ала айтқан жөн.

1 топ: Жанартаудың атқылауы

2 топ: Тау түзілу

3 топ: Физикалық үгілу

4 топ: Биологиялық үгілу

Жанартауды модельдеу үшін қажетті заттар: түрлі түсті қатырма қағаз (картон), желім, қайшы, скотч, пластик бөтелке, пластилин. Жанартаудың атқылауы бойынша тәжірибе жұмысын мұғалімге барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жасауға болады.

http://www.prostomama.com/2013/10/kak-sdelat-vulkan/

http://www.iqchild.ru/himicheskij-opyt-kak-sdelat-izverzhenie-vulkana/

https://www.youtube.com/watch?v=MPEMC_G4ZdY

Тау түзілу үдерісін модельдеу үшін қажетті заттар: газеттер, ПВА желім, қайшы, қатырма қағаз, акварель.

Тау түзілу үдерісін папье – маше әдісі бойынша жасау керек. Бұл әдіс алдын ала дайындықты қажет етеді. Себебі жасалған макеттер кеуіп үлгерулері қажет. Тек содан кейін ғана макетті бояп, безендіруге болады.

https://svoimirukamy.com/pape-mashe-dlya-nachinayushhih.html

Физикалық үгілу үдерісін модельдеу үшін қажеттеі заттар: газеттер, ПВА желім, қайшы, қатырма қағаз, акварель.

Жоғарыда аталған заттардан папье – маше әдісі арқылы желдің әрекетінен мүжілген тастың пішінін әзірлейді.

Биологиялық үгілуді модельдеуге қажетті заттар: газеттер, ПВА желім, қайшы, қатырма қағаз, акварель.

Папье – маше әдісі бойынша жоғарыда аталған заттардан өсімдіктер мен жануарлар әрекетінен мүжілген таудың макеті жасалады. Өсімдіктер мен жануарлар ретінде дайын ойыншықтарды қолдану керек.

Жұмыс нәтижелерін топтар «Галереяны шарлау» әдісі бойынша сыныпқа ұсынады. Топтар бағалау парақтары бойынша өзара бағалау жүргізеді.

Дескрипторлар

Оқушы

-Жанартаудың атқылауын дұрыс модельдеп, түсіндіре алады;

-Тау түзілуді дұрыс модельдеп, түсіндіре алады;

-Физикалық үгілуді дұрыс модельдеп, түсіндіре алады;

-Биологиялық үгілуді дұрыс модельдеп, түсіндіре алады.

Саралау: топ ішінде рөлдерді бөліп беру

(көшбасшы, суретші, таймкипер, дизайнер, спикер және т.б.). Көшбасшы тапсырманы орындап болғаннан кейін топ мүшелерін бағалау парақтарының көмегімен бағалайды.

Мұғалім формативті бағалау жүргізеді және кері байланыс ұсынады.

7. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты жазбаша қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды. Мұғалім тексеріп, оқушыларға кері байланыс ұсынады.

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы:

37-40

8. Кері байланыс

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Оқушылар кері байланысты төмендегі сұрақтардың бірін таңдап, жауап беру арқылы жүргізеді: Мысалы:

-What? - Тау түзілу

-How? - Литосферлық тақталардың соқтығысуының нәтижесінде.

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Қабілеті әртүрлі оқушылар топтық жұмыс барысында әртүрлі рөлдерге бөлінеді.

«5.4.1.1 өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)» оқу мақсаттары бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Модельдеу әдісі арқылы оқушылардың табиғи үдерістерді меңгеру деңгейін бағалау.

Сыныпта қозғалыс барысында және тәжірибе жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. Модельдеуге арналған заттармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу