Табиғаттағы заттардың химиялық айналымы. Жаратылыстану, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Табиғаттағы химиялық заттардың айналымы

Қосымша 2

Мәтін «Табиғаттағы заттардың химиялық айналымы»

 Табиғаттағы заттардың айналымы дегеніміз жекелеген химиялық элементтердің және олардың қосындыларының қайталанатын ырғақты қозғалыстары. Ауқымы жөнінен ең үлкені геологиялық айналым. Ол тектоникалық қозғалыстар мен жанартау атқылауының нәтижесінде жүзеге асады. Жер шарында тіршіліктің пайда болуымен биологиялық айналым басталды. Биологиялық айналым дегеніміз химиялық элементтердің бір ағзадан екінші ағзаға өтіп отыруы.

 Көміртегінің айналымы. Мұхит пен құрлықта көміртегі фотосинтез процесінің нәтижесінде жиналады. Оның үлкен бөлігі өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алуының нәтижесінде қайта бөлініп шығады. Қалған бөлігі жанғыш пайдалы қазбалардың жануының нәтижесінде атмосфераға бөлінеді. Көміртегінің көп үлесі шөгінді жыныстардың құрамында өте көп.

 Азот айналымы. Азот айналымының өзіндік ерекшеліктері бар. Атмосфера 79% азоттан тұрады. Ол аминқышқылдары мен ақуыздың құрамына кіреді. Атмосферадағы азот биологиялық айналымға микроағзалардың азотты сіңіруінің нәтижесінде қатысады. Ал ауаға азот бактериялардың көмегімен және химиялық реакциялардың нәтижесінде қайта оралады.

 Фосфордың айналымы. Фосфордың айналымы азотпен салыстырғанда қарапайым. Фосфордың миграциясы көбінесе тірі ағзалардың көмегімен жүзеге асады. Оның біраз бөлігі мұхитқа түсіп, мұхит түбіне тұнады.

 Күкірттің айналымы. Жер қыртысында күкірт өте көп. Күкірт шөгінді жыныстардың құрамында өте көп. Өсімдіктер күкіртті шөгінді жыныстардан алады. Ал жануарлар күкіртті өсімдіктерден алады.

Қосымша 3

Топ мүшелерін бағалау парағы

Топ мүшесі

Мазмұнды баяндады

Академиялық тілді қолданды

Өзге топ мүшелерін сыйлады

1.

2.

3.

4.

5.

Шартты белгілер:

Қосымша 4

Оқушының аты-жөні:

Бөлім

4. Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Оқу мақсаты

6.4.1.2 табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіру

Бағалау критерийлері

1. Табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіре алады;

2. Табиғаттағы заттардың химиялық айналымының кезеңдерін дұрыс ретімен анықтай алады;

2. Заттардың химиялық айналымының табиғат үшін маңызын түсіндіре алады.

Тапсырма 2. Берілген суреттің негізінде сұрақтарға жауап бер.

Дескрипторлар

Оқушы

-Көмірқышқыл газының ауаға түсу жолдарын дұрыс анықтайды;

-Көмірқышқыл газының өсімдіктер үшін маңызын сипаттайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу