Табиғаттағы заттардың химиялық айналымы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

4. Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғаттағы заттардың химиялық айналымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.1.2 табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіреді;
  • Заттардың химиялық айналымының табиғат үшін маңызын түсіндіреді.

 Бағалау критерийлері:

1. Табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіре алады;

2. Табиғаттағы заттардың химиялық айналымының кезеңдерін дұрыс ретімен анықтай алады;

2. Заттардың химиялық айналымының табиғат үшін маңызын түсіндіре алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар табиғаттағы заттардың химиялық айналымын ауызша түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология:

Су айналымы, азот, фосфор, оттегі, көміртегі айналымдары.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Су айналымы дегеніміз ...

Су/көміртегі айналымдарының нәтижесінде ...

Су айналымының табиғат үшін маңызы ...

Менің ойымша, зат айналымы табиғат үшін қажет, себебі ...

 Құндылықтарды дарыту

 

Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты дарытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Табиғаттағы заттардың химиялық айналымын сипаттау барысында химия және биология пәндерімен байланыс орнатылады.

Бастапқы білім

Оқушылар табиғаттағы заттардың айналымын біледі және себеп – салдарларын түсіндіре алады.

Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында суреттердің көмегімен заттардың химиялық айналымдарының түрлерін анықтау арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-8

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға өз қалауларымен бөлінеді. Оқушылар «5.4.1.2

өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарын түсіндіру; 5.4.1.1

өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)» атты оқу мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді. Әр топқа белгілі бір заттардың химиялық айналымдарының суреттері көрсетіледі. Оқушылар сурет бойынша қандай заттың айналымы екенін анықтаулары қажет.

Дескрипторлар

Оқушы

-Сурет бойынша қандай заттың айналымы екенін дұрыс анықтайды;

-Жауаптарын дәлелдеу мақсатында 2 аргументтен келтіреді.

Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс ұсынады.

2. Ой қозғау.

Оқушыларға сұрақ қойылады:

-Табиғаттағы заттардың химиялық айналымдарының маңызы қандай?

-Фосфор, азот, су, оттегінің адам ағзасы үшін маңызы қандай?

-Су айналымының табиғат үшін маңызы қандай?

-Егер су айналымы болмаса Жер ғаламшарында қандай өзгерістер болар еді?

3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.

  • Табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіреді;
  • Заттардың химиялық айналымының табиғат үшін маңызын түсіндіреді.

Қосымша 1

Заттардың химиялық айналымдарының суреттері

Сабақтың ортасы

8-13

13-25

25-35

4. Мұғалімнің түсіндірме жұмысы

Мұғалім заттардың химиялық айналымдары туралы ақпарат береді.

Заттардың химиялық айналымдары: геологиялық айналым, биологиялық айналым.

Геологиялық айналым – негізінен ішкі қабықтарда жүретін заттардың айналымы.

Биологиялық айналым – бұл химиялық заттардың бір ағзадан екінші ағзаға өтіп отыруы.

Заттардың химиялық айналымы – бұл табиғаттағы заттардың өзара байланысты үнемі қайталанып отыратын физикалық, химиялық, биологиялық қозғалу үдерістері.

5. Мәтінмен жұмыс «Джигсо» әдісі бойынша

Оқушылар топ ішінде 1-ден 5-ке дейін саналады. Әр нөмір өзіне тиесілі ақпаратты алады. Содан кейін 1-ші нөмірлер сыныптың бір бұрышына, 2-ші нөмірлер сыныптың басқа бұрышына жиналып және т.с.с. өздеріне берілген ақпаратпен жұмыс жасайды. Ақпаратпен жұмыс жасалып болғаннан кейін қайтадан топтарға оралып, реттік нөмірлеріне сәйкес ақпаратпен бөліседі.

Дескрипторлар

Оқушы

-Табиғаттағы заттардың химиялық айналымының анықтамасын дұрыс түсіндіреді;

-Азот айналымын және оның маңызын дұрыс түсіндіреді;

-Фосфор айналымын және оның маңызын дұрыс түсіндіреді;

-Күкірт айналымын және оның маңызын дұрыс түсіндіреді;

-Көміртегі айналымын және оның айналымын дұрыс түсіндіреді.

Мұғалім әр топты жеке бақылап, топ мүшелерінің жұмысын бағалайды. Кері байланыс ұсынады.

Саралау: көшбасшылық қабілеттері бар оқушыларға топтарда көшбасшы рөлін беру. Топ көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс жасау қабілеттерін бағалау парақтарының көмегімен бағалайды.

6. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты жазбаша қалыптастырушы бағалау жұмыстарын орындайды. Мұғалім тексеріп, оқушыларға кері байланыс ұсынады.

Қосымша 2

Мәтін «Табиғаттағы заттардың айналымы»

Қосымша 3

Бағалау парағы

Қосымша 4

Үлестірме материал

Сабақтың соңы:

35-40

7. Кері байланыс

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, сурет). Топтық жұмыс барысында оқушыларға рөлдерді ұсыну.

«5.4.1.2 өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарын түсіндіру; 5.4.1.1 өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)» оқу мақсаттары бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Мәтінмен жұмыс жасау арқылы ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын бағалау.

Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу