Табиғаттағы заттардың химиялық айналымы. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация.


Суреттерді жіктеңіз!

«?»

-Жаз айларында қатты нөсер жаңбырдан кейін Жер беті қатты ылғалданып, шалшық суларға толып кетеді. Бірақ Күн шыққаннан кейін шалшық сулар бірінен кейін бірі ғайып болып кетеді. Оның себебі неде?

-Адам тыныс алғанда қандай үдеріс жүзеге асады? (Оқушыларға терең тыныс алуларын сұраңыз. Содан кейін сұраққа жауап беруін сұраңыз).

-Өсімдіктер қандай газбен тыныс алады? Ал қандай газды бөліп шығарады? Бұл үдеріс қалай аталады?

Сабақ тақырыбы:

Табиғаттағы заттардың химиялық айналымы

Сабақ мақсаты:

Табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіреді;

Заттардың химиялық айналымының табиғат үшін маңызын түсіндіреді.

Бағалау критерийлері:

1. Табиғаттағы заттардың химиялық айналымын (көміртегі, оттегі, фосфор, күкірт айналымдары) түсіндіре алады;

2. Табиғаттағы заттардың химиялық айналымының кезеңдерін дұрыс ретімен анықтай алады;

2. Заттардың химиялық айналымының табиғат үшін маңызын түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

Су айналымы, азот, фосфор, оттегі, көміртегі айналымдары.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Су айналымы дегеніміз ...

Су/көміртегі айналымдарының нәтижесінде ...

Су айналымының табиғат үшін маңызы ...

Менің ойымша, зат айналымы табиғат үшін қажет, себебі ...

Заттардың химиялық айналымы дегеніміз не?

Заттардың химиялық айналымы – бұл табиғаттағы заттардың өзара байланысты үнемі қайталанып отыратын физикалық, химиялық, биологиялық қозғалу үдерістері.

Заттардың химиялық айналымдары

Геологиялық

айналым

Биологиялық айналым

Геологиялық зат айналым - тау жыныстарының түзілуімен, үгілуімен және бұзылған өнімдердің - сынықтар мен химиялық элементтердің кейін басқа жерге ауысуымен байланысты. Бұл процестердегі басты рөлді су мен топырақ бетінің термиялық қасиеті: күн сәулелерінің сіңірілуі мен шағылуы, жылу өткізгіштігі және жылу сыйымдылығы атқарады. Биосфераның калыптасуымен үлкен айналымға организмдердің тіршілік өнімдері де қосылды. Геологиялық айналым тірі организмдерді қоректік элементтермен қамтамасыз етіп, олардың тіршілік ету жағдайларын анықтайды.

Биологиялық зат айналым - өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, микроағзалар және топырақ арасындағы зат айналымы. Биологиялық айналымның нәтижесінде - органикалық заттардың түзілуі және олардың бұзылуы жүреді. Органикалық заттардың түзілуінің алғашқы кезеңі - жасыл өсімдіктердегі фотосинтезбен, яғни көмір қышқыл газ, су, жай минералдық қосындылар және Күн энергиясының қатысуымен тірі заттардың түзілуі.

Бейнеролик «Азот айналымы»

-Азоттың табиғат үшін маңызы қандай?

-Азот айналымының кезеңдері қандай?

Табиғаттағы химиялық заттардың айналымының сызбасын әзірлеу

1 топ: көміртегі айналымы

2 топ: оттегі айналымы

3 топ: фосфор айналымы

4 топ: күкірт айналымы

Нәтижелерді сыныпқа ұсыну

Өзге топ жұмыстарын бағалау:

- иә, х - жоқ

Көміртегі айналымы – табиғатта көміртегінің үздіксіз айналу құбылысы. Тірі ағзалардағы көміртектің құрамы (құрғақ затқа шаққанда): су өсімдіктері мен жануарларда 34,5 – 40%, құрлықтағы өсімдіктер мен жануарларда 45,4 – 46,5%, бактерияларда 54% болады.

Оттегі айналымы — өсімдіктердің фотосинтез үдерісі кезінде экожүйенің биоценоздық ортасына оттегіні бөлуінен басталатын үдеріс. Бөлінген оттегі аэробтарға, оның ішінде өсімдіктерге (тыныс алу процесінде) түседі. 

Табиғаттағы су айналымы.

Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындарымен жоғары көтеріледі де, тамшыларға айналады.

жануар

найзағай

Хим.байланыс

тамыр

Топырақтағы нитраттар

Өлі органикалық қалдықтар

Табиғаттағы су айналымы

Көміртегі айналымы

Жазбаша жұмыс: «Венн диаграммасын» толтыру

Азот айналымы

Фосфор айналымы

Кері байланыс «Жетістік баспалдығы»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу