Табиғи және жасанды материалдар. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақ басында проблемалық сұрақ туындату үшін оқушыларға келесі көрсетілімді көрсетіңіз: демонстрациялық үстелдің үстіне пластмасса, шыны, гранит, бор, көмір, мақта, резеңке, кейбір маталардың түрлерін және т.б.табиғи және жасанды материалдардың үлгілерін қойыңыз. Оқушылар осы заттарды екі топқа топтастыруы керек. Жұпта талдап қандай белгілер бойынша топтастырғанын түсіндіреді. Барлық идеялар тақтада жазылады. Егер бірде бір оқушы заттарды жіктей алмаса , мұғалім көмек көрсетеді немесе өзі заттардың жіктелуі туралы айтады.

 «Табиғи және жасанды материалдар» бейнекөрінісі бойынша алдын-ала берілген сұраққа оқушылар толық жауап бере алмаса, мұғалім толықтырады. Бейнекөрініс бойынша мұғалімнің бағыттауын қажет ететін маңызды деректер, яғни кез келген материя химиялық заттардан тұратынына, жасанды химикаттар зертханалар мен зауыттарда реакция жүргізу арқылы алынатынына, кейбір өмірге қауіпті қосылыстар толықтай табиғи болып келетініне көңіл аудартыңыз. Бейнекөрініс бойынша сұраққа оқушылар толық жауап бере алмаса, жауапты толықтырыңыз.

 Оқу мақсатын аша түсу үшін мәтінмен «Инсерт» әдісі бойынша жұмыс істетіп, соңынан табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшілігін ажырату үшін Венн диаграммасын толтыртыңыз. Жұмыс барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім немесе жұпта, топта жұмыс істеу барысында қабілеті жоғары оқушылар тарапынан қолдау көрсетіледі. Жұмысты орындағаннан кейін оқушылардың жұмысына кері байланыс беріңіз.

 Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен дескрипторды талдап алған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі.

 

 

 

 Тиімді сілтеме:

 http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/edexcel_pre_2011/chemicalreactions/chemicalsinthelabandhomerev1.shtml

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу