Табиғи және жасанды материалдар. Жаратылыстану, 6 сынып, дидактикалық материал.


 Мәтін «Табиғи және жасанды заттар»

 Табиғи заттар тірі организмдерде пайда болады немесе жер қыртысында, атмосферада немесе мұхитта кездеседі. Жасанды заттар зертханада немесе химиялық зауытта химиялық реакцияларды қолданатын химиктермен жасалады.

 Жасанды химиялық заттар

 Бізді қоршаған химиялық заттардың өте аз бөлігі ғана жасанды түрде болады.

 Олар бақыланатын реакциялар арқылы зертханалар мен зауыттарда жасалынады.

 Кейде жасанды және табиғи химиялық заттар арасында ешқандай айырмашылық болмайды. Тұз табиғи түрде теңіз суынан алынса, жасанды түрде натрий мен хлордың әрекеттесуінен түзіледі. Екі жағдайда да атомдар саны мен олардың өзара байланысу жолдары бірдей. Кей жағдайда химиялық заттарды табиғи жолдан гөрі жасанды жолмен алған тиімдірек, өйткені бұл арзан, табиғат үшін қауіпсіз.

 Біз жасанды химиялық заттардан сескенеміз, алайда заттың табиғи не жасанды болуынан гөрі оның зиянсыз болуы маңыздырақ. Дегенмен, адамдар жиі табиғи заттарды, әсіресе азық-түлік, киім және косметика өнімдерінде қолданғанды ұнатады.

 Дәмдегі айырмашылықтар

 Тамақтың жағымды дәмі мен иісі оның құрамында болатын химиялық заттарға байланысты. Кейбір дәмдер натрий хлориді сияқты қарапайым заттардан туындаған және сен табиғи және жасанды көздер арасында айырмашылықты ажырата алмайсың. Басқа дәмдеуіштер ваниль дәмі сияқты аса күрделі заттарға байланысты.

 Балмұздақ құрамында ванильдің дәмі бар. Жасанды ваниль әдетте этил ванилин деп аталатын зат болып табылады. Табиғи ванильден гөрі дәмі мен иісі әлдеқайда күшті. Бұл зат ваниль дәндерінен алынатын табиғи ванильден гөрі, арзанырақ. Жақсы дәмі сезетін адамдар ванильдің екі түрін ажырата алады, өйткені табиғи ваниль заттардың қоспасы.

 Тағамдық қоспалар зиянды жасанды зат ретінде танымал, алайда Е-нөмірлердің біршамасы табиғатта кездеседі, мысалы С дәрумені немесе куркума дәмдеуіштері.

 C дәрумені, E300. Куркума, E100. Ал басқалары – жасанды заттар, мысалы натрий глутаматы. Натрий глутаматы, E621. Дегенмен олардың зиян не зиян еместігі мұқият тексерілу қажет.

 Бүгінде «химиялық» деген термин теріс пайдаланылуда.

 Кей өнімдер "химикатсыз таза өнім" деп жарнамаланады, алайда олай болу мүмкін емес.

 Кейбіреулері “100% табиғи” деп жарнама жасайды, алайда бұл оның толықтай пайдалы екендігін білдірмейді.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу