Табиғи және жасанды материалдар. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация.


Табиғи және жасанды материалдар

Оқу мақсаты:

- 6.3.3.1 табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды

Тарау 6.2С Заттардың түзілуі және алынуы

Жұп – сынып форматы

Демонстрациялық үстелдің үстіне пластмасса, шыны, гранит, бор, көмір, мақта, резеңке, кейбір маталардың түрлерін және т.б.табиғи және жасанды материалдардың үлгілері беріледі

Осы заттарды екі топқа топтастырыңдар

https://twig-bilim.kz/kz/film/natural-versus-artificial

Бейнекөрініс «Табиғи және жасанды заттар»

Жасанды химиялық заттардың барлығы біздің денсаулығымызға зиянды ма?

Табиғи және жасанды химиялық заттардың денсаулығымызға әсері қандай?

Қандай қауіпті табиғи химиялық заттармен таныстыңдар?

https://twig-bilim.kz/kz/film/natural-versus-artificial

Маңызды деректер

Кез келген материя химиялық заттардан тұрады.

Жасанды химикаттар зертханалар мен зауыттарда реакция жүргізу арқылы алынады.

Кейбір өмірге қауіпті қосылыстар толықтай табиғи болып келеді.

Кейде жасанды және табиғи химикаттар арасында айырмашылық көрінбейді

Бейнекөрініс «Табиғи және жасанды заттар»

Берілген мәтінді және бейнекөріністен алған ақпараттарды қолдана отырып, оқушылар Венн диаграммасын құрады

Құрамында химиялық заттары жоқ тағаммен қоректену мүмкін бе?

Мүлдем мүмкін емес. Барлық заттар химиялық заттардан жасалады, сол себепті барлық өнімдер, тіпті судың өзі химиялық затқа жатады. Біздің ағзамыз химиялық заттарға толы. Кейбір химиялық заттар зиянсыз, ал кейбірі зиянды болуы мүмкін, бұл химиялық заттың нақты табиғатына байланысты болады

Кейбір тағамдардың заттаңбаларында "100% табиғи" деген жазу бар.

Бұл нені білдіреді?

 

 Бұл тағамдағы химиялық заттардың табиғат әлемінде табылатындығын және молекулалары зертханада жасалмағанын білдіреді. Дегенмен, бір нәрсе табиғи болса да, ол сізге қажетті түрде пайдалы дегенді білдірмейді. Шын мәнінде, зиянды немесе өте улы табиғи өнімдер де көп

Рефлексия:

«Тірек сөздер»

Қандай қиындықтар туындады? Неліктен? Олар қалай жойылды ?

Сен неге қол жеткіздіңіз?

- Осы тақырып бойынша тағы басқа қандай тапсырмалар құрастыруға болады?

Үй жұмысы:

«Қоршаған ортаның тазалығын сақтаудағы менің ролім» тақырыбына эссе жаз.

Дескрипторлар:

1. Табиғи және жасанды жолмен жасалған материалдарға мысал келтіріледі

2. Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға оқушының тигізетін әсері сипатталады

3.Нақты іс-әрекеттерге тоқталады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу