Табиғи және жасанды материалдар. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 6.2С Заттардың түзілуі және алынуы.

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Табиғи және жасанды материалдар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- 6.3.3.1 табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды

Сабақ мақсаттары

  • -Кейбір заттардың түзілу мысалдарын білу
  • -Жасанды жолмен алынған заттарды табиғи заттардан ажырата білу
  • -Табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Бағалау критерийлері:

-кейбір заттардың табиғатта түзілу мысалдарын біледі

-табиғи және жасанды жолмен алынған заттарды айыра алады

-табиғатта жоқ заттарды алу қажетін түсінеді

-табиғи және жасанды заттардың артықшылықтары және кемшіліктерін атайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ауызша түсіндіре алады

Пәндік лексика және терминология:

- табиғи заттар

- жасанды заттар

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

• Х жасанды заттың Ү табиғи затпен салыстырғанда артықшылықтары/кемшіліктері мыналар: …, себебі…

Менің ойымша, Х затын қолдану…мүмкіндік береді.

Азық-түлік/тұрмыстық химия өнімдерін таңдауда оның ….. қарау қажет, себебі оның … … болуы мүмкін.

Құндылықтарды дарыту

 

 «Мәңгілік ел» құндылықтары

 Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.

Пәнаралық байланыстар

 Табиғи және жасанды заттарды анықтау барысында биология пәнімен байланыс орнатылады

Бастапқы білім

 

3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу

4.3.1.1.Заттарды қасиеттеріне байланысты оларды қолдану салаларын анықтау

5-сынып Табиғатта және жасанды жолмен алынған кейбір заттардың түзілуі туралы мысалдар келтіру

6-сынып Заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеу

 ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6

  • 1. Проблемалық сұрақ туындату үшін оқушыларға келесі көрсетілімді көрсетіңіз:
  • Мұғалім демонстрациялық үстелдің үстіне пластмасса, шыны, гранит, бор, көмір, мақта, резеңке, кейбір маталардың түрлерін және т.б.табиғи және жасанды материалдардың үлгілерін қояды. Оқушылар осы заттарды екі топқа топтастыруы керек. Жұпта талдап қандай белгілер бойынша топтастырғанын түсіндіреді. Барлық идеялар тақтада жазылады.

Егер бірде бір оқушы заттарды жіктей алмаса , мұғалім көмек көрсетеді немесе өзі заттардың жіктелуі туралы айтады.

  Дескрипторлар

 Оқушылар

- табиғи заттарды дұрыс анықтайды

- жасанды заттарды дұрыс анықтайды

2.Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және бағалау критерийлерін шығарады.

Слайд №1-2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

7-10

11-18

 

 

 

 

 

19-25

26-31

32-37

3. Бейнекөрініс «Табиғи және жасанды заттар»

Бейнекөріністі көре отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер: (жұпта ақылдаса отырып, сыныпта талқылайды)

  • Жасанды химиялық заттардың барлығы біздің денсаулығымызға зиянды ма?
  • Табиғи және жасанды химиялық заттардың денсаулығымызға әсері қандай?
  • Қандай қауіпті табиғи химиялық заттармен таныстыңдар?

4. Пікірталас: Бейнекөрініс бойынша сұраққа оқушылар толық жауап бере алмаса, мұғалім толықтырады. Бейнекөрініс бойынша мұғалімнің бағыттауын қажет ететін маңызды деректер:

  • Кез келген материя химиялық заттардан тұрады.
  • Жасанды химикаттар зертханалар мен зауыттарда реакция жүргізу арқылы алынады.
  • Кейбір өмірге қауіпті қосылыстар толықтай табиғи болып келеді.
  • Кейде жасанды және табиғи химикаттар арасында айырмашылық көрінбейді

Дескрипторлар

 Оқушылар

  • - жасанды және табиғи заттардың ерекшеліктерін сипаттайды
  • -өмірге қауіпті заттарды анықтайды

5. Мәтінмен жұмыс: «Табиғи және жасанды заттар» «Инсерт» әдісі бойынша мәтінмен танысады.

6. Жұптық жұмыс.

Берілген мәтінді және бейнекөріністен алған ақпараттарды қолдана отырып, оқушылар Венн диаграммасын құрады.

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- табиғи материалдарға тән артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтайды

- жасанды материалдарға тән артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтайды

- табиғи және жасанды материалдарға тән ұқсастықтарды сипаттайды

7. Туындаған проблемалық сұрақтар.

1) Құрамында химиялық заттары жоқ тағаммен қоректену мүмкін бе?

Жауабы: Мүлдем мүмкін емес. Барлық заттар химиялық заттардан жасалады, сол себепті барлық өнімдер, тіпті судың өзі химиялық затқа жатады. Біздің ағзамыз химиялық заттарға толы. Кейбір химиялық заттар зиянсыз, ал кейбірі зиянды болуы мүмкін, бұл химиялық заттың нақты табиғатына байланысты болады.

2) Кейбір тағамдардың зат таңбаларында "100% табиғи" деген жазу бар. Бұл нені білдіреді?

Жауабы: Бұл тағамдағы химиялық заттардың табиғат әлемінде табылатындығын және молекулалары зертханада жасалмағанын білдіреді. Дегенмен, бір нәрсе табиғи болса да, ол сізге қажетті түрде пайдалы дегенді білдірмейді. Шын мәнінде, зиянды немесе өте улы табиғи өнімдер де көп.

Бағалау: дескрипторды қолдана отырып, берілген жауаптарға кері байланыс беріледі

Слайд 3-4

https://twig-bilim.kz/kz/film/natural-versus-artificial

Қосымша №1

 

 

 

 

Слайд 5

Слайд 6-7

Сабақтың соңы:

38-40

8. Рефлексия «Тірек сөздер»

- Қандай қиындықтар туындады? Неліктен? Олар қалай жойылды ?

- Сіз неге қол жеткіздіңіз?

- Осы тақырып бойынша тағы басқа қандай тапсырмалар құрастыруға болады?

Үй тапсырмасы:

«Қоршаған ортаның тазалығын сақтаудағы менің ролім» тақырыбына эссе жазу

Дескрипторлар:

1. Табиғи және жасанды жолмен жасалған материалдарға мысал келтіріледі

2. Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға оқушының тигізетін әсері сипатталады

3.Нақты іс-әрекеттерге тоқталады

Слайд 8-9

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды

Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді.

Зерттеу жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу