Тұрмыстық химия өнімдері. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақ басында оқушыларға тұрмыстық химия мысалдары келтірілген бірнеше суреттер көрсетіңіз. Берілген суреттерді қандай тақырыппен біріктіруге болатыны туралы әңгімелесіңіз. Осыдан барып, оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және бағалау критерийлерін шығарыңыз.
Тұрмыстық химия туралы кейбір мәліметтерді алу үшін оқушыларға тұрмыстық химия заттарын зерттеуді ұсыныңыз. Оқушылар ерітінді ортасын анықтауға арналған қарапайым тестті қолдана отырып, бірқатар заттарды тексеруден өткізе алады және олардың арасындағы айырмашылықты анықтауға мүмкіндік беретін кестені құрастырады.
Әмбебап индикаторды қолданып, тұрмыстық химия өнімдерінің ортасын анықтатыңыз. Тұрмыстық химия заттарынан дайындалған ерітінділердің ортасы қандай екенін, олармен жұмыс барысында қандай қауіпсіздік ережелерін ұсына алатындарын оқушылардан сұраңыз. Барлық өнімдер үйде қолдану үшін қауіпсіз болып саналатынын, мүмкін кейбір ең белсенді тазарту құралдарын сұйылту керектігіне назар аудартыңыз. Тұрмыстық химия туралы кейбір мәліметтерді алу үшін оқушыларға тұрмыстық химия заттарының құрамын зерттеуді ұсыныңыз. Оқушылар ерітінді ортасын анықтауға арналған қарапайым тестті қолдана отырып, бірқатар заттарды тексеруден өткізе алады және олардың арасындағы айырмашылықты анықтауға мүмкіндік беретін кестені құрастыра алады.
Тұрмыстық химия заттарынан дайындалған ерітінділердің ортасы қандай екенін, олармен жұмыс барысында қандай қауіпсіздік ережелерін ұсына алатындарын оқушылардан сұраңыз. Әр жұпқа 2-3 тұрмыстық химияда қолданылатын заттарының қораптары ұсыныңыз. Тапсырманы орындау үшін оқушылар нұсқаулықтарды оқиды, қауіптілік деңгейін көрсететін символдарды қарастырады, ингредиенттермен танысады және т.б. Оқушылармен осы тауарлармен жұмыс барысында сақталынатын қауіпсіздік ережелерін, сақтау жағдайлары мен кәдеге жарату тәсілдерін талқылаңыз. «Химиялық заттарды қолданғанда ережелерді сақтау керек» ақпаратымен таныстырыңыз.
«Тұрмыстық химия өнімдерінің артықшылықтары мен зияндары» тақырыбында бағалау критерийіне сәйкес постер дайындайды және қорғайды. Жұмыс барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім немесе жұпта, топта жұмыс істеу барысында қабілеті жоғары оқушылар тарапынан қолдау көрсетіледі. Жұмысты орындағаннан кейін оқушылардың жұмысына кері байланыс беріңіз.
Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен дескрипторды талдап алған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі.
Тиімді сілтеме:
http://www.tes.co.uk/ResourceDetail.aspx?storyCode=6189503
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?