Пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: 6.2С Заттардың түзілуі және алынуы. | Мектеп: | |||||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсері | |||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.3.5. сыртқы ортаға пайдалы қазбалардың алынуының және өнделінуінің әсерін түсіндіреді | |||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - Пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіре алады | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Пайдалы қазбаны өндірілуі мен өңделінуінің гидросфераға, топыраққа, ауаға әсерін сипаттайды | |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар ... Сыныптастармен жұмыс жасау (презентация, карталар, пікірталастар және т.б.) тақырып бойынша мәтіндерді оқу және зерттеу (оқу, жазу дағдылары), тұжырымдар жасау (сөйлеу дағдылары, тыңдау). Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология: Табиғи ресурстар: су, мұнай, көмір, табиғи газ, алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, титан. Диалогтар мен жазбалар үшін пайдалы сөз өрнектер: Менің ойымша, ... Жақын болашақта ............. таусылуы мүмкін. Алайда, ұзақ мерзімді перспективада қайта жандандыру мүмкіндігі бар -деп айта алады. | |||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| «Мәңгілік ел» құндылықтары Табиғатқа мұқият қарау арқылы, оның аумағының және тұтастай алғанда Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеу арқылы жүзеге асырылады. Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен биологиялық ресурстардың түрлерін, сондай-ақ география пәнімен кен орындарын картадан көрсету, сипаттау барысында байланыс байқалады | |||||||||||||||
Бастапқы білім
| 3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу 4.3.1.1.Заттарды қасиеттеріне байланысты оларды қолдану салаларын анықтау 5-сынып Табиғатта және жасанды жолмен алынған кейбір заттардың түзілуі туралы мысалдар келтіру | |||||||||||||||
ЖОСПАР | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер
| Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5
6-8 | Ұйымдастыру кезеңі Сұрақ-жауап -Пайдалы қазбалар дегеніміз не? -Қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер? -Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар? -Оларды не үшін өндіреді? -Өздерің өмір сүріп жатқан аймақта қандай пайдалы қазбалар бар? 2. Сабақтың мақсаты мен міндетіне шығу: Сынып бөлмесінің қабырғаларына экологиялық тақырыпта суреттер ілінеді, оқушылар қабырғадағы суреттерді қарап, мұғаліммен бірге жаңа тақырыптың мақсаты мен міндеттерін анықтайды. | Слайд №1-3 | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы
9-15 16-27 28-37 | 3. «Ауаның ластануы» бейнекөрінісін көріп, тапсырманы орында. Берілген тізімнен қажетті сөзді таңдап, сөйлемдерді толықтыр. Қажетті сөздер: қышқыл жаңбыр, көмірдің, электр энергиясы, атмосфераға, күкірт, ормандардың жойылуының ______________мен жылу өндіру үшін жұмсалатын ______________көп мөлшерін жаққанда, электр станциялары және жылу жүйелері атмосфераға көп көмірқышқыл газын бөледі. Егер жағылған көмір ____________қоспасымен ластанған болса, онда улы газ, яғни күкірт қышқылы,_______________ таралады. Сосын бұлттарға сіңіп, ___________________негізгі себебі болатын _________________ түрінде жерге түседі. Өзін-өзі бағалау. Дұрыс жауабы тақтадан көрсетіледі. Оқушылар өздерінің жұмыстарын тексереді. Дескриптор: Сөйлем мазмұнына қарай қажетті сөздердің тиісті орынын дұрыс анықтайды 4. «Пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсері» тақырыбына эссе жазу
5. Эссені тыңдау және бағалау. Әр оқушыға өз жұмысын оқып беруге мүмкіндік беру. Сыныптастары бағалау критерийлері бойынша бағалайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» | Слайд 4 Қосымша №1 Слайд 5 Слайд 7 Қосымша № 2 Қосымша №3
| ||||||||||||||
Сабақтың соңы: 38-40 | 6. Кері байланыс: «Сөйлемді аяқтаңыз!»
7.Үйге тапсырма: Кестені толтыр: «Пайдалы қазбаны өндірудің экологиялық және әлеуметтік зардабы»
| Слайд 8-9 Қосымша №2 | ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, жұптағы, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды | Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау орын алған. | Зерттеу жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?