Табиғи және жасанды материалдар. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақ басында тақырыпты анықтау үшін «Жікте» тапсырмасын орындатыңыз. Топ – сынып форматында өтеді. Ол үшін А-3 плакаты(ватман), клей, табиғи және жасанды заттардың суреттері берілген үлестірмелі карточкалар жинағы әр топқа ұсынылады. Осы суретте берілген заттарды екі топқа топтастырып, суреттерді плакатқа жапсыру тапсырылады. Оқушылар осы заттарды екі топқа топтастыруы керек. Жұпта талдап қандай белгілер бойынша топтастырғанын түсіндіреді. Егер топтағы оқушылар заттарды дұрыс жіктей алмаса , мұғалім көмек көрсетеді немесе өзі заттардың жіктелуі туралы айтады.

  Мәтінмен жұмыс: «Табиғи және жасанды заттар» мәтінімен жеке танысады. Мәтіннен оқыған ақпараттарды қолдана отырып, табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшілігін ажырату үшін кестені толтырады. Кез келген материя химиялық заттардан тұратынына, жасанды химикаттар зертханалар мен зауыттарда реакция жүргізу арқылы алынатынына, кейбір өмірге қауіпті қосылыстар толықтай табиғи болып келетініне көңіл аудартыңыз.

 Оқушыларды өз қалауыңыз бойынша екі топқа бөліңіз. Әр топқа проблемалық жағдаят жазылған слайдты (немесе парақ қағазға жазылған карточка түрінде) көрсетіңіз. Өз топтарында талдап, шешімдерін сынып форматында қарастырыңыздар. Әрбір топқа өз таңдауын түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Осыдан соң пластикалық пакеттер, атап айтқанда, пластикалық материалдарды кәдеге жарату мерзімі мен олардың қоршаған ортаға әсері туралы бейнефильмді көрсетіңіз. Бейнефильмді көріп болған соң оқушылар әртүрлі пакеттерді қолдану туралы пакеттердің «артықшылықтары мен кемшіліктері» бейнеленген постер немесе үндеу хаттарды әзірлеуі тиіс. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен дескрипторды талдап алған жөн.

 Жұмыс барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім немесе жұпта, топта жұмыс істеу барысында қабілеті жоғары оқушылар тарапынан қолдау көрсетіледі. Жұмысты орындағаннан кейін оқушылардың жұмысына кері байланыс беріңіз.

 Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі.

 

 

 

 Тиімді сілтеме: Жердің тұрмыстық ластануы

 https://www.youtube.com/watch?v=XhC-6oG8y18

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу