Табиғи және жасанды материалдар. Жаратылыстану, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша №1.
Материалдар мен құралдар: А-3 плакаты(ватман), клей, үлестірмелі карточкалар жинағы.
Қойлар | Ангорская | Каучук |
Мақта тұқымы | Жүн | Алтын |
Алтын адам | Резеңке сақиналар | Жібекқұртының коконы және жібек құрттары |
Конопля | Мұнай | Қайың қабығы |
Жібек жіп | Мақталы жіп | Жүн жіп |
Каучуконос -гевея | Сағыз | Ағаш |
Мыстан жасалған әшекей | Резеңке шланг | Ағаш жиһаз |
Мыс сым | Мыстан жасалған ыдыс |
Ағаш ыдыс |
Глина | Ағаштан жасалған ойыншық | Кірпіш |
Бұғы терісінен жасалған киім | Құс жүнімен толтырылған жастық | Түйеқұс терісінен жасалған шарф |
Қосымша №2.
Табиғи материалдар – бұл ағаш, тау жыныстары(табиғи тастар), шымтезек, табиғи битум, асфальт және т.б. Оларды табиғи шикізаттардан жеңіл өңдеу жолымен алғашқы құрылысы мен химиялық құрамын өзгерпей алады.
Мақта – тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар – бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т.б. дайындалады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз т.б. алуға болады және сабағы(Қозапая) отын ретінде, күнжарасының құрамында белок болғандықтан мал азығы ретінде қолданылады. Жұмсақтық, жылы уақытқа жақсы сіңіру қабiлеттiлiгі, жеңіл түске боялуы, табиғи материал, денсаулыққа зиян келтiрмейтін қасиеттерімен ерекшеленеді. Бірақта, мақтадан жасалған бұйым оңай иленедi, жарықта сарғаяды, суды бойына сіңіріп алады.
Жасанды материалдар: кірпіш, цемент, темірбетон, шыны, пластмасса, полиэтилен, капрон, нейлон және т.б. Оларды арнайы технологияны қолдана отырып, табиғи және жасанды шикізаттардан, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының жанама өнімдерінен алады.
Полиэтилен — халық шаруашылығында өте кең қолданылатын пластмассаның түрі. Ол жұқа пленка, су құбыры, химиялық аппарат бөліктерін, құты, стакан, тығын, тех. бұйымдар, т.б. дайындауда, ауыл шаруашылығында көкөніс пен жеміс өсіру ісінде қолданылады. Полиэтилен 1933 жылдан бастап радиотехника мен телеқондырғыларда электроқшаулағыш, химиялық өндірістерде антикоррозиялық жабындар ретінде, сондай-ақ 1950 жылдан бастап тамақ өнімдеріне орама кабыршақтар мен ыдыстар жасауда, мата, қағаз, ағаш өнімдеріне сіңіруге қолданылады.
Қосымша №3.
Мәтіннен оқыған ақпараттарды қолдана отырып, кестені толтыр.
Мысалдар | Мысалдар | Артықшылығы | Кемшілігі |
Табиғи материалдар | |||
Жасанды материалдар |
Бағалау критерийі | Дескрипторлар | ||
Сипаттамасы бойынша табиғи немесе жасанды материалдарды ажыратады |
| ||
Табиғи және жасанды материалдардың ерекшелігін анықтайды | Табиғи және жасанды материалдардың артықшылығын анықтайды | ||
Табиғи және жасанды материалдардың кемшілігін анықтайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?