Табиғи және жасанды материалдар. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 6.2С Заттардың түзілуі және алынуы.

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Табиғи және жасанды материалдар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- 6.3.3.1 табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды

Сабақ мақсаттары

  • -Жасанды жолмен алынған заттарды табиғи заттардан ажырата білу
  • -Табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Бағалау критерийлері:

-Кейбір заттардың табиғатта түзілу мысалдарын біледі

- Табиғи және жасанды материалдардың ерекшелігін анықтайды

-Табиғатта жоқ заттарды алу қажетін түсінеді

- Сипаттамасы бойынша табиғи немесе жасанды материалдарды ажыратады

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ауызша түсіндіре алады

Пәндік лексика және терминология:

- табиғи заттар

- жасанды заттар

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

• Х жасанды заттың Ү табиғи затпен салыстырғанда артықшылықтары/кемшіліктері мыналар: …, себебі…

Менің ойымша, Х затын қолдану…мүмкіндік береді.

Азық-түлік/тұрмыстық химия өнімдерін таңдауда оның ….. қарау қажет, себебі оның … … болуы мүмкін.

Құндылықтарды дарыту

 

 «Мәңгілік ел» құндылықтары

 Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.

Пәнаралық байланыстар

 Табиғи және жасанды заттарды анықтау барысында биология пәнімен байланыс орнатылады

Бастапқы білім

 

3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу

4.3.1.1.Заттарды қасиеттеріне байланысты оларды қолдану салаларын анықтау

5-сынып Табиғатта және жасанды жолмен алынған кейбір заттардың түзілуі туралы мысалдар келтіру

6-сынып Заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеу

 ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-8

  • 1. Сабақ тақырыбын анықтау үшін «Жікте» тапсырмасын орындатыңыз. Топ – сынып форматында өтеді. Ол үшін
  • А-3 плакаты(ватман), клей, табиғи және жасанды заттардың суреттері берілген үлестірмелі карточкалар жинағы әр топқа ұсынылады. Осы суретте берілген заттарды екі топқа топтастырып, суреттерді плакатқа жапсыру тапсырылады.
  • Оқушылар осы заттарды екі топқа топтастыруы керек. Топта талдап қандай белгілер бойынша топтастырғанын түсіндіреді. Барлық идеялар тақтада тыңдалады.

Егер бірде бір оқушы заттарды дұрыс жіктей алмаса , мұғалім көмек көрсетеді немесе өзі заттардың жіктелуі туралы айтады.

  Дескрипторлар

 Оқушылар

- табиғи заттарды дұрыс анықтайды

- жасанды заттарды дұрыс анықтайды

- өз таңдауларын дұрыс түсіндіреді

2.Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және бағалау критерийлерін шығарады.

Слайд №1-3

 

Қосымша №1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

9-13

14-19

 

 

 

 

 

20-25

29-29

30-38

3. Мәтінмен жұмыс: «Табиғи және жасанды заттар» мәтінмен жеке танысады.

4. Мәтіннен оқыған ақпараттарды қолдана отырып, кестені толтырады.

Материалдар

Мысалдар

Артықшылығы

Кемшілігі

Табиғи материалдар

Жасанды материалдар

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Сипаттамасы бойынша табиғи немесе жасанды материалдарды ажыратады

Мәтіннен табиғи материалдарға жататын заттарды таңдайды

Мәтіннен жасанды материалдарға жататын заттарды таңдайды

Табиғи және жасанды материалдардың ерекшелігін анықтайды

Табиғи және жасанды материалдардың артықшылығын анықтайды

Табиғи және жасанды материалдардың кемшілігін анықтайды

5. Топтық жұмыс.

Топтағы оқушылар ұсынылған мәселені талқылайды.

1 топ

Сен супермаркеттің директоры болып қызмет атқарасың. Қағаз пакеттердің бағасы полиэтиленнен жасалған пакеттерге қарағанда сәл қымбат екенін білдің. Тұтынушыларға қандай пакеттерді ұсынасың? Өз таңдауыңызды түсіндір.

2 топ

Сен сатып алушысың. Супермаркетте саған қағаз және пластикалық пакеттер ұсынылды. Қағаз пакеттері полиэтиленге қарағанда сәл қымбат. Сен қай пакетті таңдайсың? Өз таңдауыңды түсіндір.

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- полиэтилен пакеттерге тән артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтайды

- қағаз пакеттерге тән артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтайды

- табиғи және жасанды материалдарға қатысты өз таңдауларын дұрыс түсіндіреді

Топтар дескрипторларды пайдаланып, бір-бірін бағалайды.

Әрбір топқа өз таңдауын түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.

6. Бейнефильмді тамашалау.

Осыдан соң пластикалық пакеттер, атап айтқанда, пластикалық материалдарды кәдеге жарату мерзімі мен олардың қоршаған ортаға әсері туралы бейнефильмді көрсетіңіз.

7. Постер немесе үндеу хат әзірлеу.

Бейнефильмді көріп болған соң оқушылар әртүрлі пакеттерді қолдану туралы пакеттердің «артықшылықтары мен кемшіліктері» бейнеленген постер немесе үндеу хаттарды әзірлеуі тиіс.

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- пластикалық пакеттердің келтіретін пайдасы мен қоршаған ортаға тигізетін зиянын ажырата алады

-жасанды материалдарға тән кемшіліктерді анықтайды

- қоршаған ортаның ластану себептерін түсінеді

Бағалау: дескрипторды қолдана отырып, берілген жауаптарға кері байланыс беріледі

Қосымша №2

Қосымша №3

Слайд 4-5

 

 

 

 

Слайд 6

Пластик пакеттер жайлы бейнебаян:

https://www.youtube.com/watch?v=Fvk9bZKbeb0

Сабақтың соңы:

39-40

8. Рефлексия «Тірек сөздер»

9.Үй жұмысы

«Қоршаған ортаның тазалығын сақтаудағы менің ролім» тақырыбына эссе жаз.

Дескрипторлар:

1. Табиғи және жасанды жолмен жасалған материалдарға мысал келтіріледі

2. Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға оқушының тигізетін әсері сипатталады

3.Нақты іс-әрекеттерге тоқталады

Слайд 7-8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды

Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді.

Сонымен қатар, өзара бағалау да орын алған.

Сыныптағы қозғалыс жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу