Тұрмыстық химия өнімдері. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақ басында өткен материалдарды қайталау мақсатында тұрмыстық химия өнімдері көрсетілген суреттер беріледі, олармен танысқаннан кейін бағыттаушы сұрақтар қояды. Оқушылар «4.3.1.1.Заттарды қасиеттеріне байланысты оларды қолдану салаларын анықтау» оқу мақсатына сай тапсырманы орындау барысында білімдерін көрсетеді. Осыдан барып, оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және бағалау критерийлерін шығарыңыз.
«Жүргізуші және жазушы» әдісін жаңа тақырыпты меңгеру үшін қолданыңыз. Тұрмыстық химия өнімдері бойынша шағын мәтіндерді, терминдерді алдын ала дайындаңыз. Кабинеттің қабырғаларына мәтіндерді, терминдерді іліп қойыңыз. Әр жұпта сабақтың басында жазушы мен жүгірушіні анықтау керек (оқушылар өздері шешеді, бірақ көп уақыт берілмейді). Бұдан кейін, жүгірушінің дәлізге жүгірмеуі үшін бірнеше уақыт қажет (5-7 минуттан кейін мәтіннің көлеміне байланысты), түсіндіріп, сөйлемдерді есте сақтаңыз ( телефонды пайдалана алмайсыңдар және мәтінді жылжыту мүмкін емес). Жүгіруші мәтінді немесе терминді есінде сақтағаннан соң жазушыға жүгіріп келіп айтады, жазушы барлық сөйлемдерді жазады (бірақ өзі жүгірмейді). Уақыт аяқталғаннан кейін, әр жұптан қанша сөйлемдер жазып үлгергенін сұраңыз. Бірнеше оқушылар мәтінді дауыстап оқи алады.
Оқушыларға тәжірибе жоспарын топта ақылдаса отырып, өздерінің жұмысты қалай жүргізу керектігі туралы жоспар құруын ұсыныңыз. Кейбір топтарға көмек қажет болғанда бағыттаушы сұрақтардың көмегімен жоспарды дұрыс құруға бағыттаңыз. Реактивтер мен құрал-жабдықтарды қолдана отырып, берілген заттардың ортасын анықтауға арналған жоспардың дұрыс құрылуына көңіл бөліңіз. Оқушылар ерітінді ортасын анықтауға арналған қарапайым тестті қолдана отырып, бірқатар заттарды тексеруден өткізеді және олардың арасындағы айырмашылықты анықтауға мүмкіндік беретін кестені құрастыра алады.
Әмбебап индикаторды қолданып, тұрмыстық химия өнімдерінің ортасын анықтатыңыз. Тұрмыстық химия заттарынан дайындалған ерітінділердің ортасы қандай екенін, олармен жұмыс барысында қандай қауіпсіздік ережелерін ұсына алатындарын оқушылардан сұраңыз. Барлық өнімдер үйде қолдану үшін қауіпсіз болып саналатынын, мүмкін кейбір ең белсенді тазарту құралдарын сұйылту керектігіне назар аудартыңыз. Тұрмыстық химия туралы кейбір мәліметтерді алу үшін оқушыларға тұрмыстық химия заттарының құрамын зерттеуді ұсыныңыз. Оқушылар ерітінді ортасын анықтауға арналған қарапайым тестті қолдана отырып, бірқатар заттарды тексеруден өткізе алады және олардың арасындағы айырмашылықты анықтауға мүмкіндік беретін кестені құрастыра алады.
«Химиялық заттарды қолданғанда ережелерді сақтау керек» ақпаратымен таныстырыңыз.
Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен дескрипторды талдап алған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі.
Тиімді сілтеме:
тұрмыстық химияны қолданудың ережелері: http://www.chimii.net/useful_know/pravila_ispolzovaniya_bytovoj_himii/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?