Тұрмыстық химия өнімдері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 6.2С Заттардың түзілуі және алынуы.

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Тұрмыстық химия өнімдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- 6.3.3.2 тұрмыстық химия өнімдерін қолдану саласын және оларды қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіреді

Сабақ мақсаттары

  • -Кейбір заттардың түзілу мысалдарын білу
  • -Жасанды жолмен алынған заттарды табиғи заттардан ажырата білу
  • -Табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Бағалау критерийлері:

тұрмыстық химия өнімдерін қолдану салаларын түсіндіреді

тұрмыстық химия өнімдерін қолданудың қауіпсіз ережелерін біледі

индикаторлардың түстері бойынша ерітіндінің ортасын анықтай алса.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ауызша түсіндіре алады

Пәндік лексика және терминология:

- жасанды заттар

- тұрмыстық химия

- жуғыш заттар

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша, Х затын қолдану…мүмкіндік береді.

Азық-түлік/тұрмыстық химия өнімдерін таңдауда оның ….. қарау қажет, себебі оның … … болуы мүмкін.

Құндылықтарды дарыту

 

 «Мәңгілік ел» құндылықтары

 Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.

Пәнаралық байланыстар

 Табиғи және жасанды заттарды анықтау барысында биология пәнімен байланыс орнатылады

Бастапқы білім

 

3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу

4.3.1.1.Заттарды қасиеттеріне байланысты оларды қолдану салаларын анықтау

5-сынып Табиғатта және жасанды жолмен алынған кейбір заттардың түзілуі туралы мысалдар келтіру

6-сынып Заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеу

 ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

1. Өткен материалдарды қайталау «4.3.1.1.Заттарды қасиеттеріне байланысты оларды қолдану салаларын анықтау» оқу мақсатына сай оқушылар тапсырманы орындау барысында білімдерін көрсетеді.

Суреттерге қарай отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

1.Суретте көрсетілген заттар қайда қолданылады?

2.Қалай ойлайсың, осы заттардың құрамы қандай?

3.Осы заттардың ерітінділері қандай орта көрсетеді?

2.Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және бағалау критерийлерін шығарады.

Слайд №1-3

 

 

Сабақтың ортасы

7-20

21-25

26-37

3. «Жүргізуші және жазушы» әдісі.

Тұрмыстық химия өнімдері бойынша шағын мәтіндерді,терминдерді алдын ала дайындаңыз. Кабинеттің қабырғаларына мәтіндерді, терминдерді іліп қойыңыз. Әр жұпта сабақтың басында жазушы мен жүгірушіні анықтау керек (оқушылар өздері шешеді, бірақ көп уақыт берілмейді). Бұдан кейін, жүгірушінің дәлізге жүгірмеуі үшін бірнеше уақыт қажет (5-7 минуттан кейін мәтіннің көлеміне байланысты), түсіндіріп, сөйлемдерді есте сақтаңыз ( телефонды пайдалана алмайсыңдар және мәтінді жылжыту мүмкін емес).

Жүгіруші мәтінді немесе терминді есінде сақтағаннан соң жазушыға жүгіріп келіп айтады ,жазушы барлық сөйлемдерді жазады (бірақ өзі жүгірмейді). Уақыт аяқталғаннан кейін, әр жұптан қанша сөйлемдер жазып үлгергенін сұраңыз. Бірнеше оқушылар мәтінді дауыстап оқи алады.

Тұрмыстық химия - мүлікті күтуге арналған химиялық өнімдер: киім, бөлмелер, автокөліктер.

Қауіпсіздік - қауіпті өндірістік факторлардың әсеріне жол бермейтін ұйымдастыру шаралары, техникалық құралдар және әдістер жүйесі.

Индикатор – ерітіндінің ортасына байланысты түсін өзгертетін зат.

Сілті - индикаторды көк-жасыл түске бояйтын күйдіргіш зат

Қышқыл - индикаторды қызыл түске бояйтын күйдіргіш зат.

Дескрипторға сай жұптағы оқушылар өзара бағалайды

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- жүргізуші өз міндетін дұрыс атқарды

- жазушы өз міндетін дұрыс атқарды

- жаңа терминдер мен ақпараттар туралы түсінік қалыптасты

4. Оқушыларға тәжірибе жоспарын топта ақылдаса отырып, өздерінің құруын ұсыныңыз. Кейбір топтарға көмек қажет болғанда бағыттаушы сұрақтардың көмегімен жоспарды дұрыс құруға бағыттаңыз.

Мақсаты: әмбебап индикаторларды қолданатын тұрмыстық химия өнімдерінің ортасын анықтау. Реактивтер: шапмунь, кір жуатын ұнтақ, сабын ерітіндісі, әйнек тазалағыш.

Жабдықтар мен ыдыстар: сынауықтар, тамшуыр, сынауық қоятын штатив, әмбебап индикаторлар

Жұмыс барысы: Реактивтер мен құрал-жабдықтарды қолдана отырып, берілген заттардың ортасын анықтауға арналған жоспар құрыңдар.

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- жұмыс жоспарын дұрыс құрайды

- жуғыш заттардың ерітінді ортасын анықтайды

-ол ортаны бейтараптану реакциясы арқылы бейтараптайды

Оқушылар ерітінді ортасын анықтауға арналған қарапайым тестті қолдана отырып, бірқатар заттарды тексеруден өткізеді және олардың арасындағы айырмашылықты анықтауға мүмкіндік беретін кестені құрастыра алады.

 Дескрипторлар Оқушылар

-Тұрмыстық химия өнімдерінің ағзаға тигізетін қауіпті әсерлерін түсінеді

-Тұрмыстық химия өнімдерін қауіпсіз қолданылу ережелерін құрастырады

5. Тұрмыстық химия өнімдерін қалай қауіпсіз қолдануға болады?

Мұғалім оқушылардан тұрмыстық химиялық заттардың ерітінділерінің ортасы бойынша қандай қорытынды жасауға болатынын сұрап, олармен жұмыс істеу кезінде

қандай қауіпсіздік ережелерін ұсынуға болатынын сұрайды.

6. Өнімнің бір түрінің, мысалы, сусабын, сабынның 2-3 заттаңбасын оқушыларға таратыңыз. Олар жұпқа/топқа бөлініп, қолдану кезінде денсаулыққа зияндылығы ең төмен өнімді таңдауы және талқылауы тиіс, бұл таңдаудың негізін дәлелдеулері қажет.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сусабынның құрамы қандай заттардан тұрады?
  • Оның құрамындағы заттар зиянды ма?
  • Қолдану барысында қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет? Неліктен?
  • Өнімді қандай критерийге сай бағаладың? Неліктен?

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- сусабынның құрамына кіретін заттарды анықтайды

- қауіптілік деңгейін анықтай алады

- Өнімді бағалау критерийлерін біледі

Бағалау: дескрипторды қолдана отырып, берілген жауаптарға кері байланыс беріледі

Слайд 4

Қосымша №1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Сабақтың соңы:

38-40

7. Рефлексия

Мұғалім оқу мақсатына қайта оралып, оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін талқылау барысында анықтайды. Дескрипторларға сай кері байланыс жасайды.

8. «Химиялық заттарды қолданғанда ережелерді сақтау керек» ережелерді оқу

Слайд 8

Қосымша №2

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды

Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді.

Зерттеу жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу