Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтары. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: 6.2С Заттардың түзілуі және алынуы. | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.3.4 Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын атау және көрсету | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - Қазақстандағы табиғи байлықтардың шоғырлануын картада көрсетіп, атласта, карталарда көрсету - Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтарын атау және көрсету | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Табиғи ресурстардың түрлерін біледі; Картадағы табиғи ресурстардың шоғырлануын көрсете алады; Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтарын атайды және көрсетеді | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар ... Сыныптастармен жұмыс жасау (презентация, карталар, пікірталастар және т.б.) тақырып бойынша мәтіндерді оқу және зерттеу (оқу, жазу дағдылары), тұжырымдар жасау (сөйлеу дағдылары, тыңдау). Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология: Табиғи ресурстар: су, мұнай, көмір, табиғи газ, алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, титан. Диалогтар мен жазбалар үшін пайдалы сөз өрнектер: Менің ойымша, ... Жақын болашақта ............. таусылуы мүмкін. Алайда, ұзақ мерзімді перспективада қайта жандандыру мүмкіндігі бар -деп айта алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| «Мәңгілік ел» құндылықтары Табиғатқа мұқият қарау арқылы, оның аумағының және тұтастай алғанда Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеу арқылы жүзеге асырылады. Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен биологиялық ресурстардың түрлерін, сондай-ақ физика және химия пәндерімен физика-химиялық ерекшеліктерін сипаттау барысында байланыс байқалады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім
| 3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу 4.3.1.1.Заттарды қасиеттеріне байланысты оларды қолдану салаларын анықтау 5-сынып Табиғатта және жасанды жолмен алынған кейбір заттардың түзілуі туралы мысалдар келтіру 6-сынып Заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
ЖОСПАР | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер
| Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-8 9-14 | Ұйымдастыру кезеңі: 1. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын ала отырып, оқушыларды жаңа оқу мақсатын анықтауға қарай бағыттаңыз.
2. Талқылау сұрағы:
Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлері оқушылармен бірге анықталады. | Слайд №1
(8 сұрақ) берілген Қосымша №1 Слайд №2 Слайд №3-4 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
15-25
26-30 31-37 | 3. Пайдалы қазбалардың ҚР таралуын зерттеу. Қазақстанның табиғи ресурстарын өңдеудің ірі орталықтарымен таныстырыңыз. Ол үшін оқушыларға пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтары белгіленген Қазақстанның картасын таратыңыз, жұппен жұмыс істей отырып, шартты белгілері арқылы пайдалы қазбалардың ҚР таралуын зерттейді. Қолданыстағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын енгізуге таза карта беріңіз.
Өзара тексеру. Оқушылар карталарын айырбастайды және бір-бірінің жұмыстарын дескрипторға сай тексеріп, кері байланыс береді. 4. ҚР химиялық өндірістің дамуы. Сынып бөлмесінің әр жеріне Қазақстанның аймақтарының атаулары жазылған парақтарды орналастарыңыз және оқушыларды кезекпен әр аймақтағы маңызды өндіріс орталықтарын көрсетіп белгілеулерін сұраңыз. Жиналған деректердің негізінде ҚР химиялық өндірістің дамуы туралы қорытынды жасауларына мүмкіндік беріңіз.
Пайдалы қазбалардың өндеу орталығы міндетті түрде оның кездесу орнымен сәйкес келмейтіндігіне оқушылардың назарын аударыңыз. 5. Кестені толтыр. Оқушыларға шартты белгілер, пайдалы қазбалардың орындары, өндеу орталықтары, алынатын өнімдер жазылған карточкаларды таратыңыз. Топ мүшерлерінен неліктен бір қатарда кен, руда, өңдеу орталығы, атауы және т.б. біріктірілгендігін түсіндірулерін және бос орындарды толтыруларын сұраңыз
Дескрипторға сай бағалауды мұғалім ауызша жүргізеді. Тапсырманы орындау барысында көмек қажет еткен оқушыларға қолдау көрсетеді.
| Слайд 5 -8 Қосымша №2
Қосымша №3 Слайд №9 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы: 38-40 | 5. Кері байланыс: Бүгін мен үшін жаңалық болды? Менде ................... атлас картамен шартты белгілерді қолдана отырып жұмыс істеу дағдылары қалыптасты. Бүгінгі алған білімімді ....................... пәндерде қолдана аламын. | Слайд 10 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, жұптағы, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды | Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау орын алған. | Зерттеу жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?