Органикалық және бейорганикалық заттар. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақ сынып қабырғаларына жапсырылып тұрған 15 суретті (қосымша №1 берілген) зерделеп, екіге жіктеуді ұсынудан басталады. Суреттерді топпен аралап жүріп, қалай жіктеуге болатынын топта талдайды. Оқушылар заттарды тек 2 топқа жіктеуі мүмкін (табиғи және жасанды). Бұл жағдайда мұғалім оқушыларды ұсынылған заттарды, сонымен қатар, металдар мен бейметалдарға жіктеуге болатыны туралы бағыт-бағдар береді. Мұғалім оқушыларға өздеріне белгілі «Галереяға саяхат» бөлімінде кездескен суреттердегі денелердің/заттардың құрамын анықтауды ұсынады. Тапсырманы аяқтағаннан кейін, мұғалім оқушыларға осы заттарды тірі және өлі табиғатқа жіктеуді ұсынады. Ары қарай оқушылар «тірі табиғат» ұғымына балама ретінде сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады. Яғни, олар тірі ағзалар, ағзалар, органикалық заттар сияқты ұғымдарды ұсынулары қажет.

 Оқушыларды заттарды органикалық және бейорганикалық деп жіктеуге бағыттап, түсінік беріңіз. Органикалық және бейорганикалық заттардың термиялық тұрақтылығының айырмашылығын көрсету үшін қант пен ас тұзын қыздырыңыз. Осылайша, органикалық заттардың бейорганикалық заттарға қарағанда жылдам ыдырайтынын дәлелдеуге болады.

 Мәтінмен жұмыс кезінде оқушылар бейорганикалық және органикалық заттардың айырмашылығын анықтайды, оқушыларда туындаған сұрақтарды «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша ортаға шыққан оқушыға қоя отырып, сынып форматында талдайды.

 Түсіп қалған сөздермен жұмыс істеу барысында алған білімдерін дұрыс қолдануларына көңіл бөліңіз. Сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оқушылардың қаншалықты меңгергеніне көңіл бөліңіз. Неліктен заттар органикалық және бейорганикалық заттарға жіктелетініне назарларын аударыңыз. Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушылардың жұмысына кері байланыс беріңіз.

 Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған. Оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылған (эксперимент, график, кесте). Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім немесе жұпта, топта жұмыс істеу барысында қабілеті жоғары оқушылар тарапынан қолдау көрсетіледі. Әр тапсырманы орындау кезінде оқушыларды дескриптормен таныстыруды ұмытпаған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі. Оқушыларға кері байланыс беріп отыруды ұмытпаңыз.

 Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз.

 

 Тиімді сілтеме:

http://www.nscience.ru/chemistry/general/substances_and_their_transformations/classification_of_substances/

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу