Органикалық және бейорганикалық заттар. Жаратылыстану, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1 Галереяға саяхат

Дескрипторлар:

- Заттарды табиғи және жасандыға жіктейді

- Заттарды металдар мен бейметалдарға жіктейді

https://avatars.mds.yandex.net/get-pdb/216365/9a06c2ba-e925-4f55-835e-b91b74e27f32/s1200

https://clck.ru/CUe4x

Қосымша №2 Мәтін «Органикалық заттар — көміртегінің қосылыстары»

 Ерекше жағдай: көміртегінің оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздары бейорганикалық заттарға жатады.

 Барлық органикалық заттар құрамында міндетті түрде көміртегі болады.

 Органикалық заттар тірі ағазалардың негізін құрайды. Ақуыздар, майлар, көмірсулар органикалық қосылыстар болып табылады. Табиғи газмұнайтас көмір, торф органикалық заттардан тұрады. Адамдар қолданатын табиғи органикалық заттардың кейбір мысалдары: қант, крахмал, сірке қышқылы, каучукмайлар, ағаш.

  Біз өте көп мөлшерде, табиғатта кездеспейтін синтетикалық органикалық заттарды қолданамыз. Мысалы: полиэтиленкапронлавсан және т.б.

 Тұрмыста әрқашан жуғаш заттар, дәрілер және косметиканы қолданамыз.

 Автокөліктер резеңке дөңгелектерсіз қозғала алмайды.

 Киімдеріміз тігілетін маталар органикалық заттардан тұратын талшықтардан жасалады.

  Назар аударыңыз! Органикалық заттар:

  •  Молекулалық құрылысқа ие;
  •  Ұшқыш әрі тез балқитын;
  •  Қыздыру кезінде көмір түзе ыдырайтын;
  •  Ауада көмірқышқыл газы мен су түзе жанатын заттар.

Мәтін «Бейорганикалық заттар»

 Шамамен 700 мыңға жуық бейоганикалық заттар белгілі. Олар өлі табиғатты: минералдар, тау жыныстарын және т.б. құрайды. Олар негізінен қатты заттар болып келеді.

 Жансыз табиғаттың денелері, әдеттегідей, бейорганикалық заттардан құрылған. Бейорганикалық заттарға оттегі, сутегі, су, мыс, алюминий, натрий хлориді (ас тұзы) және т.б. жатады. Бейорганикалық заттар жай (оттегі) және күрделі (су) болады.

 Сонымен қатар көміртегінің органикалық емес басқа да қосылыстары жатады, мысалы, сода, бор, иіс газы мен көмірқышқыл газы және т.б. Жай заттар да бейорганикалық заттарға жатады.

 Көптеген бейорганикалық заттар ферменттердің, гормондардың, дәрумендердің тағы да басқа биологиялық белсенді қосылыстардың құрамына кіреді, жасуша мембраналары арқылы химиялық заттарды тасымалдау процесіне, ет пен жүйке тіндерінің қозу процестеріне, қанның ұюына және т.б. қатысады.

Қосымша №3 Мәтінде түсіп қалған сөздерді толықтырыңыз:

Заттар.......................................... және .......................................... жіктеледі. Барлық органикалық заттардың құрамына........................................ элементі кіреді. Органикалық заттар төмен .......................................... ерекшеленеді. Мысалы, қантты қыздырғанда .................................. түсті сұйықтыққа айналады, ал ас тұзын қыздырғанда .................................. . Органикалық заттарға .........................................., .........................................., ......................................... жатады, тағы басқа адам жасайтын заттарды да жатқызады. Мысалы: .........................................., .......................................... және басқалары.

Қосымша №4 Үйге тапсырма:

Берілген заттарды крахмал, су, көмірқышқыл газ, фруктоза, оттегі, глюкоза, гемоглобин, темір, ас тұзы, лактоза, целлюлоза, ас сода органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу