Органикалық және бейорганикалық заттар. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 6.2В : Заттардың жіктелуі

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Органикалық және бейорганикалық заттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.1 заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктейді

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- органикалық және бейорганикалық заттар туралы түсінік беру

- заттарды жіктей білу

Бағалау критерийлері:

- заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеу;

- органикалық заттарға екі мысал келтіру;

- бейорганикалық заттарға екі мысал келтіру.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- органикалық және бейорганикалық заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ауызша және жазбаша сипаттай алады

Пәндік лексика және терминология:

органикалық заттар, бейорганикалық заттар

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Барлық органикалық қосылыстардың құрамына …атомдары кіреді..

Құндылықтарды дарыту

 

 «Мәңгілік ел» құндылықтары

 Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған.

 Құндылықтарды дарыту жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

 Заттың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылысы мен балқу және қайнау температуралары туралы ұғымдарды қарастыру барысында физика пәнімен байланыс орнатылады

Бастапқы білім

 

2.1.1.8 Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кесте түрінде беру

3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу 

3.2.1.3 Фотосинтез үдерісін білу және түсіну

3.3.3.1 Тірі ағзада және өлі табиғатта судың бар болатыны туралы білу  

 ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-8

9-10

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді.

1. Галереяға саяхат

Топтық жұмыс-сынып форматы

Оқушылар топпен кабинет қабырғаларында ілініп түрған 15 суретті зерделеп, жіктейді.

Оқушылар заттарды тек 2 топқа жіктеуі мүмкін: табиғи және жасанды. Бұл жағдайда оқушылардың білім деңгейін тексергенннен кейін, мұғалім оқушыларды ұсынылған заттарды, сонымен қатар, металдар мен бейметалдарға жіктеуге бағыт-бағдар береді.

 Бағалау: мұғалім оқушылардың жауаптарына ауызша кері байланыс береді

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- Заттарды табиғи және жасандыға жіктейді

- Заттарды металдар мен бейметалдарға жіктейді

2. Мұғалім оқушыларға өздеріне белгілі «Галереяға саяхат» бөлімінде кездескен суреттердегі денелердің/заттардың құрамын анықтауды ұсынады.

Осы тапсырманы аяқтағаннан кейін, мұғалім оқушыларға осы заттарды тірі және өлі табиғатқа жіктеуді ұсынады. Ары қарай оқушылар «тірі табиғат» ұғымына балама ретінде сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады. Яғни, олар тірі ағзалар, ағзалар, органикалық заттар сияқты ұғымдарды ұсынулары қажет.

3. Мақсатты тұжырымдау.

Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты анықталады:

  • органикалық және бейорганикалық заттар туралы түсінік беру
  • заттарды жіктей білу

Слайд №1-2

 

Қосымша №1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

11-14

 

15-18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19-23

24-29

30-33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

34-36

4. Мұғалім оқушыларды заттарды органикалық және бейорганикалық деп жіктеуге бағыттап, түсінік береді.

5. Көрсетілім

Мұғалім қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтай отырып, эксперимент жүргізеді

«Мақтаның (қанттың) жануы»

«Ас тұзын қыздыру»

Дескрипторлар

 Оқушылар

  • дененің заттан құралатынын біледі
  • заттарды тірі және өлі табиғатқа жіктейді
  • органикалық/бейорганикалық заттарды термиялық тұрақтылығы бойынша ажырата алады

5. Мәтінмен жұмыс. 1-2 топ оқушылары «Органикалық заттар — көміртегінің қосылыстары» мәтінімен, ал 3-4 топ оқушылары «Бейорганикалық заттар» мәтінімен танысып, топта талдайды.

 Дескрипторлар

 Оқушылар

  • бейорганикалық және органикалық заттардың айырмашылығын анықтайды
  • мысалдар келтіре алады

6. «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша ортаға әр тақырып бойынша бір оқушы шығады, сынып форматында түсіндіреді. Туындаған сұрақтарға жауап береді.

7. Жеке жұмыс – сынып форматы

Мәтінде түсіп қалған сөздерді толықтыр:

Заттар.......................................... және .......................................... жіктеледі. Барлық органикалық заттардың құрамына........................................ элементі кіреді. Органикалық заттар төмен .......................................... ерекшеленеді. Мысалы, қантты қыздырғанда .................................. түсті сұйықтыққа айналады, ал ас тұзын қыздырғанда .................................. . Органикалық заттарға .........................................., .........................................., ......................................... жатады, тағы басқа адам жасайтын заттарды да жатқызады. Мысалы: .........................................., .......................................... және басқалары.

 Дескрипторлар

 Оқушылар

  • Сөйлем мағынасына қарай сөйлемді толықтырады
  • Органикалық/бейорганикалық заттардың ерекшеліктерін түсінеді

 Дескриптор бойынша бағалау

8. Сабақты бекітуНеліктен заттар органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеледі?

 

 

Слайд 3-5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 6

Қосымша №2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 3

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 7

Сабақтың соңы:

37-40

9. Рефлексия «Бес бармақ»

10. Үйге тапсырма:

 Берілген заттарды крахмал, су, көмірқышқыл газ, фруктоза, оттегі, глюкоза, гемоглобин, темір, ас тұзы, лактоза, целлюлоза, ас сода органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеңіз

 

Слайд 8-9 Қосымша №4

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, жұптағы, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды

Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді.

Өзара және өзін-өзі бағалау

Партада дұрыс, ыңғайлы отыруы;

Көрсетілім барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы (қорғағыш көзілдірік, қолғап, ақ халат).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу