Қышқылдар мен сілтілер. Индикаторлар. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.


Бөлім: 6.2В : Заттардың жіктелуі

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Қышқылдар мен сілтілер Индикаторлар (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- 6.3.2.2 тірі және өлі табиғаттағы қышқылдық, сілтілік және бейтарап орталарды ажыратады және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтайды

Сабақ мақсаттары

- заттардың ортасы табиғи қышқылдық/сілтілік/бейтарап болатынын білу- әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтау- табиғи индикаторларды және олардың түстерінің түрлі ортада өзгеруін білу

Бағалау критерийлері:

- индикатор ұғымын түсінеді

- ерітіндідегі заттарды ортасы бойынша жіктейді

- әр түрлі орталы ерітінділердегі әмбебап индикаторының түсінің өзгеру диапазонын біледі

- әмбебап индикатордың қышқылдық, сілтілі және бейтарап ортадағы түсін атайды

-табиғи индикатор дайындай алады

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- ерітіндінің ортасы қалай анықталатынын сипаттай алады;

Пәндік лексика және терминология:

- қышқылдық орта

- сілтілілік орта

- бейтарап орта

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

•Әмбебап индикатор …….үшін қажет.

• Егер ерітіндідегі әмбебап индикатордың түсі ….. өзгерсе, онда орта …

Құндылықтарды дарыту

 

 «Мәңгілік ел» құндылықтары

 Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.

Пәнаралық байланыстар

 Табиғи объектілердің ортасын анықтау барысында биология пәнімен байланыс орнатылады

Бастапқы білім

 

2.1.1.8 Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кесте түрінде беру

3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу 

3.2.1.3 Фотосинтез үдерісін білу және түсіну

3.3.3.1 Тірі ағзада және өлі табиғатта судың бар болатыны туралы білу  

 ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6

  • Сұрақ-жауап

Ал, сіз бұрынғы заманда кірді және шашты немен жуғанын білесіз бе?

Оқушылардың жауаптары толық болмаған жағдайда мұғалім слайд-2 қолдана отырып, түсіндіреді

  Дескрипторлар

 Оқушылар

- заттар белгілі ортаға ие екендігін түсінеді

- сілтілік орта жуғыш қабілетке ие екендігін біледі

2.Мақсатты тұжырымдау.

Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты анықталады:

- заттардың ортасы табиғи қышқылдық/сілтілік/бейтарап болатынын білу- әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтау- табиғи индикаторларды және олардың түстерінің түрлі ортада өзгеруін білу

Слайд №1-2

 

Қосымша №1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

7-12

 

 

 

 

 

 

13-36

 

 

Дескрипторлар

 Оқушылар

  • Қышқылдық/сілтілік/бейтарап орта бар екенін түсінеді
  • Индикаторлар туралы түсінік қалыптасады
  • Әмбебап индикаторы мен табиғи индикатордың ерекшеліктерін ажыратады

3. Мұғалім оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін заттарды слайдтан көрсете отырып, әр зат өзіне тән орта көсететінін, қышқылдық/сілтілік/бейтарап ортаны индикаторлар көмегімен анықтауға болатынын түсіндіреді. Индикатор– әртүрлі орталарда түсін өзгертетін зат. Әмбебап индикаторы мен табиғи индикаторлардың ерекшеліктері туралы ақпарат беріледі.

4. Сынып оқушылары 4 топқа бөлініп, жұмысты топпен орындайды.

Лабораториялық жұмыс (қосымша №1)

Тақырыбы: Табиғи индикатор дайындау және табиғи объектілердің ерітінді ортасын анықтау

 Дескрипторлар

 Оқушылар

-зерттеуді қауіпсіз жүргізу үшін жазбаша және ауызша нұсқауларды қолданады

- табиғи индикаторды жасау әдісін меңгереді

- әмбебап индикаторы және табиғи индикатор көмегімен қышқылдар мен сілтілерді анықтайды

- топта жұмыс істеу кезінде басқалармен қарым-қатынас жасайды

- жқмысты дұрыс қорытындылайды

Бағалау: Әр оқушының жұмысына мұғалім жазбаша түрде кері байланыс береді

Слайд 3-8

 

 

Қосымша №1

Слайд 9

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы:

37-40

5. Рефлексия «Бес бармақ»

Бас бармақ – басты мәселе

Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу

Мен топта (жұпта) қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек – ойлану

Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық

Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Слайд 10

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды

Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді.

Партада дұрыс, ыңғайлы отыруы;

Лабораториялық жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу