Бейтараптану үдерісі. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақ басында проблемалық сұрақ туындату үшін оқушыларға келесі көрсетілімді көрсетіңіз: Ас содасының сұйылтылған ерітіндісіне әмбебап индикатор қағазын батырыңыз және индикатор қағазы бастапқы түріне енгенге дейін біртіндеп тамшылатып лимон шырынын қосыңыз. -Неліктен ас содасы мен лимон қышқылы әрекеттескенде индикатор қағазы бастапқы түске өзгерді?,-деген сұрақты қоя отырып, оқушылардың пікірлерін тыңдайды. Мұғалім оқушылардың пікірталасын бейтараптану түсінігін қалыптастыру мақсатына қарай бағындыра отырып, алдында жасалған экспериментке сүйеніп, болған құбылысты түсіндіреді. Бейтараптану реакциясының сызбасын жазыңыз.

 Сабақ ортасында «Қышқылдар мен негіздер» 2-бөлім бейнекөрінісін көргеннен кейін, асқазанымыздағы тұз қышқылы қандай қызмет атқаратынына, қышқылдық жоғарылап немесе төмендеген жағдайда қандай шара қолдануға болатынына, бейтараптану реакцияларының қолданылуын сипаттайтын сұрақтар қоя отырып, оқушылармен әңгімелесіңіз. Бейнекөрініс бойынша сұраққа оқушылар толық жауап бере алмаса, жауапты толықтырыңыз.

 Осы тақырыпты ашу мақсатында мәтінмен жұмыс жасатып, мини зерттеу жүргізіңіз. Одан

 кейін «Қышқылдық жаңбыр» түсінігін сыныппен талқылаңыз. Олардан қышқыл жаңбырлар қалай пайда болатыны, қоршаған ортаға қалай әсер ететіні туралы сұраңыз. Қышқыл жаңбырлардан басқа химиялық тыңайтқыштарды шамадан тыс қолдану салдарынан да топырақ қышқыл болатынын түсіндіріңіз. Талқылаудан соң оқушылардан мұндай топырақтың қышқылдығын қалай төмендетуге болатынын сұраңыз.

 Егер оқушылар «сілті қосу қажет» деген пікірді айтпаса, онда топырақ тым қышқыл болған кезде оны сілтімен, мысалы, сөндірілген әкпен өңдейтіні туралы айтып түсіндіріңіз. Жұмысты орындағаннан кейін оқушылардың жұмысына кері байланыс беріңіз.

 Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз. Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім немесе жұпта, топта жұмыс істеу барысында қабілеті жоғары оқушылар тарапынан қолдау көрсетіледі. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен дескрипторды талдап алған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі.

 

 

 

 Тиімді сілтеме:

 http://www.education.com/science-fair/article/lemonade-science/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу