file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Органикалық және бейорганикалық заттар. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты оқушыларға қораптарда берілген (сүт, айран және басқа азық-түліктерден) өнімдердің құрамымен танысуды және оларды органикалық және бейорганикалық заттарға бөліп көруді ұсынудан бастаңыз. Барлық топтардың жауаптарына ауызша кері байланыс беріңіз.

Оқушылардың жұмыс нәтижелерін талқылаңыз және органикалық заттардың бейорганикалық заттардан негізгі айырмашылығын түсіндіріңіз.

Органикалық заттарға тек қана тірі ағзалардың құрамына кіретін ақуыздар, майлар, көмірсулар (қант, глюкоза) ғана жатпайды, сонымен қатар адам синтездеген басқа да қосылыстар жататыны туралы білімді қалыптастырыңыз (пластмассалар, жасанды маталар және т.б.). Оқушыларға фотосинтез кезінде оттегімен бірге органикалық қосылыстардың түзілетінін түсінуге мүмкіндік беріңіз.

  • Фотосинтез процесі кезінде қандай өзгерістер байқалады?
  • Фотосинтез процесіне қатысатын және нәтижесінде түзілген заттарды жікте.

Толықтай түсіну үшін органикалық заттардың салыстырмалы түрде жоғары емес температурада тұрақсыздықтарымен, төмен балқу температураларымен (300°С дейін), жанғыштықтарымен ерекшеленетінін түсіндіру қажет. Органикалық және бейорганикалық заттардың термиялық тұрақтылығының айырмашылығын көрсету үшін қант пен ас тұзын қыздырыңыз. Осылайша, органикалық заттардың бейорганикалық заттарға қарағанда жылдам ыдырайтынын дәлелдеуге болады.

 Сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оқушылардың қаншалықты меңгергеніне көңіл бөліңіз. Неліктен заттар органикалық және бейорганикалық заттарға жіктелетініне назарларын аударыңыз. Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушылардың жұмысына кері байланыс беріңіз.

 Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған. Оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылған (эксперимент, сурет, кесте). Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім немесе жұпта, топта жұмыс істеу барысында қабілеті жоғары оқушылар тарапынан қолдау көрсетіледі. Әр тапсырманы орындау кезінде оқушыларды дескриптормен таныстыруды ұмытпаған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі. Оқушыларға кері байланыс беріп отыруды ұмытпаңыз.

 Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз.

 

 Тиімді сілтеме:

http://www.nscience.ru/chemistry/general/substances_and_their_transformations/classification_of_substances/

 



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу