Органикалық және бейорганикалық заттар. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 6.2В : Заттардың жіктелуі

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Органикалық және бейорганикалық заттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.1 заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктейді

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- органикалық және бейорганикалық заттар туралы түсінік беру

- заттарды жіктей білу

Бағалау критерийлері:

- заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеу;

- органикалық заттарға екі мысал келтіру;

- бейорганикалық заттарға екі мысал келтіру.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- органикалық және бейорганикалық заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ауызша және жазбаша сипаттай алады

Пәндік лексика және терминология:

органикалық заттар, бейорганикалық заттар

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Барлық органикалық қосылыстардың құрамына …атомдары кіреді..

Құндылықтарды дарыту

 

 «Мәңгілік ел» құндылықтары

 Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған.

 Құндылықтарды дарыту жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

 Заттың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылысы мен балқу және қайнау температуралары туралы ұғымдарды қарастыру барысында физика пәнімен байланыс орнатылады

Бастапқы білім

 

2.1.1.8 Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кесте түрінде беру

3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу 

3.2.1.3 Фотосинтез үдерісін білу және түсіну

3.3.3.1 Тірі ағзада және өлі табиғатта судың бар болатыны туралы білу  

 ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6

7-8

1. Топтық жұмыс-сынып форматы

Оқушыларға қораптарда берілген (сүт, айран және басқа азық-түліктерден) өнімдердің құрамымен танысуды және оларды органикалық және бейорганикалық заттарға бөліп көруді ұсыныңыз.

Бағалау: мұғалім оқушылардың жауаптарына ауызша кері байланыс береді

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- Заттарды табиғи және жасандыға жіктейді

- Заттарды органикалық/бейорганикалық заттарға жіктейді

2. Мақсатты тұжырымдау.

Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты анықталады:

  • органикалық және бейорганикалық заттар туралы түсінік беру
  • заттарды жіктей білу

Слайд №1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №2

Сабақтың ортасы

9-15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16-21

22-27

28-33

34-38

3. Оқушылардың жұмыс нәтижелерін талқылаңыз және органикалық заттардың бейорганикалық заттардан негізгі айырмашылығын түсіндіріңіз.

Органикалық заттарға тек қана тірі ағзалардың құрамына кіретін ақуыздар, майлар, көмірсулар (қант, глюкоза) ғана жатпайды, сонымен қатар адам синтездеген басқа да қосылыстар жататыны туралы білімді қалыптастырыңыз (пластмассалар, жасанды маталар және т.б.)

 Дескрипторлар

 Оқушылар

  • бейорганикалық және органикалық заттардың айырмашылығын анықтайды
  • мысалдар келтіре алады

4.Оқушыларға фотосинтез кезінде оттегімен бірге органикалық қосылыстардың түзілетінін түсінуге мүмкіндік беріңіз.

  • Фотосинтез процесі кезінде қандай өзгерістер байқалады?
  • Фотосинтез процесіне қатысатын және нәтижесінде түзілген заттарды жікте

Дескрипторлар

Оқушылар

- Фотосинтез барысындағы өзгерістерді түсінеді

- Фотосинтез процесіне қатысатын және нәтижесінде түзілген заттарды жіктейді

5.Толықтай түсіну үшін органикалық заттардың салыстырмалы түрде жоғары емес температурада тұрақсыздықтарымен, төмен балқу температураларымен (300°С дейін), жанғыштықтарымен ерекшеленетінін түсіндіру қажет.

Көрсетілім

Мұғалім қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтай отырып, эксперимент жүргізеді

«Мақтаның (қанттың) жануы»

«Ас тұзын қыздыру»

Дескрипторлар

 Оқушылар

  • дененің заттан құралатынын біледі
  • заттарды тірі және өлі табиғатқа жіктейді
  • органикалық/бейорганикалық заттарды термиялық тұрақтылығы бойынша ажырата алады

 6. Суретте берілген заттармен танысып, олардың арасынан органикалық заттарға жататынын таңда.

Парафинді балауыз

Натрий гидрокарбонаты

Көміртек

Иіс газы

Көмірқышқыл газы

Негізгі компонент – Целлюлоза

Полипропилен

Жауабын берілген кеңістікке үтір арқылы жаз.

Неге осы заттарды таңдадың? Түсіндір.

7. Топ-сынып форматында талқыла.

Неліктен заттар органикалық және бейорганикалық заттарға бөлінеді?

Дескриптор бойынша өзара бағалау жүргізеді.

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- Органикалық заттарға тән ерекшеліктерді түсінеді

- Бейорганикалық заттарға тән ерекшеліктерді түсінеді

 

 

Слайд №3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №4

Слайд №5

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №6

Қосымша 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 7

Сабақтың соңы:

39-40

8. Рефлексия

 

Слайд 8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, жұптағы, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды

Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді.

Өзара және өзін-өзі бағалау

Партада дұрыс, ыңғайлы отыруы;

Көрсетілім барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы (қорғағыш көзілдірік, қолғап, ақ халат).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу