Бейтараптану үдерісі. Жаратылыстану, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша №1
Бейтараптану көп жерде қолданылады. Асқазандағы қышқыл концентрациясы жоғары болғанда, асқазанның жұмысы бұзылады, бұл жағдайда қышқылды бейтараптандыру үшін негіз ретінде антацидті қабылдаймыз. Көп қолданылатын антацидтерге кальций карбонаты, натрий гидрокарбонаты (сода бикарбонаты), магний гидроксиді, аллюминий гидроксиді және магний карбонаты жатады. Қышқылдар, сондай-ақ, ауыз қуысындағы бактериялардың әсерінен түзіледі, олар тәтті тағамдарды қышқылдарға ыдыратып, нәтижесінде қышқылдар тіс эмалін ерітіп, тіс жегін тудырады. Тіс пастасы сілті болып табылады, ол ауыз қуысындағы қышқылдарды бейтараптандырып, эмальдың бұзылуын тежейді.
Бейтараптану реакциясына қасиеттері қарама – қарсы заттар қатынасатындықтан, оның көмегімен белгісіз затты анықтауға болады.
Қосымша №2 Мини зерттеу
Тақырып Бейтарап үдерісін зерттеу.
Жұмыс мақсаты Бейтарап үдерісін зерттеу.
Құралдар мен реактивтер:
0,2М хлорсутек қышқылы ерітіндісі – 10 мл,
«Ренни» дәрісі -1, су 50 мл,
2 - 100 мл стакан, 1 әмбебап индикатор.
Қауіпсіздік техникасы сақталу керек!
- Қышқыл және сілті ерітіндісімен жұмыс жасағанда.
- Шыны ыдыстармен жұмыс істегенде.
Бағалау критерийі: Бейтарап үдерісін зерттей алады.
Дескрипторлар:
- негіз бен қышқыл арасындағы реакция нәтижесін дұрыс қорытындылайды;
- бейтараптану процесіне анықтама құрастырады;
- бейтараптану процесінің маңызын түсінеді.
Жұмыс барысы
1. Қарын сөліне ұқсас хлорсутек қышқылы ерітіндісінің ортасын әмбебап индикаторының көмегімен анықта.
2. Ерітіндіге «Ренни» дәрісін немесе басқа да қыжылды басатын дәріні салу керек.
3. Араластырып, бақылау жүргіз.
4. Алынған ерітіндінің ортасын ортасын әмбебап индикаторын пайдаланып анықта.
Төмендегі сұрақтарға жауап бер:
Қарын сөлінің ортасы қандай? ..................................................................................................................................................................... «Ренни» дәрісін немесе қыжылдан өзге дәрінің ортасы қандай? ....................................................................................................................................................................
Алынған ерітіндінің ортасы қандай? .....................................................................................................................................................................
Берілген суретті зертте. Бейтараптану үдерісіне анықтама құрастыр. ...............................................................................................................................................................................Қорытынды жаз: .....................................................................................................................................................................
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?