Атом. Молекула. Жай және күрделі заттар. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақты бұрынғы білімдерін еске түсіру үшін оқушылардан мини-тақталарда немесе дәптерде бөлшектер теориясы тұрғысынан қатты, сұйық және газтектес заттардың құрылысын салуды сұраңыз. Осы салған суреттерде олар дөнгелекпен бейнелеген бөлшектер атом екендігін айтыңыз. Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен, тілдік мақсаттарымен таныстырыңыз.

 Оқушылардың оқу мақсатын меңгеруі үшін мәтін таратыңыз. Оны жеке оқып, жұпта Дальтон теориясының негізгі ұстанымдарын ежелгі гректердің ойларымен салыстыруы керектігін ескертіңіз. Салыстыру барысында теорияның пайда болған уақыты, торияның қалаушысы, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына көңіл бөлулеріне назар аудартыңыз.

 4-9 слайдтарды (немесе суреттермен, әлде модельдермен де көрсетуге болады) қолдана отырып, атом мен молекула, жай және қарапайым заттарды бір-бірінен ажыратып, әрқайсысына тән ерекшеліктерді есте сақтауларына көңіл бөліңіз. Келесі активити үшін түсті қағаздар керек болады, сыныптағы оқушылар санын 3-ке бөліп, осы сан бойынша 3 түрлі түсті қағаз жапырақтары қажет. Әр оқушыға бір парақтан таратып, бірдей түсті парағы бар оқушылар бірдей атомдар екендігін түсіндіріңіз. Енді мұғалімнің сөзі бойынша оқушылар атомдар, молекулалар, жай заттар, күрделі заттарды бір бірімен қосылып көрсетулері керек.

 «Бинго» ойынын ойнату үшін оқушыларға кейбір терминдері бар кесте беріледі. Осы терминдердің анықтамаларын оқыңыз, барлық терминдері аталған оқушы: БИНГО! деп қатты айтуы керек. 3 бингоға дейін ойын жалғасады. Тақырыпты меңгергендіктерін бақылау үшін слайдта көрсетілген заттарды жай және күрделі заттарға жіктетіңіз.

 Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушылардың жұмысына кері байланыс беріңіз немесе дескрипторға сай оқушылардың өзін-өзі бағалауын, өзара бағалауын қолданыңыз. .

 Ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылған (бейнекөрініс, мәтін, сурет, презентация). Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Әр тапсырманы орындау кезінде оқушыларды дескриптормен таныстыруды ұмытпаған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі.

 Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз.

 

 Тиімді сілтеме:

 https://www.youtube.com/watch?v=lP57gEWcisY

 http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_aqa_pre_2011/atomic/atomstrucrev1.shtml

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу