Заттардың балқу және қайнау температуралары. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Заттардың балқу және қайнау температураларын анықтауға арналған сабақ 2 сағаттан құрылған. Осы мақсаттың екінші сағатында алдыңғы тақырыпта алған білімдерін еске түсіре келе тест жұмысын орындаудан басталады. Бұл жұмысты орындау барысында оқушылар осы оқу мақсаты бойынша өткен сабақтағы материалдарды еске түсіреді. Бағыттаушы сұрақтар қоя отырып, жаңа тақырыптың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға анықтатыңыз немесе берілген критерийлермен жұмыс істеуге бағыттаңыз.

 Сабақтың ортасында бейнекөріністерді көруден бастаңыз, бірақ бейнекөрініс басталмай тұрып, бейнекөрініс мазмұынына сай құрылған тапсырмалармен оқушыларды таныстырыңыз. Сабақ барысында оқушылардың қайнау және балқу туралы білімдері тест сұрақтары, графикті зерттеу арқылы жинақталады. Оқу материалының жеткізу деңгейін таңдайды: білу, түсіну және қолдану. Оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (тест, график, бейнекөрініс). Жұмысты қорытындылау, кесте, графикпен жұмыс істеу барысында балқу/қайнау температураларының ерекшеліктерін сипаттауларына назар аудартыңыз. Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушылардың жұмысына кері байланыс беріңіз.

 Сабақ оқушылардың жс ерекшеліктеріне сай құрылған. Оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылған (тест, графикті оқу, кесте). Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім немесе жұпта, топта жұмыс істеу барысында қабілеті жоғары оқушылар тарапынан қолдау көрсетіледі. Әр тапсырманы орындау кезінде оқушыларды дескриптормен таныстыруды ұмытпаған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі. Оқушыларға кері байланыс беріп отыруды ұмытпаңыз.

 Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз.

 

 Тиімді сілтеме:

http://www.kentchemistry.com/links/Matter/HeatingCurve.htm http://nplit.ru/books/item/f00/s00/z0000060/st070.shtml

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу