Заттардың балқу және қайнау температуралары. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 - сабақ.
Бөлім: 6.2А Заттардың құрылысы мен қасиеттері | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| |||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Заттардың балқу және қайнау температуралары (2-сабақ) | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.1.3 заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттайды | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - зат қатты агрегаттық күйден сұйық күйге балқу температурасына жеткен кезде ауысатынын түсіну - зат сұйық агрегаттық күйден газға қайнау температурасына жеткен кезде ауысатынын түсіну - судың қайнау және балқу температураларын білу | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | - Заттардың балқу/қайнау температуралары арқылы заттың тазалығын анықтайды - Заттың фазалық ауысу шарттарын сипаттайды (қатты =>сұйық, сұйық=> газ). - Қыздыру қисығының аймақтарын зерттейді - Қайнау мен булану арасындағы айырмашылықты анықтайды | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Заттардың балқу/қайнау температураларын ауызша сипаттай алады. Пәндік лексика және терминология: атом, молекула, бөлшек, балқу температурасы, қайнау температурасы, агрегаттық күй, таза зат, қатты, сұйық, газтәрізді, бөлшектер арасындағы ара-қашықтық, ішкі энергия, қоршаған орта температурасы Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Егер заттың балқу/қайнау температурасы төмен/жоғары болса, 200 С-де ол газ(сұйық)/қатты зат болады Кез келген заттың қайнау/балқу температурасы көбінесе …. Заттың тазалығын оның … немесе …. температурасы арқылы анықтауға болады. | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| «Мәңгілік ел» құндылықтары Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту жұптық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Заттың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылысы мен балқу және қайнау температуралары туралы ұғымдарды қарастыру барысында физика пәнімен байланыс орнатылады | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім
| 3.1.1.2 Агрегаттық күйіне сәйкес заттың сипаттамасын беру 4.3.1.2 Тәжірибенің құрастырылған жоспарына сәйкес жаңа затты алу 4.3.1.1 Қасиеттеріне сәйкес заттарды қолдану аймақтарын анықтау Бастапқы білімді жаңғырту (Зат құрылысы: табиғаттағы су айналымы, заттың агрегаттық күйлері) сұрақ-жауап және берілген суретті зерделеу барысында еске түсіру арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||
ЖОСПАР | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер
| Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
0-8 мин
9-10 |
Сөйлемдерді қажетті сөздер немесе сөз тіркестері арқылы толықтыр:
Өзін-өзі бағалау (слайд №1) 2. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері анықталады. | Дұрыс жауабы слайд 1 көрсетіледі
Слайд 2 | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 11-22
23-32
33-37
| 3. Бейнекөрініс «Қорғасынның балқу және салқындау қисығы», «Балауыз шамның балқуы» және графикпен жұмыс . Оқушыларды бейнекөріністен бұрын, графикпен жұмыс істейтіндерін ескертіп, берілген сұрақтармен таныстырады. Жеке – жұптық жұмыс 1.Заттың балқуы қай уақытта басталады? 2.Қай уақытта зат кристалданады(қатады)? 3.Заттың балқу және қату температуралары нешеге тең? 4.Балқу қандай процеске жататынын түсіндір.
4. Графикпен жұмыс. 1) ордината осьтерінде заттың балқу және қайнау температурасын белгіле. 2) Бөлшектер теориясы тұрғысынан не себепті АВ аймағында температура өзгермейтінін түсіндір.
5.Тұжырымдардың дұрыс/бұрыс екенін анықта.
Мұғалім дескрипторға сәйкес кері байланыс береді. | Слайд 3
Қосымша №2
Слайд 8-10
Қосымша 2
| |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы:
38-40 | 6. Кері байланыс Мұғалім оқушылардан сабақта алған білім мен түсіну деңгейін бағалауды ұсынады: Сабақта мен.... білдім _________________________ түсіндім _________________________ үйрендім | Слайд 8 | |||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||
Қайталау кезеңінде оқушылардың қайнау және балқу туралы білімдері тест сұрақтары, графикті зерттеу арқылы жинақталады. Оқу материалының жеткізу деңгейін таңдайды: білу, түсіну және қолдану. Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (тест, график, бейнекөрініс). | Оқу мақсаты бойынша бастапқы білімді пысықтау, жаңа білімді меңгеру барысында қалыптастырушы бағалау орын алады. | Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?