Халық тығыздығы жоғары және төмен аймақтар. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 2. Ғалам. Жер. Адам | Мектеп: | ||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Халық тығыздығы жоғары және төмен аймақтар | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.7.3 дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төменгі аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіру | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| ||||||||||
Бағалау критерийлері: | 1. Халық тығыздығы жоғары және төменгі аймақтарды анықтай алады; 2. Халық тығыздығы әртүрлі аймақтардың себептерін түсіндіре алады; 3. Халық тығыздығы әртүрлі аймақтарды картадан көрсете алады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар халық тығыздығы жоғары және төмен аймақтардың себептерін ауызша түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология: Халық тығыздығы, жоғары тығыздық, төмен тығыздық, халық саны, жер ауданы, физико-географиялық факторлар, әлеуметтік факторлар, экологиялық факторлар, саяси факторлар. Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Халық тығыздығы жоғары аймақтар ... Халық тығыздығы төмен аймақтар ... Халық тығыздығының жоғары/төмен болуының себептері ... | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты дарытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Халық тығыздығы төмен, жоғары аймақтардағы халық тығыздығының көрсеткіштерін анықтау барысында математика пәнімен байланыс орнатылады. | ||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын анықтап, олардың теңдігін сипаттады. Бастапқы білімді жаңғырту сурет бойынша ұлттарды анықтау, олардың нәсілін, тұратын аймағын анықтау барысында жүзеге асады. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-3 3-5 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топ «5.2.7.1 дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушыларға әртүрлі ұлттардың суреттері көрсетіліп, суреттегі ұлттарды анықтау ұсынылады. Одан әрі оқушылар осы ұлттардың қандай нәсілге жататынын және қандай материктерде және елдерде тұратынын анықтайды.
Оқушылар жауаптарын сыныпқа ұсынады. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді. 2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға Монако мемлекетінің халық тығыздығын есептеп шығаруды ұсынады. Шыққан нәтижеге оқушылар баға береді және себептерін түсіндіріп көреді. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, кері байланыс береді. 3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
| Қосымша 1 | |||||||||
Сабақтың ортасы 5-10 10-15 15-20 20-30 30-35 | 4. Мұғалім түсіндірме жұмысын жүргізеді. Мұғалім оқушыларға халық тығыздығына әсер ететін факторларды айтады. Халық тығыздығына әсер факторлар: -табиғи-климаттық жағдайлар; -теңіз, мұхиттардың жақындығы; -жер бедері; -территорияның игерілу деңгейі; -халықтардың салт-дәстүрлері; -көлік жолдарына, тораптарына жақындығы; -саяси жағдай; -экологиялық жағдайы; -әлеуметтік-экономикалық факторлар. 5. Оқушылар топтарда жоғарыда аталған факторларды талдайды. Дүниежүзінің халық тығыздығы картасын пайдаланады. Мысалдар келтіреді. «Идеялар кілемшесі» әдісі бойынша. 1 топ: Қалай табиғи-климаттық жағдайлар халық тығыздығына әсер етеді? 2 топ: Қалай жер бедері халық тығыздығына әсер етеді? 3 топ: Қалай әлеуметтік-экономикалық жағдайлар халық тығыздығына әсер етеді? 4 топ: Қалай территорияның игерілу деңгейі халық тығыздығына әсер етеді?
Мұғалім формативті бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді. 6. Бейнеролик қарау. «Халық тығыздығы ең жоғары елдер». https://www.youtube.com/watch?v=S5i6jRbHRz0 «Халық тығыздығы ең төмен елдер». https://www.youtube.com/watch?v=jQf_S-lhxCc Оқушылар халық тығыздығы жоғары және төмен елдерді дәптерлеріне жазып алулары қажет. Оқушылар сұрақтарға жауап береді: -Неге Монако мен Бангладеште халық тығыздығы өте жоғары? -Неге Аустралия мен Монғолияды халық тығыздығы өте төмен? 7. Кестемен жұмыс. Оқушылар жоғары және төмен елдерді карта бойынша анықтап, кестені толтырады, себептерін түсіндіреді. Қабілеті төмен оқушыларға тірек сөздер мен дайын елдер тізімі ұсынылады. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделірек тапсырма беріледі.
Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді. 8. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар «Қарлы кесек» ойынын ойнайды. Оқушылар орындарынан тұрып бір-біріне қарлы кесекті лақтырып, жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды. Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді. | Қосымша 2 | |||||||||
Сабақтың соңы: 35-40 | 7. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Рефлексия «Blob ағашы» бойынша жүргізіледі. Сабақ соңында көңіл-күйлерінің қандай екенін айтады және негіздейді. | Қосымша 3 | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Сабақты бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек беріледі. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады. | «5.2.7.1 дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау» оқу мақсаты бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. | Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Қосымша 1
Қосымша 2
Идеялар кілемшесі
Қосымша 3
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?