Халық тығыздығы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 2. Ғалам. Жер. Адам | Мектеп: | ||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Халық тығыздығы | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.7.3 дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төменгі аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіру | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| ||||||||||
Бағалау критерийлері: | 1. Халық тығыздығы жоғары және төменгі аймақтарды анықтай алады; 2. Халық тығыздығы әртүрлі аймақтардың себептерін түсіндіре алады; 3. Халық тығыздығы әртүрлі аймақтарды картадан көрсете алады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар халық тығыздығы жоғары және төмен аймақтардың себептерін ауызша түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология: Халық тығыздығы, жоғары тығыздық, төмен тығыздық, халық саны, жер ауданы, физико-географиялық факторлар, әлеуметтік факторлар, экологиялық факторлар, саяси факторлар. Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Халық тығыздығы жоғары аймақтар ... Халық тығыздығы төмен аймақтар ... Халық тығыздығының жоғары/төмен болуының себептері ... | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты дарытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Халық тығыздығы төмен, жоғары аймақтардағы халық тығыздығының көрсеткіштерін анықтау барысында математика пәнімен байланыс орнатылады. | ||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын анықтап, олардың теңдігін сипаттады. Бастапқы білімді жаңғырту карта бойынша нәсілдердің таралу аймақтарын және олардың антропологиялық ерекшеліктерін анықтау барысында жүзеге асады. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-5 5-8 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топ «5.2.7.1 дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушылар дүниежүзінің нәсілдік құрамының картасымен жұмыс жасайды. Картадан нәсілдердің таралу аймақтарын көрсетеді. 1 топ: еуропеоидтік нәсілдің таралу аймақтарын көрсетеді және антропологиялық ерекшеліктерін атайды; 2 топ: монголоидтік нәсілдің таралу аймақтарын көрсетеді және антропологиялық ерекшеліктерін атайды; 3 топ: негроидтік нәсілдің таралу аймақтарын көрсетеді және антропологиялық ерекшеліктерін атайды; 4 топ: аустралоидтік нәсілдің таралу аймақтарын көрсетеді және антропологиялық ерекшеліктерін атайды
Топтар жауаптарын сыныпқа ұсынады. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді. 2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға дүниежүзінің халық тығыздығының картасын көрсетіп, сұрақ қояды: -Карта бойынша қандай аймақтарда халық тығыздығы жоғары және төмен? -Оның себебі неде? Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, кері байланыс береді. 3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
| ||||||||||
Сабақтың ортасы 8-12 12-15 15-25 25-32 32-37 | 4. Бейнеролик қарау. «Халық тығыздығы ең жоғары елдер». https://www.youtube.com/watch?v=ZrMlZ2B275s «Халық тығыздығы ең төмен елдер». https://www.youtube.com/watch?v=UlsRrNwNrY8 Оқушылар халық тығыздығы жоғары және төмен елдерді дәптерлеріне жазып алулары қажет. Оқушылар сұрақтарға жауап береді: -Бейнероликтерде көрсетілген елдерде халық тығыздығының жоғары, төмен болуының себептері неде? 5. Мұғалім түсіндірме жұмысын жүргізеді. Мұғалім оқушыларға халық тығыздығына әсер ететін факторларды айтады. Халық тығыздығына әсер факторлар: -табиғи-климаттық жағдайлар; -теңіз, мұхиттардың жақындығы; -жер бедері; -территорияның игерілу деңгейі; -халықтардың салт-дәстүрлері; -көлік жолдарына, тораптарына жақындығы; -саяси жағдай; -экологиялық жағдайы; -әлеуметтік-экономикалық факторлар. 6. Картамен жұмыс. Оқушылар халық тығыздығының картасын пайдалана отырып, кескін картаға халық тығыздығы жоғары 10 елді, халық тығыздығы төмен 10 елді түсіреді. Қабілеті жоғары оқушылар әрқайсысына 10 елден, қабілеті төмен оқушылар әрқайсысына 5 елден түсіреді.
Мұғалім формативті бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді. 7. Топтық жұмыс. Оқушылар топтарда жұмыс жасай отырып, кейбір аймақтардағы халық тығыздығының жоғары және төмен болуын зерттеп, түсіндіреді. 1 топ: Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азияда халықтың тығыз қоныстану себептері. Причины плотности населения в Юго 2 топ: Еуропадағы халықтың тығыз қоныстану себептері. 3 топ: Канаданың солтүстігі мен Моңғолиядағы халықтың сирек қоныстану себептері. 4 топ: Аустралия материгіндегі халықтың сирек қоныстану себептері.
Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді. 8. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды. Мұғалім формативті бағалау жүргізіп, оқушыларға кері байланыс береді. | Бейнероликтер «Халық тығыздығы ең жоғары елдер», «Халық тығыздығы ең төмен елдер» Қосымша 1 | |||||||||
Сабақтың соңы: 37-40 | 9. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Рефлексия «Гүл шоғыры». Тақтаға құмыраның суреті салынады. Оқушыларға сабақ ұнаса құмыраға қызыл стикерді, ал егерде ұнамаса көк стикерді жапсырады. | Қызыл, көк стикерлер
| |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Сабақты бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек беріледі. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады. | «5.2.7.1 дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау» оқу мақсаты бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыс, картамен жұмыс жасау арқылы картамен жұмыс жасау, салыстыру, зерттеу дағдыларын бағалау. | Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Қосымша 1
Дүниежүзінің кескін картасы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?