Материктер мен мұхиттар. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында оқушылар материктердің қиындыларын құрастыру арқылы топтастырылады және сабаққа сәттілік тілеу. Топпен жұмыс ережелерін еске салу керек.
Жеміс ағашындағы өз орнын табу арқылы, материктер туралы не білетіндерін сұрау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттарына шығу.
Оқушылардың деңгейін ескере отырып, рөлдік-сюжеттік ойын арқылы материктерді жоспар бойынша сипаттау тапсырмасы беріледі. Сынып 6 топқа бөлінеді әр топта төрт оқушыдан. Шағын зерттеулер жүргізе отырып, материктерді жоспар бойынша физикалық-географиялы табиғат ерекшеліктерін анықтайды
- Саяхатшы (картаға қарап жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздері туралы айтады, картадан көрсетеді)
- Картограф (кескін картаға шеткі нүктелерін салып, оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа ара қашықтығын есептейді, бас мередиан мен экватор сызығына қатысты орнын айтады)
- Тарихшы (ашылу және қоныстану тарихын сипаттайды, алғаш ашқан саяхатшылардың жолын көрсетеді)
- Географ (биік таулары мен ірі жазықтарын кескін картаға салады, сипаттайды)
Рольдерді оқушылар топтың ішінде өздері бөлу қажет. Қиналатын оқушыларға қосымша «Материктер» мәтінін ұсынуға болады.
Мұғалім кері байланыс береді, қажеттілік туындаған кезде оқушылардың жауаптарын толықтырады.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Бірнеше оқушы сыныпқа өз жауабын оқиды.
Пайдалы ресурстар ҚМЖ-да көрсетілген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?