Материктер мен мұхиттар. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


Материктер

Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің29,2%-ы келеді.

Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.

Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).

Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері

Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.

Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен-ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.

1 –ші, Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары – Месопотамия, Парсы жері менЕгипеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтары нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бастады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін қалады.Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық«Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген.

2-ші, Ежелгі Грек ғалымы Аристотель Жер – шар тәрізді деген Пифагордың түсінігін ілгері дамытады.Жылды 365 күнге бөліпАй мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді.

Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған.

Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған.

Ұлы географиялық ашулар кезеңі ғ ХV- ХVІІІ ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.

1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған аймаққа кейіннен тағы 3 рет саяхат жасады.

1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды.

Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499-1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады.А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екенін дәлелдеді.

15 жылғы дүние жүзі картасында атақты картограф Герард Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды «Жаңа Дүние» деп атады.

1519-1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты.

ХVІІ  ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін өз атамен аталған аралды, 18 ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Куктың зерттеулері Жер шарындағы су мен құрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхит пен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді.

 ХVІІІ  ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В.Беринг пен А.И.Чириков Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдарын ашты.

1803-1806 жылдар аралығында И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты.

1819-1821 жылдар аралығында Ф.Белинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты.

1909 жылы Американдық Р.Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы Норвег Р.Амундсен Оңтүстік полюске жетті.

Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді падалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу