Материктер мен мұхиттар. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім 6.1В Ғалам. Жер. Адам.

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан оқушылардың саны:

Қатыспаған оқушылардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Материктер мен мұхиттар

Оқу мақсаттары

6.2.6.1 жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау

Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтай алады

Бағалау критерийлері

  • Материктердің жалпы ауданын, физикалық географиялық орнын біледі, картададан көрсетеді.
  • Материктерді картаға қарай отырып жоспар бойынша сипаттап, ерекшеліктерін талдайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Материктердің физикалық географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттай алады

Материктердің физикалық географиялық жағдайына қорытынды шығара алады.

Сұрақтарды ауызша/жазбаша құрастыра алады.

Пәндік лексика және терминология:

Экваторға, нөлдік меридианға, тропикке қатысты орны; шеткі нүктелері, физикалық-географиялық жағдайы

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Материк солтүстіктен оңтүстікке.........

Материк батыстан шығысқа...................

Материк солтүстігінде/оңтүстігінде/батысында/шығысында............. шектеседі.

Материктің физикалық-географиялық жағдайы ............... деп қорытынды шығара аламын.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ академиялық шындықты, коллаборативті ортаны қалыптастыру және жауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының пікірін тыңдауға, санасуға, қорытынды жасауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Математика – географиялық координаталарды табу барысында.

Алдыңғы білім

Қажетті бастапқы білім деңгейі алдыңғы 5 сыныпта берілген жаратылыстану пәнінің тақырыптарын қамтиды, әсіресе құрлықтар мен мұхиттар туралы білімді. Бұл бөлім шеңберінде дамитын дағдылар оқушылардың картамен жұмыс жасауы, атласпен жұмыс жасауы, зерттеу жұмыстары және мәлімет өңдеу қабілеттері негізінде құрылады. 5-сыныпта оқушылар материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттаған

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

5-7

8-9

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Материктердің қиындыларын құрастыру арқылы топтастырылады және сабаққа сәттілік тілеу.

Топпен жұмыс ережелерін еске салу.

Жеміс ағашындағы өз орнын табу арқылы, материктер туралы не білетіндерін сұрау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттарына шығу.

2. Ой қозғау:

Қандай ұқсастық бойынша топтастырдыңыздар?

- бүгін сабақ не туралы болады?

- қандай тақырыпты өтеміз?

3. Мақсатты тұжырымдау

Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру.

(Тақтада жазылады немесе карточкаларда жазылу)

Тақта, маркерлер, үлестірме қағаздар

Презентация,

1 слайд

Презентация,

2-3-4 слайдтар

Сабақтың ортасы

10-16

17-30

31-34

35-37

4. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Мұғалім оқушыларды материктерді сипаттау жоспарымен таныстырады.

  • Материктердің физикалық-географиялық жағдайына жоспар бойынша сипаттама беру:
  • Материк атауы және ауданы
  • Материктің экваторға, нөлдік меридианға және тропикке қатысты орналасуы
  • Шеткі нүктелері мен олардың координаталары
  • Материктің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылуы (км-мен)
  • Материк жағалауларын қандай мұхиттар мен теңіз сулары шайып жатыр
  • Материк қандай климаттық белдеулерде орналасқан
  • Басқа материктерге қатысты орны
  • Қорытынды шығару

Антарктида материгі мысалында жоспарды оқушылармен бірге талдау.

5. Білімді бекіту

(Д) Ең, ең, ең кестесін толтыру арқылы оқушылардың өз-өздерін тексереді

1. Ауданы ең үлкен материк

2. Ең суық материк

3. Ең ылғалды құрлық

4. Ең құрғақ материк

5. Ең кіші құрлық

6. Адамдар ең көп тұратын құрлық

7. Ең аласа материк

8. Адамдар мүлдем қоныстанбаған материк

Тапсырманы орындап болғаннан кейін мұғалім тақтадан дұрыс жауаптарын көрсетеді. Оқушылар жұпта бір-бірін бағалайды.

Дескриптор:

* физикалық картаны пайдаланып, материктің сипаттамасын анықтай алады

(Т) Рөлдік-сюжеттік ойын арқылы материктерді жоспар бойынша сипаттау.

Сынып 6 топқа бөлінеді әр топта төрт оқушыдан. Шағын зерттеулер жүргізе отырып, материктерді жоспар бойынша физикалық-географиялы табиғат ерекшеліктерін анықтайды

-Саяхатшы (картаға қарап жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздері туралы айтады, картадан көрсетеді)

- Картограф (кескін картаға шеткі нүктелерін салып, оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа ара қашықтығын есептейді, бас мередиан мен экватор сызығына қатысты орнын айтады)

-Тарихшы (ашылу және қоныстану тарихын сипаттайды, алғаш ашқан саяхатшылардың жолын көрсетеді)

- Географ (биік таулары мен ірі жазықтарын кескін картаға салады, сипаттайды)

Бағалау:

* мұғалімнің бақылауы мен комментарийлері;

* дескрипторлар бойынша өзара бағалау;

* мұғалімнің кері байланысы;

Дескрипторлар:

  • материкті сипаттау үшін әр түрлі карталарды пайдаланады;
  • материктерді жоспар бойынша физикалық-географиялы табиғат ерекшеліктерін анықтайды;
  • нақты мысалдар келтіріп, картадан көрсетеді

Мұғалім кері байланыс береді, қажеттілік туындаған кезде оқушылардың жауаптарын толықтырады.

Қосымша 1

Қосымша 2

Флипчарт, әр материктің кескін картасы, түрлі-түсті карандаш, ноутбук немесе мәтін беруге болады

Материктер мен мұхиттар. Мәтін.

Қосымша 3

Сабақтың соңы

37-40

Қорытындылау: бүгін қандай ақпараттармен танысты, қандай маңызды ой-тұжырымдама жасады.

8. Рефлексия «Сөздер бұлты»

Бүгін мен білдім......

Маған ..........қиын болды

Мен ............. екенін түсіндім.

Мен ............жасай алдым

Мені ..............таң қалдырды

Үй тапсырмасы: Семантикалық картаны толтыру, нысандарды жіктеу

Презентация,

8-слайд

Әр оқушы осы сөз тіркестерінің кез-келгенін таңдап, ауызша жауап береді.

Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз дарынды оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Төмен қабілетті

Орташа қабілетті оқушылар

Жоғары қабілетті оқушылар.

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай ұйымдастырасыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қолдау көрсету:

Сіз оқушыға қолдау көрсету үшін дұрыс жауап немесе негізгі ойды білдіретін тірек сөздер бере аласыздар

Тақтаға да тірек сөздер мен сабақта өтілетін терминдер жазып қойсаңыз, көмек қажет оқушыға жеңіл болады.

Қалыптастырушы бағалауды кезеңдерде өткізуге мүмкіндіктер бар:

  • Жауабы дәлелді болса.
  • Жоспар бойынша толық орындалса

Ауызша жауаптары толық болса.

  • Топтық тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау және Дене шынықтыру минутасы.

Қосымша 1

Материктерді сипаттау жоспары

  • Материктердің физикалық-географиялық жағдайына жоспар бойынша сипаттама беру:
  • Материк атауы және ауданы
  • Материктің экваторға, нөлдік меридианға және тропикке қатысты орналасуы
  • Шеткі нүктелері мен олардың координаталары
  • Материктің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылуы (км-мен)
  • Материк жағалауларын қандай мұхиттар мен теңіз сулары шайып жатыр
  • Материк қандай климаттық белдеулерде орналасқан
  • Басқа материктерге қатысты орны
  • Қорытынды шығару

Қосымша 2

1. Ауданы ең үлкен материк

2. Ең суық материк

3. Ең ылғалды құрлық

4. Ең құрғақ материк

5. Ең кіші құрлық

6. Адамдар ең көп тұратын құрлық

7. Ең аласа материк

8. Адамдар мүлдем қоныстанбаған материк

Қосымша 3

Материктер

 Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің29,2%-ы келеді.

 Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.

Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).

Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері

 Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.

 Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен-ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.

Қосымша 4

Кері байланыс. «Блоб ағашы»

Қосымша 5

Нысандар

Еуразия

Африка

Солтүстік Америка

Оңтүстік Америка

Аустралия

Антрактида

Ніл өзені

Дж.Кук

Орал тауы

Бразилия

М.Лазарев,

Ф. Беллинсгаузен

Сахара

Кордильера

Амазонка

Ш.Уалиханов

Абориген

Гренландия

Х.Колумб

Пингвиндер

Килиманджаро

Қазақстан

Альпі

Канада

Сидней

Айсберг



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу