Материктер мен мұхиттар. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

Сабақтың басында оқушыларды топтарға біріктіру: Евразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Австралия. Топқа бөлу: Мемлекеттің атаулары жазылып, жасырын тұрған қағаздан әр оқушы бір-бірден алады. Осы елдерді қандай ортақ ұқсастықтары бойынша топтастыруға болатындығы айтылады.

 Әр топ (Евразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия) өз материктерін берілген жоспар негізінде талдап, ақпараттарын постерге түсіреді.

Материктің физикалық-географиялық жағдайын сипаттау жоспары:

  • Материк атауы және ауданы
  • Материктің экваторға, нөлдік меридианға және тропикке қатысты орналасуы
  • Шеткі нүктелері мен олардың координаталары
  • Материктің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылуы (км-мен)
  • Материк жағалауларын қандай мұхиттар мен теңіз сулары шайып жатыр
  • Материк қандай климаттық белдеулерде орналасқан
  • Басқа материктерге қатысты орны
  • Қорытынды шығару

Сіз оқушыға қолдау көрсету үшін дұрыс жауап немесе негізгі ойды білдіретін тірек сөздер бере аласыздар. Тақтаға да тірек сөздер мен сабақта өтілетін терминдер жазып қойсаңыз, көмек қажет оқушыға жеңіл болады. (Дифференциацияны елдерді бергенде қолдануға болады, яғни ауданы үлкен, сәйкесінше ақпараттар оңай табылатын елдерді әлсіз топтарға т.с.с)

 Қорытындылау: бүгін қандай ақпараттармен танысты, қандай маңызды ой-тұжырымдама жасады. Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Бірнеше оқушы сыныпқа өз жауабын оқиды.

Барлық ресурстар ҚМЖ-да көрсетілген.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу