Материктер мен мұхиттар. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация.
Топқа бөлу:
Евразия – Қазақстан, Франция, Сауд Арабиясы, Жапония, Австрия т.б.
Солтүстік Америка – Канада, Мексика, Куба, АҚШ т.б.
Оңтүстік Америка – Аргентина, Чили, Эквадор, Колумбия т.б.
Африка – Замбия, Алжир, Египет, Конго Демократиялық республикасы т.б.
Австралия – Австралия Одағы, Жаңа Зеландия, Тасмания т.б.
Сабақтың тақырыбы
Материктер мен мұхиттар
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтай алады
Бағалау критерийлері
Материктердің физикалық географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттауды үйренеді
Материктердің физикалық географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттайды
Материктердің физикалық географиялық жағдайына қорытынды шығарады
Материктердің физикалық-географиялық жағдайына жоспар бойынша сипаттама беру:
Материк атауы және ауданы
Материктің экваторға, нөлдік меридианға және тропикке қатысты орналасуы
Шеткі нүктелері мен олардың координаталары
Материктің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылуы (км-мен)
Материк жағалауларын қандай мұхиттар мен теңіз сулары шайып жатыр
Материк қандай климаттық белдеулерде орналасқан
Басқа материктерге қатысты орны
Қорытынды шығар
(Антарктида материгі мысалында картамен сыныппен бірге талдау)
Топтық жұмыс
Әр топ (Евразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия) өз материктерін берілген жоспар негізінде талдап, ақпараттарын постерге түсіреді.
Дене шынықтыру минутасы.
Мұғалім мемлекеттерді дауыстап айтады, ал оқушылар: «Евразия – секіру, Солтүстік Америка - отыру, Оңтүстік Америка – 2 қолдарын жоғары көтеру, Африка - оңға-солға иілу, Жауап жоқ/білмеймін – орнынан тұрып 1 рет айналу»
Мемлекеттер: Барбадос, Ангола, Азербайжан, Венесуэла, Вьетнам, Парагвай, Үндістан, Сальвадор, Венгрия, Гвинея, Ұлыбритания, Кения.
Үй тапсырмасы: Әр топ мүшесі өз материгінің шеткі нүктелері мен материк шекарасын картаға түсіру.
Рефлексия «Сөздер бұлты»
Бүгін мен білдім......
Маған ..........қиын болды
Мен ............. екенін түсіндім.
Мен ............жасай алдым
Мені ..............таң қалдырды
Ресурстар көзі:
https://geographyofrussia.com/geograficheskaya-obolochka/
http://www.grandars.ru/shkola/geografiya/geograficheskaya-obolochka.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?