Материктер мен мұхиттар. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Бөлім 6.1В Ғалам. Жер. Адам. | Мектеп: | ||||||
Мерзімі: | Мұғалім: | ||||||
Сынып: | Қатысқан оқушылардың саны: Қатыспаған оқушылардың саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Материктер мен мұхиттар | ||||||
Оқу мақсаттары | 6.2.6.1 жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтай алады; материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін жоспар бойынша сипаттай алады | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Материктердің физикалық географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттай алады Материктердің физикалық географиялық жағдайына қорытынды шығара алады. Сұрақтарды ауызша/жазбаша құрастыра алады. Пәндік лексика және терминология: Экваторға, нөлдік меридианға, тропикке қатысты орны; шеткі нүктелері, физикалық-географиялық жағдайы Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Материк солтүстіктен оңтүстікке...................................................... Материк батыстан шығысқа.............................................................. Материк солтүстігінде/оңтүстігінде/батысында/шығысында............. шектеседі. Материктің физикалық-географиялық жағдайы ......................... деп қорытынды шығара аламын. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ академиялық шындықты, коллаборативті ортаны қалыптастыру және жауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының пікірін тыңдауға, санасуға, қорытынды жасауға баулу. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Математика – географиялық координаталарды табу барысында. | ||||||
Алдыңғы білім | 5-сыныпта оқушылар материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттаған. 5.2.6.1 материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау – оқу мақсаты бойынша. | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Жоспарланған сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-4 5-7 8-9 | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сынып ішінде жағымды атмосфера орнату. Оқушыларды топтарға біріктіру: Евразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Австралия. Топқа бөлу: Мемлекеттің атаулары жазылып, жасырын тұрған қағаздан әр оқушы бір-бірден алады. Осы елдерді қандай ортақ ұқсастықтары бойынша топтастыруға болатындығы айтылады. Ұсынылатын елдер: Евразия – Қазақстан, Франция, Сауд Арабиясы, Жапония, Австрия т.б. Солтүстік Америка – Канада, Мексика, Куба, АҚШ т.б. Оңтүстік Америка – Аргентина, Чили, Эквадор, Колумбия т.б. Африка – Замбия, Алжир, Египет, Конго Демократиялық республикасы т.б. Австралия – Австралия Одағы, Жаңа Зеландия, Тасмания т.б. 2. Ой қозғау: Қандай ұқсастық бойынша топтастырдыңыздар? - бүгін сабақ не туралы болады? - қандай тақырыпты өтеміз? 3. Мақсатты тұжырымдау Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру. (Тақтада жазылады немесе карточкаларда жазылу) | Тақта, маркерлер, үлестірме қағаздар Презентация, 1 слайд Презентация, 2-3-4 слайдтар | |||||
Сабақтың ортасы 10-16 17-30 31-34 35-37 | 4. Мұғалімнің түсіндірмесі. Материктердің физикалық-географиялық жағдайына жоспар бойынша сипаттама беру:
Антарктида материгі мысалында жоспарды оқушылармен бірге талдау. 5. Білімді бекіту Топтық жұмыс. Әр топ (Евразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия) өз материктерін берілген жоспар негізінде талдап, ақпараттарын постерге түсіреді. Бағалау.
«Бекет» әдісі арқылы. Әр топ өзінің постерлерін тақтаға іліп қояды да жоспар мен стикерді қолдарына алып, келесі топтардың жұмыстарын бағалайды. Стикерге бағасын, ұсынысын жазып, постерге қалдырады. Кері байланыс беру. Барлық топ бағалаудан кейін өздеріне берілген бағаларды оқып, өз жұмыстарына қорытынды пікірлерін білдіреді. Мұғалім барлық топ жауаптарын, жұмыстарын тыңдап кері байланыс береді.
Мұғалім мемлекеттерді дауыстап айтады, ал оқушылар: «Евразия – секіру, Солтүстік Америка - отыру, Оңтүстік Америка – 2 қолдарын жоғары көтеру, Африка - оңға-солға иілу, Жауап жоқ/білмеймін – орнынан тұрып 1 рет айналу» Мемлекеттер: Барбадос, Ангола, Азербайжан, Венесуэла, Вьетнам, Парагвай, Үндістан, Сальвадор, Венгрия, Гвинея, Ұлыбритания, Кения. | Презентация 5-слайд Атлас 6,7 сынып Қосымша 1 Презентация, 6-слайд, Қосымша 2-4 Постер, маркерлер, А4 Стикер, қаламдар Презентация, 7-слайд | |||||
Сабақтың соңы 37-40 | Қорытындылау: бүгін қандай ақпараттармен танысты, қандай маңызды ой-тұжырымдама жасады. 8. Рефлексия «Сөздер бұлты» Бүгін мен білдім...... Маған ..........қиын болды Мен ............. екенін түсіндім. Мен ............жасай алдым Мені ..............таң қалдырды Үй тапсырмасы: Әр топ мүшесі өз материгінің шеткі нүктелері мен материк шекарасын картаға түсіру. | Презентация, 8-слайд Әр оқушы осы сөз тіркестерінің кез-келгенін таңдап, ауызша жауап береді. | |||||
Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз дарынды оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз? Төмен қабілетті Орташа қабілетті оқушылар Жоғары қабілетті оқушылар. | Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай ұйымдастырасыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||
Қолдау көрсету: Сіз оқушыға қолдау көрсету үшін дұрыс жауап немесе негізгі ойды білдіретін тірек сөздер бере аласыздар Тақтаға да тірек сөздер мен сабақта өтілетін терминдер жазып қойсаңыз, көмек қажет оқушыға жеңіл болады. (Дифференциацияны елдерді бергенде қолдануға болады, яғни ауданы үлкен, сәйкесінше ақпараттар оңай табылатын елдерді әлсіз топтарға т.с.с) | Қалыптастырушы бағалауды кезеңдерде өткізуге мүмкіндіктер бар:
Ауызша жауаптары толық болса. |
Мұғалім мемлекеттерді дауыстап айтады, ал оқушылар: «Евразия – секіру, Солтүстік Америка - отыру, Оңтүстік Америка – 2 қолдарын жоғары көтеру, Африка - оңға-солға иілу, Жауап жоқ/білмеймін – орнынан тұрып 1 рет айналу» |
Қосымша 1
Материктің физикалық-географиялық жағдайын сипаттау жоспары:
- Материк атауы және ауданы
- Материктің экваторға, нөлдік меридианға және тропикке қатысты орналасуы
- Шеткі нүктелері мен олардың координаталары
- Материктің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылуы (км-мен)
- Материк жағалауларын қандай мұхиттар мен теңіз сулары шайып жатыр
- Материк қандай климаттық белдеулерде орналасқан
- Басқа материктерге қатысты орны
- Қорытынды шығару
Қосымша 2
Құрлық, материк, континент — жер қабығының дүниежүзілік мұхит деңгейінен көтеріңкі ірі бөлігі. Оның шеткі аймақтары мұхит деңгейінен төменде жатыр (қ. Құрлықтық беткей). Құрлықтың жалпы аумағы 149,1 млн. км² немесе жалпы жер шарының 29,2%-ын алады. Солтүстік жарты шардың 39%-ын, оңтүстік жарты шардың 19%-ын құрайды. Қазіргі геологиялық дәуірде ол 6 континенттен — Австралия, Антарктида, Африка, Еуразия, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америкадан тұрады. Құрлықтың 36%-ы таулы, 64%-ы жазық. Құрлық астындағы жер қабығының қалыңдығы 25-тен 75 км-ге дейін жетеді. Ішкі континенттік және шеткі континенттік құрылымдардан тұрады.
Құрлықтар аумағы мен халқының саны
Халық саны және жер көлемін салыстыру
Құрлық | Аумағы(км²) | Халқы2002 (сарап.) | Бүкіл халықтыңпайызы | Тығыздығы(адам/км²) |
43,810,000 | 3,800,000,000 | 60% | 86.7 | |
30,370,000 | 922,011,000 | 14% | 29.3 | |
42,330,000 | 890,000,000 | 14% | 20.9 | |
24,490,000 | 515,000,000 | 8% | 21.0 | |
17,840,000 | 371,000,000 | 6% | 20.8 | |
13,720,000 | 1,000 | 0.00002% | 0.00007 | |
10,180,000 | 710,000,000 | 11% | 69.7 | |
9,010,000 | 33,552,994 | 0.6% | 3.7 | |
8,500,000 | 30,000,000 | 0.5% | 3.5 | |
7,600,000 | 21,000,000 | 0.3% | 2.8 |
Қосымша 3
Қосымша 4
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?