Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

2. Ғалам. Жер. Адам

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.6.2 жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • Жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтайды;

 Бағалау критерийлері:

1.Жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтай алады;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар жоспар бойынша мұхиттардың табиғат ерекшеліктерін анықтап, ауызша түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология:

Мұхит, географиялық орны, флора, фауна, жылы ағыс, суық ағыс, бұғаз, шығанақ, теңіз, суасты жотасы, жанартау, жер бедері.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

... мұхитының табиғат ерекшеліктері ...

... мұхитының географиялық орны ...

… мұхит түбінің жер бедері …

 Құндылықтарды дарыту

 

Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты дарытуға бағытталған.

Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Мұхиттардағы жануарларды анықтау барысында биология пәнімен байланыс орнатылады.

Бастапқы білім

Оқушылар 5 – ші сыныпта мұхиттардың зерттеу тарихын сипаттады.

Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында мұхиттардың зерттелу тарихын сипаттау арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-10

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтар «5.2.6.2 мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушыларға әріптер таратылып беріледі. Оқушылар берілген әріптерден бір мұхиттың атауын құрасытырып шығулары қажет. Әр топ өзіне берілген мұхиттың зерттелу тарихына шолу жасаулары қажет.

Дескрипторлар

Оқушы

-Мұхит атауын дұрыс құрастырады;

-Алғашқы ашқан саяхатшыларды, зерттеуші ғалымдардың есімдерін дұрыс атайды;

-Мұхит гидронимдерінің шығу тарихын сипаттайды;

-Мұхитқа байланысты 2 факт айтады.

Топтар жауаптарын сыныпқа ұсынады. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді.

2. Ой шақыру «Миға шабуыл». Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін бағалайды.

1) Ең үлкен мұхит?2) Ең суық мұхит?3) Ең кішкентай мұхит?4) Неге Тынық мұхиты "тынық" деп аталады?

5) Мұхиттағы ең ірі жануар?6) Мұхиттардың жер бедері қандай болады?7) Мариан шұңғымасы қай мұхитта орналасқан?

3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.

  • Жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтайды;

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

10-15

15-20

20-30

30-35

4. Мұғалім түсіндірме жұмысын жүргізеді.

Мұғалім оқушыларға мұхиттың жер бедерін, оның құрамдас бөліктерін, қасиеттерін түсіндіреді.

5. Бейнеролик «Дүниежүзілік мұхит».

Бейнеролик қарамастан бұрын, оқушыларды бейнеролик бойынша сұрақтарға жауап беретіндері бойынша ескерту қажет. Мұғалім бейнеролик бойынша немесе оқушылар бейнеролик бойынша өзара сұрақтарға жауап береді.

6. Жоспар бойынша сипаттау. Оқушылар мәтінді және атласты пайдалана отырып, өздеріне берілген мұхиттарды жоспар бойынша сипаттайды. Нәтижесін постер түрінде көрсетіп, сыныпқа ұсынады.

Мұхитты сипаттау жоспары:

1. Мұхит атауының шығу тегі

2. Климаттық белдеуі

3. Температурасы

4. Тұздылығы

5. Өсімдігі мен жануарлары

6. Құрамдас бөліктері (теңіз, шығанақ, бұғаз)

1 топ: Тынық мұхиты

2 топ: Атлант мұхиты

3 топ: Үнді мұхиты

4 топ: Солтүстік Мұзды мұхит

Дескрипторлар

Оқушы

Мұхит атауының шығу тарихын түсіндіреді;

Кесіп өтетін климаттық белдеулерді атайды;

Температурасын анықтайды;

Тұздылығын анықтайды.

Өсімдік пен жануарлар әлемін анықтайды;

Карта бойынша құрамдас бөліктерін анықтайды.

Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді.

7. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар «Сандар сөйлейді» тапсырмасын және суретті сипаттау тапсырмасын орындайды. Суретті сипаттау барысында қабілеті төмен оқушылар мұхит түбінің 3 элементін, ал қабілеті жоғары оқушылар 6 элементін табады. Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді.

Қосымша 2

Сабақтың соңы:

35-40

8. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Оқушылар келесі сөйлемдерді аяқтау арқылы рефлексия жасайды:

-Мен сабақ мақсатына жеттім, себебі …

-Маған сабақ мақсатына жету қиын болды, себебі …

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Сабақты бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек беріледі. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады.

5.2.6.2 мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау оқу мақсаты бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау.

Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Қосымша 1

Т

Ы

Н

Ы

Қ

А

Т

Л

А

Н

Т

Ү

Н

Д

І

С

О

Л

Т

Ү

С

Т

І

К

М

Ұ

З

Д

Ы

Қосымша 2

Мәтін «Мұхиттар»

 Тынық мұхиты. Тынық мұхиты — барлық мұхиттардың ішіндегі ең үлкені және ең көнесі. Оның аумағы 178,6 млн. км². Мұхитты тұңғыш рет 1519 жылы Фернан Магеллан жүзіп өтті. Үш ай бойы Ф. Магеллан кемелері, бірде-бір дауылға түспеген себептен, Магеллан оны Тынық мұхиты деп атап кеткен. Мұхит флора мен фаунаға бай. Онда жануарлардың 100 мыңға жуық түрі бар. Тынық мұхит аймағында алып дауылдар болады. Алып толқындардың орташа жылдамдығы шамамен сағатына 750 км болуы мүмкін. Тынық мұхитта, тереңдігі 10 км-ден асатын бірнеше шұңғымалар бар. Бұл атақты Мариан, Филиппин және Тонга шұңғымалары. Ғалымдар мұндай тереңдікте өмір сүретін жануарлардың 20 түрін анықтаған. Мұхитта жанартаулар өте көп.

 Атлант мұхиты. Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік-шығысында Африка мен Антарктида аралығында Үнді мұхитымен, оңтүстік-батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91,7 млн. км2, орташа тереңдігі 3597 м. Терең шұңғымалар арал доғаларын жиектей орналасқан (ең тереңі Пуэрто-Рико шұңғымасы, 8742 м) және олар бір-бірінен су астындағы үстірттермен, қыраттармен, жоталармен бөлінген. Мұхит түбінде, негізінен, жасыл және қызыл қоңыр балдырлар өседі. Суық және қоңыржай белдеуінде сүт қоректілерден – кит пен жарғақаяқтылар, балықтардан – майшабақ, нәлім және қамбала кездеседі. Тропиктік белдеуде кашалот, теңіз тасбақасы, акула, ұшқыш балықтар, краб, медуза, радиолярийлер тараған. Құстардан фрегат, альбатрос, пингвин, т.б. мекендейді.

 Үнді мұхиты. Үнді мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары, Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз. Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж.) бері жинала бастады. Ауданы теңіздерімен қоса есептегенде 76,17 млн. км², орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 7729 м (Зонд шұңғымасы). Үнді мұхит тропиктік және оңтүстік қоңыржай белдеулерді алып жатыр. Маржан құрылыстарында түрлі омыртқасыздардың аса бай фаунасының өкілдері: губкалар, құрттар, крабтар, ұлулар, т.б. мекендейді. Жағалаудың көп жерін мангр тоғайлары алып жатыр. Мұхит жануарларының негізгі массасын конепода шаяндары құрайды (түрі 100-ден астам). Басқа омыртқасыздардан қанат аяқты ұлулар, медузалар, т.б. жаппай тараған. Балықтардан ұшар балық, тунец, желкен балық көп, түрлі акулалар, теңіз жыландары, теңіз тасбақасы, ірі теңіз сүтқоректілері (кит, ескек аяқтылар), құстардан альбатрос, фрегат пингвиннің бірнеше түрі тіршілік етеді.

 Солтүстік Мұзды мұхит. Солтүстік Мұзды Мұхит — Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит. Ауданы 14,75 млн. км². Орташа тереңдігі 1225 м, ең терең жері – 5527 м. Солтүстік Мұзды мұхиттың суық бөліктеріне қатал климаттық жағдайларды: белуга, поляр аюы, морж, мөр төзімді жануарлар мекендейді. Солтүстік Еуропалық бассейндегі неғұрлым қолайлы сулар арқасында жануарлар әлемі әр түрлі болып келеді. Сол жерде қазір жойылып кету қауіпінде тұрған гренландиялық киттер өмір сүреді. Өмірлік процестердің баяу ағымы Солтүстік Мұзды мұхит тұрғындарында ұзақ өмір сүргіштік қабілетін дамытты. Гренландиялық кит әлемдегі ең ұзақ өмір сүретін жануар болып табылады.

Ақпарат көздері:https://zhazar.kz/3172-2/

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%82%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%82_%D0%BC%D2%B1%D1%85%D0%B8%D1%82%D1%8B

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%AE%D0%BD%D0%B4%D1%96_%D0%BC%D2%B1%D1%85%D0%B8%D1%82%D1%8B

https://zhazar.kz/%D1%81%D0%BE%D0%BB%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA-%D0%BC%D2%B1%D0%B7%D0%B4%D1%8B-%D0%BC%D2%B1%D1%85%D0%B8%D1%82-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D0%BC%D3%99%D0%BB%D1%96%D0%BC%D0%B5%D1%82/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу