Жер бетін бейнелеу тәсілдері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім 6.1В Ғалам. Жер. Адам.

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан оқушылардың саны:

Қатыспаған оқушылардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Жер бетін бейнелеу тәсілдері

Оқу мақсаттары

6.2.5.1 географиялық карталар мен шартты белгілерді жіктеу

6.2.5.2 шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • географиялық карталар мен шартты белгілерді жіктейді;
  • шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқи алады

Бағалау критерийлері

  • Географиялық карталарды жіктейді
  • Шартты белгілерді жіктейді
  • Шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқиды

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Географиялық карталарды жіктей алады.

Шартты белгілерді жіктей алады.

Шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқи алады.

Сұрақтарды ауызша/жазбаша құрастыра алады.

Пәндік лексика және терминология:

географиялық карта,

жалпыгеографиялық карта,

тақырыптық карта,

шартты белгілер,

сызықтық,

нүктелік,

аудандық,

түсіндірмелі шартты белгілер

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Географиялық карта ................. болып бөлінеді.

Мен ойлаймын............................

Менің пайымдауымша........................... себебі...........................

Құндылықтарды дарыту

Сабақ академиялық шындықты қалыптастыру және жауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Оқушыларды жұптық жұмыс арқылы бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, қорытынды жасауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, математика - шартты белгілерді сызу барысында

Алдыңғы білім

5-сыныпта оқушылар «жоспар» және «шартты белгілер» ұғымдарын, шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің жоспарын оқыған

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-7

7-10

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жағымды көңіл-күй орнату. Оқушыларды 4 топқа бөлу.

(Оқушылар қағаз қиындыларынан пазыл құрастырады. 4 пазыл арқылы 4 топқа бөлінеді)

Пазылдағы суреттер арқылы тақырыпқа шығу

2. Ой қозғау:

- Пазылдағы суреттер туралы не ойлайсыңдар?

- Қандай тақырыпты өтеміз?

3. Мақсатты тұжырымдау

Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру.

(Тақтада жазылады немесе карточкаларда жазылу)

Тақта, маркерлер,

Қосымша 1

Презентация,

1 слайд

Презентация,

2-4 слайдтар

Сабақтың ортасы

10-20

20-22

22-32

32-37

4. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Мәтінмен жұмыс: (топтық)

Оқушыларға мәтін таратып беріледі.

1-топ: Географиялық картаның анықтамасын беріп, түрлерін сызба ретінде көрсетеді.

2-топ. Шартты белгілер анықтамасын беріп, түрлерін сызба ретінде көрсетеді.

3-топ. Географиялық карталардың түрлеріне мысалдар келтіріп, түсіндіріп береді.

4-топ. Шартты белгілердің түрлеріне мысалдар келтіріп, қолдану аясын көрсетеді.

Бағалау:

* мұғалімнің бақылауы мен комментарийлері;

* дескрипторлар бойынша өзара бағалау;

* мұғалімнің кері байланысы;

Дескрипторлар:

  • Географиялық картаның анықтамасын беріп, түрлерін сызба ретінде көрсетеді;
  • Шартты белгілер анықтамасын беріп, түрлерін сызба ретінде көрсетеді;
  • Географиялық карталардың түрлеріне мысалдар келтіріп, түсіндіріп береді;
  • Шартты белгілердің түрлеріне мысалдар келтіріп, қолдану аясын көрсетеді.

Мұғалім кері байланыс береді, қажеттілік туындаған кезде оқушылардың жауаптарын толықтырады.

Географиялық карта — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.

  • Дене шынықтыру минутасы.

Мұғалім әртүрлі шартты белгілерді тақтаға суретін салып немесе қағазда көрсетеді, ал оқушылар қай топқа кіретіндігін анықтауы керек: «масштабтық – орнынан тұрып, екі қолын көтереді, масштабтан тыс - отырады, түсіндірмелі – орнынан тұрып, 1 рет қол шапалақтау.»

5. Білімді бекіту

Топтық жұмыс. Климаттық картадағы шартты белгілерді қолданып, берілген елдің климатына (орташа температура, жауын-шашын мөлшері, абсолюттік максимум және минимум т.б.) сипаттама бер. (Дифференциацияны елдерді бергенде қолдануға болады, яғни ауданы үлкен, сәйкесінше ақпараттар оңай табылатын елдерді әлсіз топтарға т.с.с)

Берілетін елдер: Ұлыбритания, Жапония,Аргентина, Мексика, Алжир.

Бағалау:

* мұғалімнің бақылауы мен комментарийлері;

* дескрипторлар бойынша өзара бағалау;

* мұғалімнің кері байланысы;

Дескрипторлар:

  • Климаттық картадан берілген елдің климатына сипаттама бере алады;
  • Шартты белгілерді қолдана алады;
  • Географиялық картаны шартты белгілермен бірге оқи алады.

Жеке жұмыс: Меңгерген білімдерін бекіту үшін оқушылар географиялық диктант жазады. Қосымша 5

Бағалау:

Дескрипторлар:

  • Географиялық карталардың түрлерін топтастырады
  • Шартты белгілердің түрлерін бір-бірінен ажыратады
  • Географиялық карталар мен шартты белгілер түрлеріне мысалдар келтіреді

Кері байланыс

Мұғалім кері байланыс береді, қажеттілік туындаған кезде оқушылардың жауаптарын толықтырады.

Презентация

5-6 слайдтар

Қосымша 2

Презентация

7-слайд

Қосымша 3

Презентация,

8-слайд

Қосымша 4

Атлас 6-7 сынып

Презентация,

9-слайд

Қосымша 5

Сабақтың соңы

37-40

Қорытындылау:бүгін қандай ақпараттармен танысты, қандай маңызды ой-тұжырымдама жасады.

8. Кері байланыс. «Анкета» әдісі.

Сабақта мен ..... жұмыс жасадым

Белсенді / нашар

Өз жұмысыма..

Көңілім толды / көңілім толмады

Мен үшін сабақ......болып көрінді

Қысқа / ұзақ

Сабақтан мен .....

Шаршадым / шаршамадым

Менің көңіл-күйім ...

Көтерілді / түсіп кетті

Сабақ материалдары мен үшін....

Түсінікті / түсініксіз

Пайдалы / пайдасыз

Қызықты / қызықсыз

Үй тапсырмасы: Шартты белгілерді қолдана отырып, «Мектептегі экскурсия» тақырыбы бойынша географиялық диктант жазып келу (10 сөйлем)

Презентация,

10-слайд

Қосымша 6

Рефлексияны жазбаша орындайды.

Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз дарынды оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Төмен қабілетті

Орташа қабілетті оқушылар

Жоғары қабілетті оқушылар.

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай ұйымдастырасыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қолдау көрсету:

Сіз оқушыға қолдау көрсету үшін дұрыс жауап немесе негізгі ойды білдіретін тірек сөздер бере аласыздар

Тақтаға да тірек сөздер мен сабақта өтілетін терминдер жазып қойсаңыз, көмек қажет оқушыға жеңіл болады.

Қалыптастырушы бағалауды кезеңдерде өткізуге мүмкіндіктер бар:

  • Жауабы дәлелді болса.
  • Критерийлерге сай болса

Ауызша жауаптары толық болса.

  • Топтық және жұптық тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау және Дене шынықтыру минутасы.

Мұғалім әртүрлі шартты белгілерді тақтаға суретін салып немесе қағазда көрсетеді, ал оқушылар қай топқа кіретіндігін анықтауы керек : «масштабтық – орнынан тұрып, екі қолын көтереді, масштабтан тыс - отырады, түсіндірмелі – орнынан тұрып, 1 рет қол шапалақтау»

Қосымша 1

Қосымша 2

Географиялық карта — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.

Картаны аумақты қамтуына қарай:

  • дүниежүзілік,
  • құрлықтық,
  • жеке елдер карталары, т.б.

Мазмұнына қарай:

  • жалпы географиялық
  • тақырыптық, т.б.
  • кешенді (комплексная)

масштабына қарай:

  • ірі масштабты — 1:200 000 және одан ірі,
  • орта масштабты — 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін
  • кіші масштабты — 1:1000 000-нан кіші), т.б. белгілеріне қарай бөледі.

Шартты белгілер:

  • масштабтық;
  • масштабтан тыс;
  • түсіндірмелі
  • Масштабтық шартты белгілер ұзындығы мен формасы сол картаның масштабына негізделіп қолданылады.  Олар:
  • - контурлық (аудандық) – нысанның шекарасын, сапалық деректерге толы ауданы мен фондық түстерін көрсетеді Мысалы, орман, батпақ және елді мекеннің ауданы т.б.
  • сызықтық – картадағы жергілікті сызықтық нысандарды көрсетуге қолданылады: – жол, шекара, байланыс сымдары т.б. Бұл белгілер нысанның масштабқа сай ұзындығы мен формасы туралы ақпарат береді.
  • Масштабтан тыс шартты белгілерге көлемі мен алатын ауданы өте кішкентай болғандықтан масштабпен көрсете алмайтын жергілікті нысандар жатады. Мысалы,   шахта, құдық, қорған, жеке тұрған ағаш, үйлер т.б.
  • Түсіндірмелі шартты белгілер нысанға қосымша ақпараттар мен ерекшелігін көрсету үшін қолданылады. Мысалы, өзендегі сызық (бағыт/стрелка) – өзен ағысының бағытын, көпірдің қалыңдығы, ұзындығы, жүк тасымалдығы мен қандай материалдан жасалғандығы т.б.

Қосымша 3

Қосымша 4

Топтық жұмыс: Климаттық картадағы шартты белгілерді қолданып, берілген елдің климатына (орташа температура, жауын-шашын мөлшері, абсолюттік максимум және минимум т.б.) сипаттама бер.

Берілетін елдер: Ұлыбритания, Жапония,Аргентина, Мексика, Алжир.

Қосымша 5

Географиялық диктант

1.Топырақ картасы мазмұны жағынан ............. ................. жатады.

2.Шартты белгілер.................................... түрлеріне бөлінеді.

3.Түсіндірмелі шартты белгілерге......................

4.Өзен, ағысының бағыты оңтүстік шығысқа, жылдамдығы 25м/с шартты белгісі .....................

5.Дүниежүзінің картасын жасауға ................... масштабты картаны пайдалау ыңғайлы.

6.Жолдар, өзендер ................ шартты белгі түріне кіреді.

7.Ірі масштабы картамен көбінесе.................... түсіреді.

8.Зауыт,шахта, қорған т.б. ....................................... болғандықтан масштабтан тыс шартты белгі түріне жатады.

9.Африканың климаттық картасы қамтитын аумағы жөнінен ......................, ал мазмұны жөнінен .......................... картаға мысал болады.

10.Жалғыз тұрған ағаштың шартты белгісі .................. .

Қосымша 6

8. Рефлексия. «Анкета» әдісі.

Сабақта мен ..... жұмыс жасадым

Белсенді / нашар

Өз жұмысыма..

Көңілім толды / көңілім толмады

Мен үшін сабақ......болып көрінді

Қысқа / ұзақ

Сабақтан мен .....

Шаршадым / шаршамадым

Менің көңіл-күйім ...

Көтерілді / түсіп кетті

Сабақ материалдары мен үшін....

Түсінікті / түсініксіз

Пайдалы / пайдасыз

Қызықты / қызықсыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу