Жер бетін бейнелеу тәсілдері. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында оқушыларды 5 топқа бөлу. (әртүрлі деңгейдегі 5 оқушыны тақтаға шығарып, кезек-кезекпен өз еріктері бойынша тобына қатысушыларды/достарын өздеріне жинауға мүмкіндік беру) Суреттер көрсету арқылы тақырыпқа шығу. Информацияны қабылдау типіне байланысты аудиал мен визуалдар үшін оқушыларға бейнематериалдың алғашқы (1:30 уақыт https://www.youtube.com/watch?v=eYwpWBUQtBk) бөлігін көрсетіп, төмендегі сұрақтар қойылады:
- Географиялық карта дегеніміз не?
- Географиялық картаның қандай түрлерін ажыратуға болады?
- Атластан қарап, мысалдар келтіріңдер.
Тапсырма: Физикалық картадағы шартты белгілерді қолданып, берілген елдің физикалық нысандарына (жер бедері, су нысандары т.б.) сипаттама бер.
(Дифференциацияны елдерді бергенде қолдануға болады, яғни ауданы үлкен, сәйкесінше ақпараттар оңай табылатын елдерді әлсіз топтарға т.с.с)
Берілетін елдер: Аустралия, Канада,Үндістан, Бразилия, Ресей.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Бірнеше оқушы сыныпқа өз жауабын оқиды.
Кері байланыс
Ет тартқыш - әрі қарай толықтырамын
Чемодан - болашақта қолдануға алып кететін білімім
Қоқыс шелегі - мен үшін қажет емес ақпараттар
Пайдалы сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?