Жер бетін бейнелеу тәсілдері. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация.


Жергілікті жердің планын оқу

1 және 2 топ

3 және 4 топ

Жер бетін бейнелеу тәсілдері

Сабақ тақырыбы:

Жюль Вернның «Капитан Гранттың балалары» атты кітабын оқыдыңдар ма?

Ол не туралы?

Бөтелкенің ішіндегі хаттың фрагменті

Сұраққа жауап берейік

Апатқа ұшыраған кемені қалай тауып алуға болады?

Сабақ мақсаты:

Масштаб ұғымын және оның түрлерін білу;

Масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу;

Географиялық координаталар, географиялық ендік және бойлық ұғымдарын білу;

Географиялық координаталарды анықтау;

Бағалау критерийлері:

1. Масштаб ұғымын және оның түрлерін біледі;

2. Масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептей алады;

3.Географиялық координаталар, географиялық ендік, географиялық бойлық ұғымдарын біледі;

4.Карта бойынша нысандардың географиялық координаталарын анықтай алады;

Пәндік лексика және терминология:

Масштаб, масштаб түрлері (атаулы, сандық, сызықтық), градус торы, географиялық координаталар, экватор, меридиан, географиялық ендік, географиялық бойлық.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Масштаб дегеніміз ...

... қалаларының арақашықтығы ... км-ге тең.

Географиялық координаталар дегеніміз ...

Географиялық бойлықтар ... бөлінеді.

Географиялық ендіктер ... бөлінеді.

Алматы қаласының географиялық координаталары ...

Сөздік

Терминдермен жұмыс

Теминдерді оқыңыз.

Өзара түсіндіріңіз.

Масштаб және оның түрлері

МАСШТАБ дегеніміз - пландағы, картадағы сызықтың өзіне сәйкес жер бетіндегі ұзындығының горизонталь проекциясына қатынасы.

Түрлері:

Сандық масштаб 1: 100 000

Атаулы масштаб 1 см - 1 км

Сызықтық масштаб

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КООРДИНАТАЛАР - Жер шарының бетіндегі кез келген нүктенің орны оның географиялық координаталары арқылы белгіленеді (латынша ко – бірге, ординатус – реттелген). Географиялық координаталар ендік пен бойлықтан тұрады

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БОЙЛЫҚ деп - Жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығын айтады.

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕНДІК деп - нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығын айтады. Ендік экватордан полюстерге қарай 0° пен 90° аралығында есептелінеді. Экватордан солтүстік полюске дейін солтүстік ендік (с.е.), оңтүстік полюске дейін оңтүстік ендік (о.е.) деп аталады.

Нөлдік меридиан

Меридиандар

Параллельдер

Солтүстік ендік

Батыс бойлық

Оңтүстік ендік

Шығыс бойлық

Берілген нысандардың географиялық координаталарын анықта

Бізге географиялық координаталарды анықтаға көмектес:

Астана _____________________________

Мехико_____________________________

Канберра____________________________

Пекин_______________________________

Рейкьявик____________________________

Атлас пен сызғышты пайдалана отырып, берілген қалалардың арақашықтығын масштабты пайдалана отырып анықта.

Астана

Пекин

Жаңа тақырыпты есте сақта!

Өзің тұратын қаланың немесе облыс орталығының географиялық координаталарын анықта.

Өзің тұратын қаладан немесе облыс орталығынан елордамыз Астанаға дейінгі арақашықты масштабты пайдалана отырып, есептеп шығар.

Рефлексия «Поезд»

Топпен жұмыс

Географиялық

координаталарды

анықтау

Арақашықтықты

есептеу

Уақытты

анықтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу