Жер бетін бейнелеу тәсілдері. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация.
Еске түсірейік!
Жергілікті жердің планы дегеніміз не?
Планда қандай шартты белгілер бар?
Планда қандай нысандар бейнеленген?
Планның масштабы қандай?
Жергілікті жердің планын оқу
1 және 2 топ
3 және 4 топ
Жер бетін бейнелеу тәсілдері
Сабақ тақырыбы:
Сұрақтарға жауап берейік
-Картадағы нысандардың мекен-жайы неден тұрады?
-Ашық теңізде апатқа ұшыраған кемені қалай тез тауып алуға болады?
Сабақ мақсаты:
Масштаб ұғымын және оның түрлерін білу;
Масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу;
Географиялық координаталар, географиялық ендік және бойлық ұғымдарын білу;
Географиялық координаталарды анықтау.
Бағалау критерийлері:
1. Масштаб ұғымын және оның түрлерін біледі;
2. Масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептей алады;
3.Географиялық координаталар, географиялық ендік, географиялық бойлық ұғымдарын біледі;
4.Карта бойынша нысандардың географиялық координаталарын анықтай алады.
Пәндік лексика және терминология:
Масштаб, масштаб түрлері (атаулы, сандық, сызықтық), градус торы, географиялық координаталар, экватор, меридиан, географиялық ендік, географиялық бойлық.
Айтылымға қажетті сөз тіркестері:
Масштаб дегеніміз ...
... қалаларының арақашықтығы ... км-ге тең.
Географиялық координаталар дегеніміз ...
Географиялық бойлықтар ... бөлінеді.
Географиялық ендіктер ... бөлінеді.
Алматы қаласының географиялық координаталары ...
Сөздік
Мәтінмен жұмыс
Сынып қабырғасында ілініп тұрған сұрақтарға жауап іздеу.
Масштаб және оның түрлері
МАСШТАБ дегеніміз - пландағы, картадағы сызықтың өзіне сәйкес жер бетіндегі ұзындығының горизонталь проекциясына қатынасы.
Түрлері:
Сандық масштаб 1: 100 000
Атаулы масштаб 1 см - 1 км
Сызықтық масштаб
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КООРДИНАТАЛАР - Жер шарының бетіндегі кез келген нүктенің орны оның географиялық координаталары арқылы белгіленеді (латынша ко – бірге, ординатус – реттелген). Географиялық координаталар ендік пен бойлықтан тұрады
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БОЙЛЫҚ деп - Жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығын айтады.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕНДІК деп - нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығын айтады. Ендік экватордан полюстерге қарай 0° пен 90° аралығында есептелінеді. Экватордан солтүстік полюске дейін солтүстік ендік (с.е.), оңтүстік полюске дейін оңтүстік ендік (о.е.) деп аталады.
Нөлдік меридиан
Меридиандар
Параллельдер
Солтүстік ендік
Батыс бойлық
Оңтүстік ендік
Шығыс бойлық
Әлемнің жаңа жеті кереметі
Географиялық координаталар арқылы олардың қай елде орналасқанын анықта
41 с.е., 12 ш.б.
Колизей
Ұлы Қытай қорғаны
39 с.е., 116 ш.б.
Мачу-Пикчу
12 о.е., 77 б.б.
Петра
31 с.е., 35 ш.б.
28 с.е., 77 ш.б.
Тадж-Махал
Чечен-Ица
19 с.е., 99 б.б.
Әулие Христос
22 о.е., 43 б.б.
Рухани жаңғыру: Қазақстанның киелі географиясы
Масштабты пайдаланып, Алматы мен берілген қалалардың арақашықтығын есепте
Алматы
Рим
Нью-Дели
Арақашықтық ?
Жаңа тақырыпты есте сақта!
Өзің тұратын қаланың немесе облыс орталығының географиялық координаталарын анықта.
Өзің тұратын қаладан немесе облыс орталығынан елордамыз Астанаға дейінгі арақашықты масштабты пайдалана отырып, есептеп шығар.
Рефлексия «Үш сәт»
Сабақта өз әрекетіңнің жақсы болған үш сәтін ата.
Келесі сабақта өз әрекетіңді жақсартатын бір ұсыныс жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?