Жер бетін бейнелеу тәсілдері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

2. Ғалам. Жер. Адам

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жер бетін бейнелеу тәсілдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.5.3 масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу

6.2.5.4 географиялық координаталарды анықтау

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • Масштаб ұғымын және оның түрлерін білу;
  • Масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу;
  • Географиялық координаталар, географиялық ендік және бойлық ұғымдарын білу;
  • Географиялық координаталарды анықтау.

 Бағалау критерийлері:

1. Масштаб ұғымын және оның түрлерін біледі;

2. Масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептей алады;

3.Географиялық координаталар, географиялық ендік, географиялық бойлық ұғымдарын біледі;

4.Карта бойынша нысандардың географиялық координаталарын анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар масштабты пайдаланып, арақашықты есептеу жолын ауызша түсіндіреді. Карта бойынша географиялық координаталарды анықтау жолын ауызша түсіндіреді. Тақырыпқа байланысты терминдерді ауызша түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология:

Масштаб, масштаб түрлері (атаулы, сандық, сызықтық), градус торы, географиялық координаталар, экватор, меридиан, географиялық ендік, географиялық бойлық.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Масштаб дегеніміз ...

... қалаларының арақашықтығы ... км-ге тең.

Географиялық координаталар дегеніміз ...

Географиялық бойлықтар ... бөлінеді.

Географиялық ендіктер ... бөлінеді.

Алматы қаласының географиялық координаталары ...

 Құндылықтарды дарыту

 

Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты дарытуға бағытталған.

Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Масштабты пайдаланып, арақашықтық есептеу барысында, карта бойынша нысандардың географиялық координаталарын, уақытты анықтау барысында математика пәнімен байланыс орнатылады.

Бастапқы білім

Оқушылар 5 – ші сыныпта жергілікті жердің қарапайым планын сызды.

Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында жергілікті жерлердің қарапайым планын оқу арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-7

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтар «5.2.5.3

бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау (көз мөлшермен түсіру, полярлық түсіру, бағдарлық түсіру)», «5.2.5.4

рәсімдеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым жоспарларын сызу» атты оқу мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді.

Оқушылар мұғалім ұсынған жергілікті жердің пландарын оқиды.

Дескрипторлар

Оқушы

-Планда бейнеленген шартты белгілерді анықтайды;

-Шартты белгілердің көмегімен пландағы нысандарды анықтайды;

-Масштабын анықтайды;

-Пландағы масштаб бойынша түсіндірме жұмысын жүргізеді.

Топтар жауаптарын сыныпқа ұсынады. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді.

2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға әр адамның мекен – жайы (көшесі, үйдің, пәтердің нөмірі) болатыны туралы айтады. Сол сияқты картадағы кез-келген нысанның да өз мекен-жайы болатынын айтып, төмендегі сұрақтарды қояды:

-Картадағы нысандардың мекен-жайы неден тұрады?

-Ашық теңізде апатқа ұшыраған кемені қалай тез тауып алуға болады?

3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.

  • Масштаб ұғымын және оның түрлерін білу;
  • Масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу;
  • Географиялық координаталар, географиялық ендік және бойлық ұғымдарын білу;
  • Географиялық координаталарды анықтау.

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

7-15

15-25

25-30

30-37

4. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтін бойынша сыныптың қабырғасына ілінген сұрақтарға жауап іздейді.

Сұрақтар тізбегі:

1.Масштаб дегеніміз не?

2.Масштабтың қандай түрлері бар? Атаулы, сандық, сызықтық масштабтар қалай бейнеленеді?

3.Географиялық координаталар дегеніміз не?

4.Экватор және меридиан дегеніміз қандай сызықтар?

5.Географиялық бойлық дегеніміз не?

6.Географиялық ендік дегеніміз не?

Дескрипторлар

Оқушы

Масштабты түсіндіреді;

Оның түрлерін түсіндіреді;

Географиялық координаталар, ендік, бойлықты түсіндіреді.

Мұғалім формативті бағалау жүргізеді және кері байланыс ұсынады.

5. Географиялық координаталарды анықтау.

Оқушылар әлемнің жаңа жеті кереметімен танысады. Содан кейін берілген географиялық координаталардың көмегімен олардың орналасқан елдерін анықтайды.

1 және 2 топтар Әулие Христостың, Мачу-Пикчунің, Колизейдің орналасқан елдерін берілген географиялық координаталардың көмегімен анықтайды.

3 және 4 топтар Тадж-Махалдың, Чечен-Ицаның, Петраның орналасқан елдерін берілген географиялық координаталардың көмегімен анықтайды.

Дескрипторлар

Оқушы

Географиялық координаталар арқылы әлемнің жеті кереметі орналасқан елдерді анықтайды.

Топтар өзара тексеру және өзара бағалау жүргізеді. 1 мен 3 топтар, 2 мен 4 топтар өзара тексеру және өзара бағалау жұмыстарын жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді.

6.Масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу.

Оқушылар Алматы қаласымен жеті керемет орналасқан елдердің астаналары арасындағы арақашықтықты масшабты пайдаланып, есептейді. Осы жерде Алматы облысының және жалпы Қазақстан бойынша киелі география тізіміне кірген нысандарды айта кету керек.

Алматы облысының киелі географиясының тізімі:

Көлсай көлдері, Алакөл көлі, Шарын шатқалы, Таңбалы тас және т.б.

Оқушылар масштабты пайдаланып, Алматы қаласы мен Дели, Рим қалаларының арасындағы арақашықтықты анықтайды.

1 және 2 топтар Алматыдан Римге дейінге арақашықтықты есептейді.

3 және 4 топтар Алматыдан Нью-Делиге дейінгі арақашықтықты есептейді.

Дескрипторлар

Оқушы

Масштабты пайдаланып, Алматыдан Нью-Делиге, Римге дейінгі арақашықтықты есептейді.

Топтар өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді.

7. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты тапсырманы орындайды. Оқушылар өздері тұратын қаланың географиялық координаталарын анықтап, сол қаладан Астанаға дейінгі арақашықтықты масштабты пайдалана отырып, есептейді. Мұғалім тексеріп, оқушыларға кері байланыс береді.

Қосымша 2

Сабақтың соңы:

37-40

8. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Оқушылар рефлексияны «Үш сәт» әдісі бойынша жүргізеді. Оқушылар сабақ барысында өз әрекеттерінің жақсы болған үш сәтін атайды және келесі сабақта олардың әрекетін жақсартатын тағы бір әрекет ұсынулары қажет. Бұл рефлексияны барлық оқушылар жазбаша орындайды. Бірнеше оқушы өз жауаптарын сыныпқа оқиды.

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, қосымша күрделендірілген тапсырма орындайды.

«5.2.5.3 бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау (көз мөлшермен түсіру, полярлық түсіру, бағдарлық түсіру)», «5.2.5.4 рәсімдеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым жоспарларын сызу» оқу мақсаттары бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Картамен жұмыс жасау арқылы картамен жұмыс жасау дағдыларын бағалау.

Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Қосымша 1

Жергілікті жердің пландары

Қосымша 2

Мәтін «Масштаб және оның түрлері»

 Масштаб дегеніміз (немісше «mass» - өлшем, «tab» - таяқ, яғни өлшейтін таяқ ұғымын білдіреді) - пландағы, картадағы сызықтың өзіне сәйкес жер бетіндегі ұзындығының горизонталь проекциясына қатынасы. Ол картографияда картадағы қашықтықтың қанша рет кішірейтілгенін көрсетеді. Бұл түсінік математикада, картографияда, геодезияда, жоспарлауда жиі қолданылады. Масштабтың 3 түрі бар: сандық, атаулы, сызықтық. Сандық масштаб бөлшек түрінде беріледі. Мысалы: 1: 100 000. Атаулы масштаб 1 см – де – 1 км деп беріледі. Сызықтық масштаб – графикалық масштаб. Ол сызғыш түрінде беріледі. Төменде сызықтық масштабтың суреті мысал ретінде берілген.

Ақпарат көзі: https://www.syl.ru/article/196171/new_chto-takoe-masshtab-vidyi-masshtabov#image855129

Мәтін «Географиялық координаталар»

 Географиялық координаталар - Жер шарының бетіндегі кез келген нүктенің орны оның географиялық координаталары арқылы белгіленеді (латынша ко – бірге, ординатус – реттелген). Географиялық координаталар ендік пен бойлықтан тұрады. Географиялық бойлық - Жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығын айтады. Бойлық бастапқы меридианнан батысқа қарай 0° пен 180° аралығында және шығысқа қарай 0° пен 180° аралығында өлшенеді. Бастапқы меридианнан батысқа қарай батыс бойлық (б.б.) және шығысқа қарай шығыс бойлық (ш.б.) болады. Географиялық ендік - нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығын айтады. Ендік экватордан полюстерге қарай 0° пен 90° аралығында есептелінеді. Экватордан солтүстік полюске дейін солтүстік ендік (с.е.), оңтүстік полюске дейін оңтүстік ендік (о.е.) деп аталады.

Ақпарат көзі: Бейсенова Ә., Карпеков Қ. «Қазақстанның физикалық географиясы» 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2012. – 272 бет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу