Жердегі тіршілік ету жағдайлары. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 2. Ғалам. Жер. Адам | Мектеп: | ||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жердегі тіршілік ету жағдайлары | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.4.2 адамның Жерде тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын бағалау | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| ||||||||||||
Бағалау критерийлері: | 1.Адамның Жерде тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын біледі; 2.Адамның Жерде тіршілік етуінің қазіргі жағдайларына баға бере алады; | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Адамның Жерде тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын ауызша түсіндіріп, бағалайды. Пәндік лексика және терминология: Атмосфера, ғаламшар, Жер орбитасы, гидросфера, литосфера, биосфера, ғаламдық жылыну, экология, ластану. Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Адамның Жерде тірішілік етуінің қазіргі жағдайларына ... Адам ... жағдайда тіршілік ете алады. Адам үшін қажет ... | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, құндылықтарын дарытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Адамның тіршілік үшін қажетті қазіргі жағдайларын бағалау барысында биологиямен байланыс орнатылады. | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта тіршіліктің үшін қажетті жағдайларды анықтады. Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында тіршілік ету үшін қажетті жағдайларды анықтау арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 0-7 7-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтар «5.2.4.2 тіршілік ету үшін қажетті жағдайларын анықтау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушылар «Жердегі тіршілік үшін қандай жағдайлар қажет?» атты тақырыпта постер жасайды.
Топтар ойларын ортаға салады. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді. 2. Ой шақыру. Суретпен жұмыс. Мұғалім оқушыларға сурет бойынша сұрақ қояды: -Адамның Жерде тіршілік етуіңің қазіргі жағдайлары туралы не білесіздер? 3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
| А3 қағаз Маркерлер Магниттер | |||||||||||
Сабақтың ортасы 10-15 15-20 20-30 30-35 | 4. Мұғалімнің түсіндірме жұмыс: Тіршілік жағдайлары — бұл адамның өмір сүру жағдайлары: – материалдық жағдайлары; – саяси жағдайлары; – адамгершілік және мәдени жағдайлар; – экологиялық жағдайлар. 5. Тірек сызба толтыру. Оқушылар адамның тіршілік етуінің қазіргі жағдайлары бойынша тірек сызба толтырады.
Оқушылар өзара бағалау жүргізіп, кері байланыс береді.. 6. «Автобустық аялдама» әдісі. Оқушылар автобустық аялдамаларға барып тапсырмаларды орындайды. №1 аялдама – Адамның өмір сүруінің материалдық жағдайларын бағалау; №2 аялдама – Адамның өмір сүруінің саяси жағдайларын бағалау; №3 аялдама – Адамның өмір сүруінің адамгершілік, мәдени жағдайларын бағалау; №4 аялдама – Адамның өмір сүруінің экологиялық жағдайларын бағалау. Мұғалім формативті бағалау жүргізеді және кері байланыс береді.
Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға қарағанда көп аргументтер келтірулері қажет.Мұғалім формативті бағалау жүргізіп, кері байланыс береді. 7. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар «Адамның тіршілік етуінің қазіргі жағдайлары» атты тақырыпта эссе жазады. Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға қарағанда көп аргументтер келтірулері қажет.
Мұғалім кері байланыс ұсынады. | ||||||||||||
Сабақтың соңы: 35-40 | 8. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Сөйлемді аяқтаңыз: -Мен сабақ мақсатына жеттім, себебі ... -Маған сабақ мақсатына жету қиын болды, себебі | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Сабақты бекіту кезеңінде мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады. | 5.2.4.2 тіршілік ету үшін қажетті жағдайларын анықтау оқу мақсаты бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыстар арқылы талдау, баға беру дағдылары бағаланады. | Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?