Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақтың басында білімді актуализациялау үшін мұғалім сұрақ қояды: «5 сныпта өтілген материалдар бойынша Жер қандай қабықтардан тұрады? Олардың құрылысын еске түсірейк». Оқушыларды топтарға біріктіру: атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера. (мүмкін оқушылардың өз еріктері немесе деңгейлеп алдын-ала дайындалған тізім немесе әліпби бойынша немесе өздерінің ұсыныстары бойынша т.б. бөлуге болады.

БББ кестесіндегі білетін ақпараттарын толтырылады.

Тапсырма: «Жер қабықтары бір-бірімен өте тығыз байланысты». Осы тұжырымды дәлелде. (Топтар арасындағы дифференциацияны мысалдарының нақтылығы, дәлдігі, тереңдігі, ұтымдылығы жөнінен аңғаруға болады.) (терминдер, мысалдар жазу, сурет салу) Топтық жұмыс барысында оқушыларға әртүрлі рөлдерді беруге болады: Топ мүшелері көшбасшы, таймкиппер, спикер, суретші-редактор және т.б. болып бір-бірін сайлайды Постерге критерийлерді оқушылармен бірлесе отырып құрастыруға болады: тақырыптың ашылуы, ұқыптылық, әсемділік, оқылымдылығы және т.б. Топтық жұмыс барысында бір топ эксперт рөлінде болады. Олар критерийлер бойынша топ жұмыстары мен жауаптарын бағалап, қорытынды жасайды. Сабақ барысында орындалға барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсыну қажет. Сабақты бекітуге арналған деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың қабілеттеріне байланысты ұсынылады.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Бірнеше оқушы сыныпқа өз жауабын оқиды. БББ кестесі толықтырылады.

 

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

Пайдалы сілтемелер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу