Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім 6.1В Ғалам. Жер. Адам.

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан оқушылардың саны:

Қатыспаған оқушылардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері

Оқу мақсаттары

6.2.3.1 Жер қабықтарының өзара байланыс тәсілдерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Жер қабықтарын (литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера) бір-бірінен ажыратады;

Жер қабықтарының өзара байланысына мысалдар келтіреді;

Жер қабықтарын тірек-сызабада графикалық түрде ұсынып, сипаттайды

Бағалау критерийлері

  • Жер қабықтарының құрамы мен құрылысына сипаттама береді
  • Табиғат компоненті мен кешендерін ажырата алады
  • Жер қабықтарының байланысын тірек-сызбада көрсетеді
  • Жер қабықтарының өзара байланысын нақты мысалдар арқылы түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Жер қабықтарын ажыратып, атай алады.

Жер қабықтарының құрамы мен құрылысын, өзара байланыстарын ауызша сипаттай алады.

Сұрақтарды ауызша/жазбаша құрастыра алады.

Пәндік лексика және терминология:

Литосфера , гидросфера, атмосфера, биосфера, жер қабығы/геосферасы, табиғат компоненттері, табиғат кешендері

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Жер қабықтарының құрамы .............................................

Өзара байланыста ...........құбылыстар...... мысалы.........

Менің ойымша......................................................................

Құндылықтарды дарыту

Сабақ коллаборативті ортаны қалыптастыру және жауапкершілік пен патриотизмді дамытуға бағытталған.

Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдауға, қорытынды жасауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, информатика - Жер қабықтарының өзара байланыстарын схема түрінде көрсеткенде.

Алдыңғы білім

5-сыныпта оқушылар Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктерін сипаттаған. 5.2.3.1 Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау оқу мақсаты бойынша.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-7

7-10

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жағымды көңіл-күй орнату. Оқушыларды 4 топқа біріктіру.

(мүмкін оқушылардың өз еріктері немесе деңгейлеп алдын-ала дайындалған тізім немесе әліпби бойынша немесе өздерінің ұсыныстары бойынша т.б. бөлуге болады. Топ мүшелері көшбасшы, таймкиппер, спикер, суретші-редактор болып бір-бірін сайлайды)

Суреттерді көрсету арқылы тақырыпқа шығу.

2. Ой қозғау:

Суреттер жайлы қандай пікір бар?

- бүгін сабақ не туралы болады?

- қандай тақырыпты өтеміз?

3. Мақсатты тұжырымдау

Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру.

(Тақтада жазылады немесе карточкаларда жазылу)

(БББ кестесіндегі Білетін ақпараттарын толтыру)

Тақта, маркерлер, карточкалар

Презентация,

1 слайд

Презентация,

2-3 слайдтар

Сабақтың ортасы

10-15

16-20

21-29

30-32

33-37

4. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Бейнематериалмен жұмыс: Оқушыларға бейнематериал көрсетпес бұрын сұрақтар легі ұсынылады:

  • Табиғат компоненттеріне мысал келтір.
  • Табиғат кешені дегеніміз не?
  • Географиялық қабық құрамына нелер кіреді?
  • Неге географиялық қабық құрамына литосфера мен атмосфера толығымен кірмейді?

Географиялық қабық дегеніміз - Жердің сыртқы қоршаған қабығы, оның құрамына – литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера кіреді. Бұл біздің планетамыздың қиын және күрделі жүйелерінің бірі. Географиялық қабық құрамына гидросфера және биосфера толығымен, атмосфераның төменгі, литосфераның жоғарғы қабаты кіреді.

5. Білімді бекіту

Жеке жұмыс. Кестедегі сәйкестікті анықта.

Географилық нысандарды орналастыру

Атмосфера қабаты

Биосфера қабаты

Литосфера қабаты

Гидросфера қабаты

Тропосфера, Жерорта теңізі, Ядро, Флора, Озон, Мантия, Тынық мұхиты, Фауна

Терминдерге анықтама бер

Бағалау. Презентацияда дұрыс нұсқасы шығады, сол нұсқамен өз-өздерін тексереді, ал, анықтаманы ауызша бір-біріне айтып беру арқылы дұрыс/бұрыстығын тексереді. Қажеттілік туындаса, мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады. Кері байланыс береді.

Топтық жұмыс. «Жер қабықтары бір-бірімен өте тығыз байланысты». Осы тұжырымды дәлелде. (Топтар арасындағы дифференциацияны мысалдарының нақтылығы, дәлдігі, тереңдігі, ұтымдылығы жөнінен аңғаруға болады.)

(терминдер, мысалдар жазу, сурет салу)

Бағалау. Әр топтан таныстырылым жасап, қалған топтар бағалап, таныстырылым соңында ұсыныстарын айтып отырады.

Дескрипторлар:

  • Жер қабықтарын (литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера) бір-бірінен ажыратады;
  • Жер қабықтарының өзара байланысына мысалдар келтіреді;
  • Жер қабықтарын тірек-сызабада графикалық түрде ұсынып, сипаттайды

Қажеттілік туындаса, мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады. Кері байланыс береді.

  • Дене шынықтыру минутасы.

Мұғалім Жер қабықтарын дауыстап айтады, ал оқушылар: «Атмосфера – орнынан тұру, Литосфера - отыру, Гидросфера – 1 қадам алдыға жүру, Биосфера- 1 қадам артқа жүру»

Жұптық жұмыс. Суреттегі табиғат кешенінің бір компонентін өзгерту барысында қандай өзгеріс болатындығына мини сценарий құрастыр.

Бағалау:

* мұғалімнің бақылауы мен комментарийлері;

* дескрипторлар бойынша өзара бағалау;

* мұғалімнің кері байланысы;

Дескрипторлар:

  • Табиғат компоненттерінің өзгеруі барысында табиғат кешенінде болатын өзгерістерді саипаттайды
  • Табиғат кешендерінде болатын өзгерістерге нақты мысал келтіреді
  • Жер қабықтарының өзара байланысы туралы қорытынды жасайды

Мұғалім кері байланыс береді, қажеттілік туындаған кезде оқушылардың жауаптарын толықтырады.

https://youtu.be/B5YhpIQyIek

Қосымша 1

Презентация

5 слайд

Қосымша 2

Презентация

6-слайд

Қосымша 3

Презентация

7-8 слайдтар

Постер, маркерлер, А4

Қосымша 4

Презентация,

9-слайд

Презентация,

10-слайд

Қосымша 5

Презентация,

8-слайд

Сабақтың соңы

38-40

Қорытындылау: бүгін қандай ақпараттармен танысты, қандай маңызды ой-тұжырымдама жасады.

  • Рефлексия

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Үй тапсырмасы: “Менің ғаламшарымдағы өзгерістер” тақырыбына эссе жазу (80 сөзге дейін)

Презентация,

12-слайд

Рефлексияны жазбаша болады.

Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз дарынды оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Төмен қабілетті

Орташа қабілетті оқушылар

Жоғары қабілетті оқушылар.

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай ұйымдастырасыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қолдау көрсету:

Сіз оқушыға қолдау көрсету үшін дұрыс жауап немесе негізгі ойды білдіретін тірек сөздер бере аласыздар

Тақтаға да тірек сөздер мен сабақта өтілетін терминдер жазып қойсаңыз, көмек қажет оқушыға жеңіл болады.

Қалыптастырушы бағалауды кезеңдерде өткізуге мүмкіндіктер бар:

  • Жауабы дәлелді болса.
  • Сызба сала алса.

Ауызша/жазбаша жауаптары толық болса.

  • Топтық және жұптық тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау және Дене шынықтыру минутасы.

Мұғалім Жер қабықтарын дауыстап айтады, ал оқушылар: «Атмосфера – орнынан тұру, Литосфера - отыру, Гидросфера – 1 қадам алдыға жүру, Биосфера- 1 қадам артқа жүру»

Қосымша 1

  • Табиғат компоненттеріне мысал келтір.
  • Табиғат кешені дегеніміз не?
  • Географиялық қабық құрамына нелер кіреді?
  • Неге географиялық қабық құрамына литосфера мен атмосфера толығымен кірмейді?

Қосымша 2

Географиялық қабық дегеніміз Жердің сыртқы қоршаған қабығы, оның құрамына – литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера кіреді. Бұл біздің планетамыздың қиын және күрделі жүйелерінің бірі. Географиялық қабық құрамына гидросфера және биосфера толығымен, атмосфераның төменгі, литосфераның жоғарғы қабаты кіреді. Географиялық өзінің даму барысында 3 кезеңнен өтті:

  • Неорганикалық-алғашқы мұхит, литосфера және атмосфераның пайда болуы, Жердегі тіршілік пайда болғанға дейінгі уақыт;
  • Органикалық – Жер геосферасының қалыптасып, биосфераның қалыптасу және даму кезеңі;
  • Антропогендік – географиялық қабықтың қазіргі даму кезеңі, яғни адамзаттың пайда болуы.

Қосымша 3

Жеке жұмыс. Кестедегі сәйкестікті анықтаңыздар.

Географилық нысандарды орналастыру

Атмосфера қабаты

Биосфера қабаты

Литосфера қабаты

Гидросфера қабаты

Тропосфера, Жерорта теңізі, Ядро, Флора, Озон, Мантия, Тынық мұхиты, Фауна

Терминдерге анықтама берініңіз

Қосымша 4

Топтық жұмыс. «Жер қабықтары бір-бірімен өте тығыз байланысты» . Осы тұжырымды дәлелде. (терминдер, мысалдар жазу, сурет салу.)

Қосымша 5



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу